Орта адам дамуына жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Әлеуметтік ортаның әр түрлі әрекеттердің әсерімен адам бойында қалыптасатын қасиеттер – «Жеке тұлғаны»бередң. Ал «Жеке тұлға» деген ұғым адамның қоғамдық мәнін ашады.
Педагогика ортаның адам дамуына әсерін қарастырады, қоғамның және адамдармен қарым-қатынастардың негізінде сөйлеу, ойлау,жүре білу қалыптасады. Мысалы, нәресте кезінен жануарлар ортасына тап болған бала бойында адамға тән қасиеттер дамымағандықтан және олардың даму қабілеті тежелгендіктен адамдар арасында қайта оралғанда бұл балалар адамдармен араласуды үлкен қиындықпен үйренген немесе адамның өмір салтына үйренісе алмаған.
Әлеуметтік, қоғамдық қатынастар арқылы ортаның әсері айқындалады. Әлеуметтік орта – қоғамдағы материалдық жағдайы,
Экономика, мемлекеттік құбылыс, солар арқылы белгіленетін адамдардың өмір салты.
Жеке тұлға қалыптастыруда білім беру жүйелерінің барлық буындарын қамтитын оқу-тәрбие мекемелері, мектептен тыс, мәдени мекемелері, қоғамдық ұйымдар, ақпарат таратудың барлық құралдары мен отбасы сияқты әлеуметтік инстуттардың әсері зор.
Әлеуметтік ортаның жемісі ретінде адам әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Адамның жеке тұлғасына қарап оның өмірінің әлеуметтік жағдайларын, қоғамдық құрылымындағы жағдайын білуге болады. Әлеуметтік жағдайы өзгерген адамның рухани бейнесі де өзгереді.
Адамның әлеуметтенуі отбасынан басталады, яғни тұрмыс жағдайларын жасау,мәдени орта мен эмоциялық аймақ құру, әлеуметтік және адамгершілік түсінікер, мінез қалыптастыру отбасында жасалады. Бала өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, қоршаған ортамен қарым-қатынас, жағымсыз ықпалдардан сақтау отбасы мүшелерінің міндеті. Баланың отбасындағы жағдайына отбасында басқа балалардың болуы немесе болмауы да әсер етеді.
Әлеуметтік байланыс баланың мектепке баруына байланысты кеңейе түседі. Бала мектепте жаңа адамдармен танысып, құрдастар ұжымына, педагогтармен қарым-қатынаста болады. Сонымен қатар балалармен мектептеп тыс мекемелерде, мәдени орындарда болып, рухани қалыптасады.
Бүкіл өмір бойына адамның жеке басының қалыптасуы жалғаса береді.