Педагогика тарихы


В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистік педагогикалық идеялары



бет61/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистік педагогикалық идеялары. В.А.Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Украинадағы Павлыш селосының жанындағы Кременчуг деген жердегі шаруа отбасында дүниеге келді. Рабфакты бітіргеннен кейін Полтавадағы педагогика институтына түсіп, оның күндізгі бөлімінде біраз уақыт оқығаннан кейін, сырттай оқу бөліміне ауысып, өзінің туған жеріне жақын маңдағы мектепте қызмет етті. Он жеті жасында бастауыш сыныптың мұғалімі болып қызмет атқарды. 1939 жылы украин тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша институт бітірді.
1947 жылы соғыстан оралып, Павлыш орта селолық мектебінің директоры қызметін атқарды.
Василий Александрович Сухомлинский 33 жыл бойы өмірінің соңына дейін Павлыш мектебінде директорлық қызмет атқарған жылдарын “ең үлкен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін бақыт” деп жазды.
1958 жылы В.А.Сухомлинский кандидаттық диссертация қорғап, директорлық қызметін сол Павлыш мектебінде жалғастыра берді. 1968 жылы КСРО Педагогикалық академиясы оны өзіне ғылым корреспондент мүшесі етіп сайлады. Ол педагогикаға саласына арналған 38 кітап жазып шығарып, бірнеше басылмаған еңбектердің қолжазбасын даярлады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектері әлемдегі халықтардың 40 тіліне аударылды. Ол - тәрбиенің теориясы мен тәжірибесіне, дидактика мен мектептануға зор үлес қосқан белгілі ұстаз.
Ол тәжірибе мен теорияны ұштастырған талантты педагог болды, өмір бойы селолық мектепте ұстаздық қызмет етті. Оның қызметіндегі ең маңызды нәрсе - педагогтың өз кәсібіне шығармашылықпен қарауы әлеуметтік мәні зор мәселе болды. “Жас мектеп директорымен әңгіме” атты еңбегінде В.А.Сухомлинский былай деп жазады: “Егер сіз мұғалімнің еңбегі оған қуаныш әкелсін десеңіз, онда оны күнделікті бірқалыпты қызықсыз іс-әрекеттен бас тартқызып, әр мұғалімді ізденіс жолына түсіріңіз”. Тәрбиеші жұмысының нәтижелі болуы үшін ол әр баланың жан дүниесі мен ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын ұйымдастыру арқылы іске асыра алуы керектігін көрсетті.
В.А.Сухомлинскийдің басты назары жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру болды. Ол тәрбие үрдісінде ұжымды қалыптастыру теориясын жетілдіріп, ұжымдағы жеке оқушымен жұмыс жасау әдістемесін жасады.
Ол “Оқушылардың ұжымдық тәрбиесі” (1956) атты еңбегінде: “Балалар ұжымы – ортақ мұратты көздеген, зияттық-эмоциональдық жағынан ұйымдасқан қауым. Ұжымның бай рухани өмірін қалыптастыру өте күрделі. Ол әр оқушының рухани өмірін қалыптастырып, ұжымдық рухани байлыққа айналып, одан жеке оқушыға әсер етіп, үнемі бір-бірінің дамуына өзара ықпал жасайтын терең байланыстар орнатады,” - деп көрсетеді.
В.А.Сухомлинский педагогикаға “ұжымның рухани өмірі”, “сыныптың зияттық (интеллектуалдық) қалпы” тәрізді жаңа түсініктерді енгізді. Оқушылардың түрлі қызығушылықтары мен жұмыла атқарған істері, рухани игіліктері, білімі, біліктері біріне-бірі ықпал етіп, ұжым мүшелерінің зияттық деңгейін дамытады, білуге деген құштарлығын оятып, шығармашылық ізденіске түсіріп, ұжымдық іс-әрекетке үйретеді. Ол – халық дәстүрі мен фольклорының, табиғаттың тәрбиелік ықпалын терең зерттеп, педагогикада өзіндік қолтаңбасын қалдырған педагог.
В.А. Сухомлинский “Балаларға жүрек жылуы” (1969) атты еңбегінде тәрбиеші қызметінің нәтижелі болуы - балаларды жан-жақты дамытуға, олардың рухани өмірі мен әр баланың даму ерекшелігін терең білуге байланысты екенін көрсетті. Оның жоғары азаматтық парыз бен мораль туралы ойлары «Балаларға жүрек жылуы (1969), “Азаматтың қалыптасуы” (1971), “Ұлыма хат” атты еңбектерінде жалғасын тауып, жастарды тәрбиелеуге арналды.
В.А.Сухомлинский өмірінің соңғы жылдары оның педагогикалық идеяларында «тапсыздық тәрбие” насихатталды деген желеумен орталық баспасөз бетінде коммунистік партияның қатаң сынына ұшырады.
В.А.Сухомлинскийдің өзін үнемі аяаусыз жұмысқа жегуі, негізсіз сынға ұшырауы, бұрынғы жарақатының асқынуы, 1970 жылы оның өмірінің ерте үзілуіне әкеліп соқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет