Педагогика



бет107/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

12. 2. жоспарлаудың мазмұны
Мектепке дейінгі ұйымның және жас ерекшелік топтарының
жұмысын жоспарлауда мектепке дейінгі ұйым бағдарламасы негізгі
алынады.
Оқытуды жоспарлаудың негізгі нысаны - сабақтар. Балаларды
айналамен таныстыру, қарапайым математикалық ұғымдар
қалыптастыру, т. б. әдістемелер бойынша сабақтарды жоспарлауда
балалардың даму дәрежесі ескеріледі. Мысалы, жыл мезгілдеріне
байланысты табиғат өзгерістерімен таныстыру бойынша сабақтар
қалалық немесе ауылдық жерде түрліше болады. Кез келген негізгі
қимыл түрлерінің бірін орындау тәсілдерін игеруге дене тәрбиесі
теориясы мен әдістемесінде 2-3 сағат бөлінеді.
Сабақтарды жоспарлауда меңгерудің негізгі кезеңдері ескеріледі,
материалды қайталау және оны бірте-бірте күрделендіру көзделеді.
Оқудың әрбір бөліміндегі сабақтар басқа бөлімдердегі сабақтармен
үйлестіріледі: айналамен, табиғатпен таныстыру сабақтарында тіл
дамытудың кейбір міндеттері шешіледі.
Оқыту ойын үстінде де, еңбек үстінде де жалғасын табады.
Таңертең және кешке балалармен қоршаған орта, табиғат туралы
білімдері мен түсініктерін жетілдіру мақсатында бақылаулар
жоспарланады. Бақылаулар балалардың бүкіл тобымен, шағын
топтармен немесе жекелеген балалармен жүргізіледі.
Балаларға білім беру дидактикалық ойындар, дидактикалық
материалдармен жаттығулар түрінде де жоспарлаланады.
Сонымен, жоспарға оқытудың мазмұны, оны ұйымдастыру
нысандары, негізгі әдістері мен тәсілдері енгізіледі.
Мінез-құлық пен мәдени-гигиеналық дағдылар тәрбиелеу
сабақтарда, күнделікті қарым-қатынаста, ойында, еңбекте т. б. жүзеге асырылатындықтан адамгершілік тәрбиесі өз алдына бөлім ретінде
жоспарланбайды. Дегенмен мінез-құлық дағдыларын: айналасындағы
адамдарға құрмет, қамқорлық көрсету, заттарға ұқыпты қарау, мәдени-
гигиеналық дағдылар қалыптастыру талап етіледі. Дағдылардың
көлемін, оларды қалыптастырудың бірізділігін, тәрбиеші пайдаланатын
төсілдерді нақтылау үшін мінез-құлық пен мәдени-гигиеналық дағдылар
тәрбиелеуді жоспарлау қажет. Мысалы, педагог жаңа келгендерді киіну
мен шешінудің ретін үйрету үшін «Қуыршақты киіндірейік» дидактикалық
ойынын ұйымдастырады.
Дағдыларды қалыптастыру - ұзақ уақытқа созылады, бірнеше рет
қайталау арқылы меңгеріледі. Мінез-құлық мәдениеті дағдыларын
меңгеруде балаларда жеке айырмашылықтар болатындықтан әр
баламен жеке-жеке жұмыс жүргізу де көзделеді.
Ойындарға басшылықты жоспарлау тәрбиешіден мыналарды
талап етеді:
- өз тобының балаларының қандай ойынды жақсы көретінін;
- ойынның мазмұнын;
-кімнің кіммен ойнағысы келетінін;
-ойында балалардың қаншалықты тәуелсіз екендігін және оның
қалай өсетіндігін;
-балалардың жасы өскен сайын ойын мазмұны қалай өзгеретінін;
- ойында балалар мінез-құлқы қалай күрделенетінін:
- балалардың қандай ойыншықтарды жақсы көретінін білуі керек.
Бұлар ойындарға басшылық етудің педагогикалық әрекетін
жоспарлауда маңыздылығы.
Педагог мазмұнды-рольді, құрылыстық-конструкциялық ойындарға
басшылықты жоспарлауда ойын мазмұнын байыту, балалардың
ойыншықтармен ойнау білуін қалыптастыру, балалар арасында
жағымды қарым-қатынас орнату, оларды жаңа ойын әрекеттеріне, ойын
үшін жағдай туғыза білуге үйрету көрсетеді. Балалардың ұжымдық
ойындарына ғана емес, жеке ойындарына да назар аудару керек. Мінез-
құлқын тәрбиелеуде бір-біріне ізгі тілектестікпен қарау, басқалармен
санаса білу, ойыншықтарын бөлісе білу, туған жанжалды шешу
міндеттері де көрсетіледі.
Бұлар ұзақ мерзімге белгіленеді және жоспарда бірнеше рет
қайталанады.
Басшылықтың негізгі міндеттерінің бірі - балалар ойындарының
мазмұнын дамыту. Бұл міндеттің тақырыбы көрінбегенмен тәрбиешінің
ойынға тікелей қатысуы, балаларға ойыншық таңдауға көмектесуі,
ойынды қалай ойнау керектігін көрсетіп беруі арқылы да жүзеге
асырылады. Бұл міндет көбінесе сәби топтарда осылай
ұйымдастырылады. Естияр және ересек балалардың нені ойнайтынын
және қалай ойнайтынын білетіндіктен нақты ойындардың мазмұнын
дамыту белгіленеді: «Кітапхана» ойынының мазмұнын дамытуда
кітапхана қызметкерлері балаларға кітап берумен қатар қызықты шығармалар туралы айтып береді, тәртіпке, кітаптардың сақталуына
қамқорлық жасайды, жаңа шыққан басылымдарды көрсетеді.
Драмалық ойынды жоспарлауда алынатын көркем шығармамен
танысуы, қайталап оқуы, кейіпкерлердің атынан айтуы т. б. алдын ала
жұмыс енгізіледі, балалармен бірге күрделі емес ойын артибуттарын
жасау, ойынның өзін өткізу жоспарланады. Драмалық ойындар бірнеше
рет қайталануы, ол сауық кештерінің мазмұны болуы, басқа топтардың
балаларына көрсетілуі, қайсы бір мерекенің жоспарына енгізілуі
жоспарда көрсетіледі.
Тәрбиеші балалармен ұйымдастыратын түрлі қимылды және
дидактикалық ойындарға басшылықты жоспарлауда дидактикалық
ойындарды енгізудің бірізділігін, олардың мазмұнын, ережелерін, ақыл-
ой міндеттерін ескереді.
Балалар үстел үсті ойындарын, қағазға басылған ойындар мен
дидактикалық ойыншықтарды еркін пайдаланады, ал жаңа ойынды
немесе ойыншықты енгізу алдын ала жоспарланады.
Дидактикалық ойындарды жоспарлауда мазмұны баяндалмайды,
ойын тәсілдері, ережелер мен ойын әрекеттері көрсетіледі.
Қимылды ойындар үйрену дене шынықтыру сабағында, серуенде,
топ бөлмесіндегі ойын сағаттарында жүргізіледі. Қимылды ойындарды
жоспарлау да дидактикалық ойындарды жоспарлау сияқты.
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлауда балалар еңбегіне
басшылық етудегі мынадай екі міндет ескеріледі:
-еңбектің шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек т. б.
түрлері туралы дағдылар мен іскерліктер тәрбиелеу;
-еңбекке жағымды көзқарас және адамның еңбек әрекетін
ойдағыдай орындауға қажетті: еңбек сүйгіштік, жауапкершілік,
тәуелсіздік, өзара көмек т. б. қасиеттерін тәрбиелеу.
Еңбектің түрлері: өзіне-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық
еңбек, балалардың табиғаттағы еңбегі, қол еңбегі бойынша еңбектің
көлемі мен мазмұнын, ұйымдастыру нысандарын, басшылық жасаудың
әдіс-тәсілдерін, жабдықтар мен құрал-саймандардың түрлерін жоспарда
көрсету қажет.
Тапсырма беру - еңбекті ұйымдастырудың қарапайым нысаны,
тапсырманы орындауға балалардың бәрінің де шамасы келеді,
сондықтан оны жоспарлауда тапсырманы орындауға қатысатын, ерекше
назар аударуды керек ететін балалардың аты аталады, тапсырманың
мазмұны көрсетіледі.
Кезекшілікке басшылық жасау, кейбір топқа кезекшіліктің жаңа түрін
енгізу жоспарланады: кезекшілік кезіндегі балалар еңбегінің көлемі мен
мазмұны, балалардың міндеттер бөлісуі, кезекші міндеттерімен
таныстыруда пайдаланатын әдістер мен тәсілдер көрсетіледі. Сондай-ақ
жоспарда балалар еңбегінің күрделенуі, тәрбиешінің ерекше көңіл бөлуін
керек ететін жекелеген балалар, кезекшіліктің бір топтан екінші топқа
өткізілген кезіндегі балалармен әңгімелесу көрсетіледі.
Ұжымдық еңбекті жоспарлауда өткізетін уақыт, мазмұны, құрылысы
көрсетіледі, қажетті жабдықтар мен олардың орналасуы, балалармен
балалар жүргізілетін жеке жұмыс белгіленеді.
Ересектер еңбегімен қызметкерлерінің жұмысын бақылау, адамдардың қоғамға пайдалы еңбегінің басқа да түрлерімен таныстыру жоспарланады.
Мерекелерді жоспарлауда Қазақстан бликасындағы маңызды оқиғаларға байланысты мерекелер: 3амыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 16 желтоқсан - Республика күні, 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз, жеңіс күні т. б.- аса маңызды тәрбие құралы ретінде алынады. Жоспарда мектепке дейінгі ұйымның бүкіл ұжымы мен балалары қатынасатын
мерекелерді өткізуге әзірлік белгіленеді Балаларды мерекелік ертеңгілікке: өлеңдер, әндер, билер үйрену, костюмдер, атрибуттар т. б. дайындау жоспарланады. Мереке жоспары педагогикалық кеңесте бекітіледі, мерекеге дайындық, оны өткізетін күн. балаларды үйымдастыру ойластырылады.
Тұрмыстық мерекелер: жаңа жыл мерекесі, балаларды мектепке
шығарып салу, маусымдық мерекелер: балалардың туған күнін ұжым
болып атап өту, түрлі сауықтар - қуыршақ, көлеңке театрларын,
диафильмдер, кинофильмдер көрсету, телевизия хабарларын керу
мерзімдері жоспарланады.
Ата-аналармен жұмысты жоспарлауда ата-аналар арасында
жүргізілетін педагогикалық насихат, оларды балалар бақшасына көмек
көрсетуге тарту, отбасы мен мекетепке дейінгі ұйым арасындағы
байланыс, сабақтастық орнату, ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым
жұмысының мазмұнымен таныстыру, отбасындағы озық тәжірибені
зерттеу, қорыту қамтылады. Бұл жұмыстарды мектепке дейінгі ұйым
меңгерушісі де, топ тәрбиешісі де жоспарлайды. Ата-аналармен
жүргізілетін жұмыстар: ата-аналар жиналыстары, кеңестер өткізу,
отбасына бару, ашық күн, ашық сабақтар өткізу, балалар жұмысының
көрмелерін ұйымдастыру, ата-аналарға арналған бұрышты жаңғырту,
т.б. җұмыстардың нақты мазмұны мен нысандары жоспарлауға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет