3.2.ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛЫ
Бала дамуы өмірдің алғашқы жылынд қарқынды жүреді. Дұрыс күтімдегі бала тез өсіп, дамиды: алғашқы жары жылда ай сайын 600-700грамм салмақ қосып, бойы 2-3см өседі. Жыл аяғында салмағы10-10,5кг, ал бойы 74-75см болады. Қалыпты жағдайда өсіп келе жатқан баланың 7-8 айлығында сүт тістері шыға бастайды, бір жаста 8 тісі болады. Баланың жүйке жүйесінің жұмысы артады: бала өмірдің бірінші айында 20-30 минут ояу болатын болса, жыл аяғында ояу болу уақыты 3,5 сағатқа дейін ұзартылады.
Өмірдің алғашқы жылындағы бала дамуының қарқынына қарай жақсы тәрбиелеу мақсатында шартты түрде сапа жағынан айырмашаылығы бар мынадай кезеңдерге бөледі: туылғаннан 2,5-3 айға дейін;2,5-3 айдан 5-6 айға дейін; 5-6 айдан 9-10 айға дейін және 9-10 айдан 1 жылға дейін.
Туғаннан 2,5-3 айға дейінгі кезеңде көру, есту және эмоциялық әсерлер дамып, сергектік қалыптасады. Ол сенсорлық дамуға, айналаны бағдарлауға, қимылдық дамуына көмектеседі.
Бағдарлау, тамақтану, көру, есту сяқты шартсыз рефлекстердің дайын жүйесімен дүниеге келген балаға олар сыртқы ортаға бейімделуге көмектеседі: тамақтануда еркін, ауыз іші тітіркеген жағдайда ему қимылының пайда болуы, тамақты жұта білу т.б. есту, көру сезімдерін өткір жарық түскенде көзін дұма қоюдан, кенеттен естілген дыбысқа баланың селк етуінен , тербеткен кезде баланың тынышталуынан байқауға болады. Бала тәуліктің 80 пайызын ұйқымен өткізеді. Жаңа туған нәрестенің қимылы ебедейсіз, ол тіпті ұйықтап жатыпта ербеңдеген қимылдар жасайды. Нәрестенің бүгілгіш бұлшық еттері жеткіліксіз дамығандықтан қолы мен аяғы бүгіліп, кеудесіне тығылып жатады.
Көру мен есту талдағыштарын дамыту нәрестелік кезеңдегі ең маңызды іс. Бұл кезде бала заттарға ұзақ қарап тұра алмайды. Балаға бірінші айында түрлі түсті сылдырмақты көрсетумен қатар, ашық түске бойалған бір ойыншықты көрсету керек.
Бір затқа көз тоқтаып қарау, назар аудару, дыбысқа құлағын түру нәрестелік кезеңнің соңына қарай болады. 2-3айлық бала орнынан жылжып бара жатқан затқа қарайды, көз алдында болып жатқан нәрсеге назарын аударады, дыбыс шықса басын бұрады.
Сәбимен сыпайы,жылы сөйлесу оның көру мен есту қабілеттерінің дамуына әсер етеді, ол ересек адамның бәрін түсінеді. Бақылауын дамыту үшін жылтырауық ойыншықты баланың көз алдында ақырын жылжыту қажет. Манеждің бас жағына баланың көзінен 40-60см биіктікте жылтырауық түсті сылдырмақ іліп, мезгіл-мезгіл қозғалту керек.
Көру мен естуді жетілдіру сәбиде көңілді эмоция тудрады.
Алғашында езу тару сирек болғанымен 2,5 айлығында сәби жиі езу артып, ересек адам мен ойыншықты көргенде оның жүзінде қуаныш пайда болады, г,кхы – деп дыбыстар шығара бастайды. Жағымды эмоциядан айда болған уіл баланың тілін дамытудың даярылық кезеңі болып табылады.
2,5-3 айлығында бала қимылдар дами бастайд. 4-6 апталығында баланы басын сүйеп тік ұстаса, 2 айлығында ол басын өзі тік ұстап айналаға қарауды үйренеді.
Баланы етпетімен жатуға 1,5 айлығынан бастап үйреткен дұрыс. Үш айға қарай ол қолын тіреп, басын жлғары көтеріп, етпетімен жақсы жатады. Бұл тыныс алуға, қан айналымының жақсаруына, еңбектеуіне даярлық үшін пайдалы. Аяғына салмақ сала тіреуін дамыту үшін сәбидің табаны манеждің қабырғасына, төсекке тиетіндей етіп жатқызу немесе аяғымен билеп тұратындай етіп, оны тік тұрғызып ұстау керек. Алайда оны әлі аяғына тұрғызып қойуына болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |