Педагогика



бет106/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

ХІІ бөлім
Жоспарлау
12. 1. жоспарлаудың педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім-тәрбие жұмысын жоспарлау
маңызды іс. Білім-тәрбие жұмысын жоспарлау баланы тәрбиелеу мен
дамыту заңдылықтарына сүйенеді.
Баланың білімді, дағдылар мен іскерліктерді, іс-әрекет тәсілдерін,
адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін бағалай білуі
тәрбие ісі арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие мазмұны оның
мақсатымен ұштастырлады. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуды,
пайдаланатын әдістер мен тәсілдерді таңдауда олардың жеке
ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтары негізінде жоспарлайды.
Балалармен жүргізілетін жұмыс міндеттерін, мазмұнын, нысандары
мен әдістерін педагогикалық жұмыстың жоспары айқындайды. Бұл
педагогикалық жұмысты ұйымдастыру үшін маңызды, тәрбиешінің
жұмысын мақсатты және нәтижелі етеді, бала тәрбиесіндегі
ересектердің басшылық ролін күшейтеді
Жоспарлаудың негізгі мақсаты мектепке дейінгі ұйым
бағдарламасының орындалуы. Жоспарлау мынадай талаптарға жауап
беретін болуы керек:
1. Тәрбие жұмысының идеялық бағытын қамтамасыз етуге тиіс.
Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны, балалар өмірін ұйымдастыру
нысандары, қолданылатын әдістер мен тәсілдер дамыту мақсаттары мен
міндеттеріне әйкес жоспарланады. Жоспарлауда әуелі баланың
адамгершілік сапасын қалыптастыру, белсенділігі мен тәуелсіздігін
дамыту, Отанға сүйіспеншілік сезімді, ұжымшылдықты, мінез-құлық
ережелері мен әдістерін игеру жұмыстары көзделеді. Балаларды
тәрбиелеу мен оқыту Қазақстан халықтарының өмірімен, қазіргі
заманмен байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл байланыс
балаларды Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі маңызды
оқиғилармен және құбылыстармен, қоғамдық-саяси және еңбек
мерекелерімен, ересектердің қызметімен таныстыру кезінде жүзеге
асырылады,
2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жоспар көмектесетін болуға
тиіс. Жоспар балалар ұжымының және жекелеген балалардың дамуын
ескере отырып, оқыту мен тәрбие міндеттерін анықтайды. Жоспарда
оқыту, ойын, еңбек сияқты балалар іс-эрекетінің түрлері, оларды
ұйымдастырудың және басшылық жасаудың әдістері мен тәсілдері
белгіленеді. Балалармен жұмыстың жалпы және топтық нысандары жеке
жұмыстармен үштастырылады. Дамуы уақытша артта қалған балаларға
ерекше көніл бөлу қажет.

3. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны, әдістері, балалардың іс-


әрекетін ұйымдастыру нысандары біртіндеп күрделендірілуі қажет.
Педагогикалық жұмыстың түрлері мен нысандары арасында мынадай
байланыстар жоспарланады:
оқытудың түрлі бөлімдері бойынша өткізілетін оқу сабақтарының
мазмұны арасындағы байланыс;
- сабақтар мен балалармен күнделікті өмірде жүргізетін жұмыстар
арасындағы байланыс;
мектеп жасына дейінгі балалардың сабақтары, ойыны мен еңбегі
арасындағы байланыс.
4. Басшылыққа алу үшін жоспар нақты болуы көрек. Жоспарда
балалардың даму дәрежесі, олардың мүдделері, мектепке дейінгі ұйым
бағдарламасы талаптарын орындау, күнделікті қоғамдық оқиғалар.
ересектердің еңбегі мен тұрмысы, табиғат құбылыстары ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет