6-бөлім бойынша бекіту сұрақтары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің
маңызы неде?
2. Балалардың адамгершілік тәрбиесі қандай міндеттерді шешуді
талап етеді?
3. Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары қандай?
4. Тәрбиешінің моральдық бейнесі қандай болуы керек?
5. Адамгершілікке тәрбиелеудің қандай әдістерін білесіз?
6. Қазақстандық патриотизм дегенді қалай түсінесіз?
7. Ұжымшылдық деген не?
8. Балалар ұжымы қалыптасуының кезеңдері қандай?
9.Тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетәрбиелеу
нормалары қандай?
10. Тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің
қандай шарттары бар?
11. Тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің
қандай әдістерін білесіз?
12. Балалар шағымдарының туу себептері қандай?
13. Балалардың отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
неде?
6.7. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Сенің Отаның қандай? - деген сұраққа балалардың көпшілігі
өзінің туылған және қазір тұрып жатқан көшесін, үйін, ауданын,
қаласын атайды.
1. Мұндай жауапты немен түсіндіресіз?
6 жасар Сәуле үстел үстіндегі қол сағатты алғысы келді, бірақ
әкесі оған алуға рұқсат етпеді.
- Ал мен сағатты алғым келеді! Бер сағатты!
-Саган ойыншық емес. Ол үлкендерге керек.
Бірақ Сәуле еш нәрсе тыңдағысы көлмеді, аяғымен жер тепкілеп
қатты, бөр!
Қызының тынышталуы үшін әкесі сағатты алып берді.
1. Сәуленің өкөсінің істегені дұрыс па?
2 Сеуленің әкесінің орнына сіз не істер едіңіз?
7 жасар Болат анасы жоқта оған келген хатты ашады, Анасы
Болатқа бұлай етуге болмайтынын түсіндіреді: хат кімге жолданса,
тек сол адам ғана ашады. Бұл тату - тәтті, жайбарақат жағдайда
өткөн әңгіме солай ету керектігіне баланың көзін жеткізеді
Біраз уақыт өткеннен кейін Болат өзінің өлі қалыптасып
упеермеген қолтаңбасымен хат жазып, хатты жауып, анасынан
сыртына апайының мекен - жайын, аты - жөнін жазып беруді өтінеді.
Анасы уәде береді де, кешкісін бала ұйқыға жатып қалған көзде хатты
ашып оқиды.
-Сен неге Қайраттың ренжітетінін жаздың, ал маган ешнәрсе
айтпадың?- деп сұрады анасы баласынан.
Жауап орнына бала қатты өксіп жылады.
1. Болат неге жылады?
2. Болаттың анасының мінез - құлқын түсіндіріңіз.
Естияр тобының тәрбиешісі «Дүкен» ойынына жагдай жасауды
шешті. Балалар бұл ойынды өте жақсы көреді. Олар сазбалшықтан
жемістер, көкөністер дайындап, ағаылған балықтар,
конфеттер қойды да ойын басталып кетті. Сатушының қасында
кезек жиналып қалды. Балалардың өздерін кезекте қалай
үстағандықтарын бақылау қызық еді.
Неге екені белгісіз, Зәуреш әже болғысы келді. Әуелі барып
орамал тартып, қолына таяқ ұстап еңкейіп:
-Мен әжемін, - деді. Ешкімді алдынан жібергісі келмей тұрған
Қанат:
- Қарт әже гой, ә? - деп сұрады.
- Әрине, әжелер әрқашанда қарт - деді Зәуреш.
- Онда, кел, менің алдыма түр. Мен білемін, әжені жіберу керек, -
деді Қанат. Тәрбиеші Қанатты мақтады:
- Қанат қандай ақылды, ол дұрыс істеді.
1. Балалар ойында қандай іске және қандай сезімге жаттықты?
2. Ойынға басшылық жасаудағы тәрбиешінің орны мен роліне
талдау жасаңыз.
Балалар алыс сапарға аттанатын корабльді ойнап жатыр.
Штурман маршрутты белгілейді, экипаж аң аулаумен
шугылданады, авария кезінде олар рация арқыпы жермен байланысады,
жөндеуге арналған керекті құралдар жеткізетін вертолетті
шақыртады, мұнан кейін кеме аман-өзен портқа қайтып оралады
1. Мұндай ойын балаларда қандай сезім қалыптастырады?
Бірде ересектер тобында мынадай ойын ұйымдастырылды. Бір
топ бала орман ішіне тығылып, екінші топ олар қалдырған ізбен іздей
бастады. Топтағы 26 адамға орманға дыбысттарын шығармай
тереңдей еніп, сонда тығылу керек болды. Балалар «емтиханнан»
сүрінбей өтті. Бірде-бір бала өз жолдастарын үстап берген жоқ
Мынадай көрініс сипат алды. Бір баланы ара шағып алды. Бірақ ол
жүгіріп те шыққан жоқ, айқайлап дыбыстар шығарған жоқ. Тәрбиеші
болған жағдайды бала өзіне иық сүйеп, көзіне үнсіз жас алған кезде ғана
білді.
1. Бұл ойынның тәрбиелік құндылығы неде екенін түсіндіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |