2.1. ДАМУ ҰҒЫМЫ Адамның туа біткен және өсе келе пайда болған қасиеттерінің сандық өзгерістері мен сапалық өзгерістері дене жағынан, психикалық жағынан және әлеуметтік жағынан жетілуін қамтиды.
-дене дамуы бойдың өсуі, салмақтың өзгеруі, бқлшық еттің нығаюы, сезім органдарының жетілуі, әр түрлі қимылдардың үйлесімділігі;
-психикалық даму – танымдық және еріктік үдерістің, эмоцияның, және адамның психикалық сиппаттары мен белшілірінің қалыптасуындағы өзгерістер;
-әлеуметтің даму – қоғамдық өмірге байланысты мінез-құлықтың, айналадағыларға қарым-қатынастың өзгеруі, ұжым істеріне қатысу.
Даму(4-сызбы) барсында бала жеке адам ретінде – адамзат қоғамның мүшесіне айналады.
Тегінде бар және туа бітккен белгілердегі сандық өзгерістер мен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болыып жататын сапалық өзгерістер – адам дамуы деп аталады.
Даму сыртқы әсер мен адамға тән ішкі әсердің, күштің ықпалынан болады.
Сыртқы әсер: - қоғамдық өмңрдегі материалдық жағдай;
-адамда қоршаған табиғи және әлеуметтік орта;
-әдейі мақсат көздей ұйымдастырылған тәрбие.
Ішкі әсер: - адамның сыртқы ықпалды қабылдауы;
-адамнаң сытқы ықпалға әсерленуі;
-адамның сыртқы ықпалға жауап беруі.
Дамуда бала бойына табиғаттан берілген қабілет – қасиеттер кіші роль атқарама, жоқ белгілі бір әлеуметтік ортаның әсері, оны қоршаған адамдар ықпалына байланысты нәрселер жетекші роль атқара ма деген сұрақ туындайды. Мынадай пікірлер болған:
Адам дамуында биологиялық негіз басым, даму – адамның бойында туа біткен қасиеттері пісіп-жетілуі, туа бітке қасиеттің ортаның әсерімен сан жағынан өзгеруі. Ал тәрбие оны не жеделдетуге, не тежеуге ғана қабілетті, тәрбие ештеңені өзгерте алмайды, ол баланың нышандарына, қабілеттеріне икемделуі тиіс деген. Бұдан жоғары дәрежедегі білім тек ақыл- ой қабілеті жоғары балаларға ғана берілуі керек деген қорытынды шығады, яғни, балаларды түрлі топарға бөліп, «әліне» қарай білім беру керек;
Адамның тұрмыс жағдайы, әлеуметтік орта ерекшеліктері оның дамуында ең маңызды нәрсе. Барлық балалар өмірге келген кезде тең,
ойыңдағыны жазуға бола беретін таза тақта деп тұжырымдаған. Адам өзін қоршаған ортаға биімделуі тиіс деген.
«Әлеуметтік теңсіз», «қолайлы орта», «қолайсыз орта» деген терминдер тараған. Қолайсыз ортаның ісерінен әлеуметтік теңсіз балалар баяу дамиды, оларға интелектуалды дамытуды көздейтін білім берудің қажеті жоқ деген.
Әлеуметтік және биологиялық дегеніміз өзара әрекет етуші екі себеп. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас үдеріс. Психология мен педагогика тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын, бала дамуына калай әсер ететіндігін, балаға тәрбие беруді қалай жүзеге асыру керектігін білу үшін бұл әсердің сипаты мен тетігін зерттейді.
Тұқым қуалаушылықтың ортаның, тәрбиенәі адамның дамуына және оның жеке басын қалыптастыруға тигізетін әсері(5-сызба) туралы педагогиканың ұстанымы қандай?