Педагогика


БІЛІМ - ТӘРБИЕ ЖұМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ



бет108/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

12. 3. БІЛІМ - ТӘРБИЕ ЖұМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Мектепке дейінгі ұйымда білім-тәрбие жұмысын жоспарлау екі
нысанда жүзеге асырылады:
a) балалар бақшасының жылдық жоспары;
б) тәрбиеші жұмысының 6-12 күнге арналған күнтізбектік жоспары.
Жылдық жоспардағы білім-тәрбие жұмысының мазмұны
ерекше маңызға ие. Жылдық жоспарда балалармен жұмыс, әкімшілік-
шаруашылық қызмет, кадрлармен жұмыс т. б. жоспарланады.
Өткен жыл қорытындысын талдау негізінде білім-тәрбие міндеттері
белгіленеді. Мұнда тәрбиешілердің тәжірибесі мен мамандығы, балалар құрамының ерекшеліктері ескеріледі: біраз әлсіреген балалар болса,
сауықтыру жұмысы жоспарланады; ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесі
міндеттерін шешуге, балалардың тілін дамытуға т. б. ерекше назар
Тәрбиелеу мен оқыту бойынша балалар бақшасындағы бар
тәжірибені қорыту да жылдық жоспарда көрсетіледі.
Мектепке дейінгі ұйым қызметіндегі басқа білімдер де
жоспарланады: әдістемелік жұмыстың мазмұны мен нысандары,
педагогикалық кеңестің, кеңес берулердің тақырыптары, жабдықтарды
толықтыру шаралары т. б. белгіленеді, ата-аналармен жүрізілетін
җұмыстың мазмұны айқындалады.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі әдіскермен және дәрігермен
бірлесе отырып жасаған жылдық жоспарды педагогикалық кеңес пен
мекеме қызметкерлерінің жалпы жиналысы бекітеді.
Күнтізбектік жоспар 6-12 күнге жасалып, онда мектепке дейінгі
ұйым бағдарламасының жалпы талылдық жоспарда
белгіленген міндеттер нақтыланады. Таңертеңгілік асқа дейін 10-12 күнге
жасалған кешен бойынша гигиеналық сергіту балаларда мәдени-
гигиеналық және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын дамыту, балалармен
тіл дамыту, математикалық ұғымдар қалыптастыру бойынша жеке сабақ
өткізу, жаңа дидактикалық ойындар үйрету, табиғат бұрышындағы
еңбекке басшылық, кезекшілердің жұмысын ұйымдастыру, ата-
аналармен қысқаша әңгімелер өткізу жоспарланады.
Сабақтардың қандай топта қай кезде өтҡізілетіні жоспарланады.
Екі немесе үш сабақ өтетін топтардағы сабақтардың ұштасуын
ойластыру қажет. Ақыл-ойға салмақ түсіретін тіл дамыту, ана тілі,
қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру т. б. сабақтар бірінші
өткізіледі, оларды дене шынықтыру, музыка сияқты қимылды қажет
Тәрбиеші сабақтарды жоспарлауда әуелі олардың білім беру,
дамыту, тәрбиелеу міндеттерін белгілеуі тиіс. Бұл міндеттер нақты
көрсетілсе, оларды сабақ барысында жүзеге асыру оңай болады.
Жоспарда сабақтың құрылымы, барысы көрсетіледі. Бақылау
тәсілімен өткізілетін табиғат бұрышының жаңа тұрғынын бақылау
бойынша табиғатпен таныстыру сабағының құрылымын жоспарлау
мынадай:
a) жануардың сыртқы пішінін және мінезін бақылау арқылы білім
қалыптастыру;
б) табиғат бұрышындағы басқа тұрғындармен салыстыру,
айырмашылықтарын анықтау;
b) табиғат бұрышының жаңа тұрғынын күту тәсілдерімен
таныстырып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу,
Сабақтарға үлкен дайындық жұмысы қажет және ол жоспарда
көрсетіледі: бейнелеу әрекетін немесе әңгіме өткізу алдында арнайы бақылау жүргізу, материал мен жабдықтар дайындау, оған балаларды
қатыстыру.
Сондай-ақ жоспарда сабақтың негізгі әдістері мен тәсілдері, қажетті
материал көрсетіледі.
Күн тәртібі бойынша екі рет - күндіз және кешкі серуен
ұйымдастырылады. Серуен - балалардың дем алатын және олармен
тәрбие жұмысын жалғастыру кезі. Күндізгі серуен кезінде тәрбиеші
балардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Серуен
жоспары мынадай болуы мүмкін:
-балалардың қоғамдық өмір құбылыстары туралы білімдері мен
ұғымдарын кеңейту мақсатында бақылау жүргізу, табиғат
құбылыстарымен таныстыру;
- ауладағы еңбек;
- ұжымдық қимылды ойындар;
- қимылды дамыту, сабақтағы білімді жетілдіру, мәдени іс-шараға
дайындық мақсатында балалармен жеке жұмыстар жүргізу
- балалардың ез беттерінше әрекеттері.
Жыл мезгілдері мен ауа райына байланысты бақылау мен еңбек
мазмұны оқу сағатының белгілі бір уақытқа арналған жалпы жоспарымен
белгіленеді. Мұны қимылды дамыту бойынша жұмысты жоспарлауда
ескеру керек,
Балалардың өз беттерінше ойыны мен жаттығулары үшін
пайдаланылатын материалдар жоспарланады. Серуен жоспарына жаңа
тақырып ұсыну, ойын жөнінде әңгімелесу, шығармашылық ойындарына
басшылық жасау, балалардың ойындарына қатысу енгізіледі.
Күннің ІІ-жартысындағы серуен кезінде іс-әрекет түрлері
қысқартылады: аз және орташа қимылды ойындар жоспарланып, өз
бетінше ойнайтын ойындарға жағдай жасалады. Күннің батуын,
жұлдызды аспанды, табиғат құбылыстарын бақылау, жазда бақшадағы
және гүлзардағы өсімдіктерді күту еңбегі жоспарланады.
Кешкі уақытта балалардың түрлі ойындары, еңбегі, сауығы
жопарланады. Тәрбиеші балалардың шығармашылық ойындарына
басшылықты жоспарлайды: балалардың ойын таңдауына қатысу,
олардың назарын ойын материалдарын дайындауға бағыттау. Осы
уақытқа драмалық ойынды дайындау және өткізу, сәби топтарда - анда-
санда, естияр және ересек топтарда - аптасына бір рет балалар еңбегі:
әр түрлі бұрыштарды жинау, ойыншықтарды, кітаптарды жөндеу, т. б.
жоспарланады,
Қажетіне қарай кешкі уақытта бағдарламаның түрлі тараулары
бойынша балалармен жеке жұмыстар жоспарланады.
Түрлі жастағы балалармен жұмыстың күнтізбектік жоспары
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы талаптарға сәйкес
құрылады. жұмыс нысандарын жоспарлауда балалардың жас
ерекшелігіне, қиындығына қарай іс-әрекет мазмұны мен ұзақтығы
ескеріледі. Сурет сабағы бірінші болса, барлық жастағы балалар үшін жоспар ортақ болады, бірақ бағдарламалық міндеттер әр жасқа сәйкес түрліше көрсетіледі; балалар әр түрлі тапсырмалар орындайды. Сәби жастағыларда сабақ ерте аяқталады. Келесабақ тек ересек балалар
үшін ғана жоспарланады. Ол кезде сәбилермен өзбетінше ойын ұйымдастырылады
немесе олар тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен серуенге шығады.
Балалар еңбегінің мазмұны да әр түрлі болады. Еңбек тек ересек
немесе тек сөби топтағы балалар қатысатын етіп ұйымдастырылады. Ол
кезде басқа жастағы балалар өздігінен сабақ оқуға немесе ойнауға
ұйымдастырылады.
Серуендеп жүргенде бақылау жүргізу және қимылды ойындар
өткізу де шағын топтар бойынша бөлек жоспарланады.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбиеші біраз шарттарды сақтау
керек:
1) мектепке дейінгі ұйым бағдарламасының нақты жас тобымен
җүргізілетін жұмыс міндеттері мен мазмұнына қойылатын талаптарды
жақсы білуі;
2) мектепке дейінгі ұйым бағдарламасының аралас топтармен
жүргізілетін жұмыс міндеттері мен мазмұнына қоятын талаптарын жақсы
білуі.
Бұл балалар дамуын бағалауға, жүргізілетін жұмыстың нақты
міндеттері мен мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Меңгерілген
білімдер, іскерліктер, дағдылар бағдарлама талаптарына сәйкес болса,
тәрбие жұмысының бағытын анықтау, оның нақты мазмұнын жоспарлау
жеңіл.
Бағдарлама бойынша балалармен жүргізілетін жұмыстың
әдістемесін жақсы білу маңызды.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуды өмірмен байланыстыру үшін
педагогтың еңбек пен қоғамдық өмірдегі оқиғалар мен құбылыстардан
хабары болуы керек.
Табиғатпен, еңбекпен т. б. таныстыруды жоспарлауда мектепке
дейінгі ұйым айналасындағы табиғи орта, сол жерге тән жыл
мезгілдеріне байланысты өзгерістер, отбасындағы тәрбие жағдайлары
ескеріледі.
Жұмысты жоспарлау топ тәрбиешілерінің екеуін де қатыстыруды
қажет етеді. Бұл олардың жұмысындағы үйлесілімділікті, балаларға
бірдей қарап, бірдей талап қоюды қамтамасыз етеді, педагог жұмысын
жеңілдетеді, сапасын арттырады.
Жұмысты жоспарлаудан бұрын тәрбиешілер балалардың нені
қандай дәрежеде орындағанын, қалай меңгергенін, қандай әдістер мен
тәсілдердің тиімді болғанын талдап, алдағы жұмыстың мазмұны мен
әдістерін анықтап, мериалды қайталау немесе күрделендіруді
ойластырады. Тәрбиешілер кейбір жекелеген балалардың дамуы мен
тәрбиесіндегі жетістіктерді талқылап, оларға қажет жеке жұмыс жасауды
белгілейді.
Апталық сабақ кестесін, олардың бағдарламалық мазмұнын
анықтап алып жоспарлау барлық жабдықтарды, қосымша жайларды
тиімді пайдалануға кемектеседі.
Таңертеңгілік уақытты, күндізгі серуеннің мазмұнын, кешкі уақытқа
арналған да жоспарлаған жөн.
Ерте жас шағы топтарындағы тәрбие жұмысы; бірінші топта
жоспар бір айға, екінші топта 2-3 айға жасалып, күнделікті жоспармен
толықтырылады.
Дөрігер, меңгеруші, әдіскер тәрбиешілер қатысуымен
педагогикалық кеңес өткізіліп, онда әрбір баланың денсаулығы, дене
дамуы мен жүйке-психикалық дамуының көрсеткіштері талқыланып,
жұмыс жоспары жасалады, дамуы уақытша тежелген балаларға ерекше
назар аударылады. Кеңестегі мұндай талқылау негізінде әр топта
жүргізілетін жұмыс міндеттері, бағыттары белгіленіп, жоспарда
нақтыланады.
Екі жастағы топ үшін перспективті жоспар мынадай тәртіппен
жасалады:
1-бөлім - балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайту:
ететін педагогикалық міндеттер және оның мазмұны;
3-бөлім - балалардың өзбетінше әрежеттерін ұйымдастыру
мәселелері. Ата -аналармен жұмыс.
Ерте жас шағындағы бірінші топ жұмысын жоспарлауда
балалардың денсаулығын нығайтуға, дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді:
a) баланың күн тәртібін белгілеу (жаңа тәртіпке көшу);
(қалыптастыруға тиісті гигиеналық қажеттер мен әдеттер) көрсетү
б) шынықтырудың, уқалаудың сипаттамасы;
в) қимыл дамыту жұмыстарының міндеттері (еңбектеуге, отыруға,
түруға, жүруге т. б. үйрету).
Өмірдің бірінші жылында баланың жүйке-псикика жағынан қалыпты
дамуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалады:
қандай ойыншық беру, қалай орналастыру, ілу, қою, манежге
салып қою және т. б. дұрыс шешу; бірінші жылдың аяғына қарай баланың еденде ойнауы және елсенді қимылдауы үшін жағдай жасалады.
Бір жастағы баламен жұмысты жоспарлауда мыналарды ескеру
қажет:
a) көру және есту зейінін шоғырландыру, көру және есту түйсігін дамыту;
б) баланың затты ұстауы, заттарды аударыстыруы, мақсатты іс-әрекет жасауы т. б. заттық қимылын дамыту (осы мақсатқа ойыншықтар мен жабдықтар таңдау),
в) ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынаста жағымды эмоциялар қалыптастыру;
r) дауысқа және сөйлеуге көңіл бөлуін дамыту, сөйлеуді және жылдам сөйлеуді түсінуін қалыптастыру.
9-10 айдан бастап балалар шағын топ болып оқытылады. Күніне ұзақтығы 10 минуттан аспайтын 3-4 сабақ өткізіледі. Бірінші сабақ таңертең, күндізгі бірінші ұйқыға дейін өткізіледі: балаларға таныс ойыншықтарды көрсету, оларды іздеп табу, бұрап жүргізетін ойыншықты көрсету. Екінші және үшінші сабақтар екінші ұйқыдан кейін араға 45-50 минут салып өткізіледі: айналаны бағдарлауға, қимылын, заттық әрекеттерін дамытуға бағытталады; музыкалық сақтар әткізіледі. Төртінші сабақ кешкі мезгілде ойын-сауық түрінде жоспарланады.
Алғаш бір материал, содан соң басқа материал пайдаланылып, оку
сағаттары бірнеше рет қайталанып отырады. Ерте жас шағындағы екінші топ жұмысын жоспарлауда дене тәрбиесін беру, денсаулығын нығайту, жүйке-психикасын дамыту міндеттері мен жұмыс мазмұны ескеріледі.
Жүру, жүгіру, өрмелеу негізгі қимылдарын дамы-уды басты
назарда ұстай отырып, дене тәрбиесі бойынша жұмыс: таңертеңгі сергіту жаттығулары, қимыл дамыту бойынша арнаулы сабақтар, шынықтыру жаттығулары, мәдени-гигиеналық және өзбетінше жұмыс дағдыларын қалыптастыратын сабақтар жоспарланады.
Жуйке-психиканы дамыту жұмыстарын жоспарлауда мыналар ескеріледі:
a) айналадағыны бағдарлай білуді және сөйлеуді дамыту;
ә) заттармен әрекет жасауды дамыту;
б) айналасындағылармен қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру.
Жоспарға қосымша 1-1,5 айға арналған сабақ кестесі жасалады. Күні бойы өткізілетін оқу сағаттарының саны үшке қысқартылып, ұзақтығы артады.
Күнделікті жоспарда ата-аналармен жұмыс мазмұны да көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет