3.3. ӨМІРДІҢ ЕКІНШІ ЖЫЛЫ Екі жасқа шығатын балалар ай сайын 170-190 грамм салмақ қосады, бойы 1 см өседі. Салмағы екі жаста орта есеппен 12-12,7 кг, бойы 85-86 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Бірінші жарты жылдықта балалар 3-4 сағат, екінші жарты жылдықта 4-5 сағат ояу жүре алады, тәуліктегі ұйықтау мерзімі 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін азаяды.
Екінші жылдың алғашқы айларында дене және психикалық даму ерекшеліктері сақталады, үйренген қимылдар, заттармен іс-әрекеттер, тілдік әрекеттер жетіле түседі.
Балалардағы психикалық және дене дамуы бұл жаста бәсеңдейді, сондықтан күн тәртібі, тәрбие міндетері мен әдістері жарты жыл сайын өзгертіледі.
Екі жасқа щығатын балалар екі шағын топқа бөлінеді. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар балалардың үштен бірі – 1,5 жасқа дейінгілер, үштен екісі 1,5 жастан 2 жасқа дейінгілер болу керек.
1,5 жасқа дейінгі балалар 3 – 3,5 сағат, 1,5 жастан кейін – 5 сағат ояу жүре алады. Жылдың бірінші жартысында балалар күндіз 2 рет; 2 – 2,5 сағат және 1 – 1,5 сағат ұйықтайды; 1,5 жастан кейін 1 рет 2,5 – 3 сағат ұйықтайды.
Балаларды күндіз бір рет ұйықтауға көшіру біртіндеп жүзеге асырылады. Бұл тәртіпке көшірілген балалар алғашқыда ояу жүру мезгілінің ұзақтығына байланысты тез шаршайды, тамақты нашар ішеді, кейде үстел басында ұйықтап кетеді. Мұндайда балалар екі рет ұйықтауға уақытша қайта көшіріліп, шамамен екі апта өткен соң күндіз бір рет ұйықтауға көшіру керек.
Топтың құрамы бірінші және екінші жарты жылдықтағы балалар болғандықтан екі шағын топқа бөлінеді, бір шағын топ ояу жүргенде екіншісі ұйықтайды.
1,5 жасқа дейін балалар оянуына қарай 3-4 баладан тұрғызылып, тамақтандырылса, 1,5 жастан кейін балалар таңертенгі, түскі және кешкі тамақты бірге ішеді.
Тамақтану, киіну, жуынуы кездерінде балалар өзбетінше әрекет етуге үйретіледі. 1 жас 3 айда қасықты пайдалану ұсынылады, 1,5 жасында тамақты өзі ішеді, педагогтың басшылығымен тамақтан соң аузын сүртеді, үстел басынан тұрып, орындықты орнына сырғытады және т.б. балаларды жуыну кезінде қолын суға тосуға, беті мен қолдарын сүртіп, киініп, шешінуде өз бетінше әрекет етуде белсенді болуға үйретеді.
Жылдың аяғында бала жүре бастайды, сөйлей бастайды, заттармен әрекет жасай бастайды және олар өмірдің екінші жылында дами түсетіндіктен жүруді жетілдіру, заттармен іс-әрекетті дамыту , мазмұнды ойынның пайда болуы, тілдің дамуы негізінде ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынастың қалыптасуы – жетекші іскерліктер болып табылады.
Қимылдардамыту үшін арнайы жағдай жасап, қимылды ойындар мен гимнастикалық жаттығулар өткізудің маңызы зор.
Баланың өз бетінше жүруі – қимылдың жетекші түрі. Балв жүруі оған жағымды эмоция әкеледі, заттар әлемін дұрыс бағдарлауға, олардың қасиеттерін, өзара байланыстарын танып, білуге мүмкіндік береді.
Жүрістің шапшаңдауы қолдың белсенді қимылдауынамүмкіндік жасайды. Ол құлаймын-ау деп қорықпай заттырды қолына ұстап, көтере алады. Екі жасқа толар алдында жүрудің шапшаңдауынан бала жылдам адымдап, жолында кездескен кедергілерден еркін аттап өтеді, жүгіреді.
Жүгірудің шапшаңдауы, қимылдардың дамуы жиһаздарды, құралдарды топ бөлмесінің ортасы бос болатындай етіп орналастырып, балаларға жағдай жасалауды талап етеді. Қауіпсіз болу үшін кейбірзаттармен топ бөлмесінің кей жері балалардың қолы жетпейтіндей болуы тиіс.
Балалар белсенділігін қалыптастыру үшін сатылы төмпешік, алаң және шығып, түсе алатындай құлама және т.б. арнаулы жабдықтар болуға тиіс. Балалардың сырттағы іс-әрекетті бақылауы үшін төмпешік терезе алдына қойылуы керек. Топта балалардың бойына шақ үстелдер мен орындықтар, кішкене дивандар, қимылды дамытуға, аттауға, шығуға арналған заттар болуға тиіс.
Топта қимыл үйлесімділігін дамытуға арналған ойыншықтар болуы керек. Балалар бір жерден екінші жерге көтеріп апара алатындай жұмсақ, ірі ойыншықтар: жануарлар, қуыршықтар, доптар, шелектер, дорбалар; жіп байлап тартып жүргізе алатын машиналар, бесік арбалар; ілгері қарай итеріп жүргізетін жүк таситын арбалар, доңғалақтары бар ірі ойыншықтар болуы керек.
Таң қалу, қуану эмоцияларын басынан кешіретін қимылды ойындардың педагогикалық құндылығы жоғары, жасырынбақ ойыны кезінде балалар тығып қойған ойыншықтарды табу үшін түрлі қимылдар жасайды; сөрені қарау үшін аяғының ұшымен тұрады, еңкейеді, жиһаздың астына қарайды т.б. Қимылды ойындар үшін балаларды сапқа тұрғызып жүргізудің қажеті жоқ.
Музыканың сүйемелденуімен ойналатын қимылды ойындар бала дамуында маңызды; бір орында тұрып аяғын ұру, жүрелеп отыру, музыка үнімен баланың ырғақ, қимыл үйлесімдерін тәрбиелеу үшін көмектеседі.
Баланың қимыл белсенділігін қалыптастыруда гимнастиканың маңызы зор. Бұл өрмелеуге арналған басқыш арналған басқыш, жүруге арналған орындықтар және т.б. арнайы жабдықты пайдалану арқылы жүргізіледі.
Бұл қалдықтар тек сабақтарда ғана пайдаланылады.
Көлбеу тақтай үстімен жүру, еденде жатқан немесе 5-15 см жоғары керілген жіптен аттап өту сияқты өзбетінше меңгеру алмайтын қимыл түрлерін және олардың жеке элементерін игеруде гимнастикалық жаттығулар құнды болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырған серуен кезінде қимылдар дәлдігі және үйлесімді жүріс қалыптасады. Салқын кезде серуендеу өз аяғымен жүре алатын балаларға ғана арналады. Жақсы жүре білмейтін, күндіз екі рет ұйықтайтын балаларға серуенді таза ауада ұйықтаумен ауыстыру ұсынылады.
Жылдың жылы мезгілінде жаңа жүре бастаған балалармен де серуен ұйымдастыруға болады. Қимылдар үйлесімділігін дамытып, балалардың сенімді жүруін нығайтуда ойлы-қырлы жермен жүру, кедергілерден аттап өту пайдалы.