Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері. Мақсаттары ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары ортақ, мүдделері ортақ, бір жауапкершілікпен біріккен адамдар тобы ұрым деп аталады.
Ұжымшылдық - ұжым құрамында өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін, өзін ұжымның бір мүшесімін деп білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.
Педагогика ұжымды тұлғаның жан-жақты даму шарты деп қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым-қатынаста болады, тәжірибе жинайды, қуаныш-қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды, Тек ұжымда ғана адам еркіндікті, қажетті қамқорлық пен ілтипатты сезінеді бұл оның өз күшіне сенімін нығайтады, адамгершілік сезімінің өсуіне көмектеседі. Ұжым - жеке адамның қоғамдық бағыты қалыптасуының шорты.
Ұжым жеке тұлға қалыптасуының маңызды шарты. Тек ұжымда ғана баланың жеке басы толық және жан-жақты дами алады. Ерте басталған ұжымшылдық өмір баланы ортақ іске жан-тәнімен берілетін нағыз азамат етіп шығарады.
Бала ұжымда қоғамдық өмірге дайындық мектебінен өтетіндіктен ұжымды А. С. Макаренко тәрбиенің мақсаты мен құралы деп санады.
Бір-біріне ұқсамайтын жеке адамдардың күрделі ұштасуы ұжым екенін В. А. Сухомлинский атап көрсетті. «4жымның тәрбиелеу күші әрбір жеке адамның бойындағы барынан, әрбір адамның рухани байлығынан, оның ұжымға не қосып, өзгелерге не беретінінен, адамдардың онан қандай үлгі басталады» - деді.
"Ұжым" деген ұғымның мектеп жасына дейінгі балалармен өз ерекшеліктері бар. Балалар ұжымы пайда болуының және орнығуының шарты - іс-әрекетті бірігіп жасау, бірге әсер алу.
Күрделі адамгершілік сапа - ұжымшылдық. Ол мектепке дейінгі балаларда құрбыларына деген сезімдерден туады, олар құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас жасаудағы жақсы көру, достасу. ниеттестік, қолда барды бөлісу, бірге ойнау, белгілі бір міндетті бірге шешу сияқты қажеттілікке негізделеді.
Бірігіп әрекет жасау - келісе білуге, даулы мәселелерді әділ шешуге тәрбиелейді.
Балалар ұжымның қалыптасуы - ұзақ, күрделі үдеріс. Балалар ұжымының қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: алғашқы кезең бірге әрекет етіп, бірге ойнаудан туындайтын, 3-6 адамнан тұратын.н сан жағынан шағын балалар бірлестігі, бұл бірлестік - құрамы жағынан тұрақсыз. қысқа мерзімді, оңай тарап кететін бірлестік. Сәбалалардың алғашқы
бірлестіктерін тәрбиеші ұйымдастырады: оның айтуы бойынша шағын топ ортақ бір ойыншықпен ойнайды (біреуі қуыршақты ұйқыдан тұрғызады, екіншісі оны жуындырады, үшіншісі тамақтандырады; 4-5 ұл балалар құрылыс жабдықтарымен «құрылысшылар» болып ойнайды, ал педагог оларға роль белісуге көмектеседі және т.б.). Балалар бірлестігін құруда тәрбиеші балалардың шағын тобымен әңгіме айту, ән салу, қызықты ойыншық көрсету сияқты жұмыстар істейді. Осының
нәтижесінде балаларда ортақ мақсат пайда болады, оны жүзеге асыруға
бағытталған бірлескен іс-әрекет жасалады. Тәрбиеші балалардың
алғашқы бірлестіктерін қолдайды. Тәрбиеші балалардың алғашқы
бірлестіктерін жасауда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
балалардың жалпы тобына ширақ және біршама сылбыр, белсенді және
енжар балаларды тартады.
Балалар ұжымын қалыптастырудың келесі кезеңі - осы алғашқы
бірлестіктерді тұрақты ету, олардың іс-әрекетін уақыт жағынан ұзарту.
Бұл кезеңде бірлестікке қатысушылар ұйымдастыру шеберлігі көрініп,
саны өсіп, 8-10 адам болуы мүмкін. Балалардың біріккен ойындары мен
еңбектеріне күрделі мақсаттар қойылады. Бірлестіктердің құрамы
тұрақтала түседі.
Балапар ұжымын қалыптастырудың неғұрлым жоғарғы кезеңі
балалардың дербес әрекет етуінің дамуы: балалар өздері бірлестіктер
ұйымдастырады, қарым-қатынастарды реттейді, олардың мінез-
құлықтарына баға береді, өз қалауы бойынша ойынға адам алмай қояды
немесе ойыннан оны шығарып тастай алады. Осының-нәтижесінде өзін
ұжымның бір мүшесі ретінде сезіну пайда болады.
Осыдан бастап топ балаларын бір ұжымға біріктіру мүмкіндігі
туады. Бұған қоғамдық маңызы бар ортақ тапсырма орындау
көмектеседі: сәбилерге ойыншықтар жасап беру, мектепке дейінгі ұйым
ауласын тазарту, т. б. Әр бала бүкіл топтың өміріне қатысушы ретінде
барлығы үшін маңызды тапсырма: кезекшілік, жануарлар мен
өсімдіктерді күту, мерекеге арнап топ бөлмесін безендіру және т. б.
орындайды. Бұл кезенде тәрбиеші өзінің ұстанымын өзгертеді, ол тура
ықпал етпей, жанама әсер етуді пайдаланады, ұйымдастырушыларды,
бастама жасаушыларды ақылшы, жасы үлкен жолдас ретінде қолдайды,
мұндай істерге балалардың көбірек қатысуын қарастырады.
Балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеуде ұжымға айтылған
жағымды пікірдің әсері зор. Мысалы: «Бүгін кезекшілер бәріміз үшін
жасады. Олар тамақ ішу үшін бәрімізте арнап үстел жабдықтады,
балаларға үстел басына отыру қолайлы". Сондай-ақ балалар бүкіл топ
атынан жасалған ескертулерді де естулері керек: «Қанат, сен балаларға
кедергі жасап тұрсың, саған бола бәрі кешігіп отыр» және т. б.
Тәрбиешінің балалар ұжымның пікірімен және берген бағасымен
санасатындығы, оны мақтан тұтатындығы, олардың өмірін қызықты,
қуанышты етуге тырысатындығы, ұжеткілікті дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді.
Балалар мектепке дейінгі ұйымға келген соң қоғамның мүшесі ретінде ережелерде көрсетілген мінез-құлық нормаларын игереді: тату бола білу, басқа балалармен бірге ойнай білу және еңбектене білу;
- керек жерінде көне білу және келісе білу;
- жолдасына көмектесуге оған қамқорлық жасауға дайын болу;
- басқаның еңбегін қадірлей білу;
- еңбек нәтижесін, өзіңнің және жолдастарыңның қылықтарын әділ
бағалай білу.
Жолдастық қарым-қатынас әуелі бірігіп әрекет етуде, қуаныш пен ренішке ортақтасуда қалыптасады. Педагог балаларды бір-бірімен таныстырып, өр баланың бейімділігін анықтап, бағалауына көмектеседі: біреуі жақсы сурет салады, екіншісі құрылыс тұрғызады, үшіншісі кезекші болады.
Біртіндеп, құрбылар ұжымындағы өмір тәжірибесінің жинақталуы нәтижесінде «мен», "маған", «менікі», деген ұғымдармен қатар "біздер", «біздерге», «біздердікі» деген ұғымдар пайда болады да, өзі ұжымның бір бөлігі екенін балалар түсіне бастайды.
Балаларды жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеуде әдеби шығармалар көп көмектеседі.
Ұжымның қалыптасу шарттары. ойдағыдай қалыптастырудың шарттары мыналар:
балалардың ұжымдық іс -әрекеті;
бірге қуануы мен қайғыруы;
балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы.
Бірлесіп әрекет ету балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі шарты және құралы. Балаларды ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде бағаланса олар өздерін ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театрын көру, мерекелік ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігіп ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.
Балалар ұжымы мен ұжымдық мінез-құлықтың қалыптасуында
ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін,
қызметкерлердің қарым-қатынасын балалар күнде көріп отырады.
Чжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсетуі, жолдасы үшін шын
қуану, оған көмектесуге дайын түрі, өз ісін жауапкершілікпен орындау -
балалар ұжымында мінез-құлық нормасына айналады.
Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу, Балада қарым-қатынас
жасау қажеттілігі ерте, өмірдің алғашқы жылын
болады. Тәрбиеші балалар қарым-қатынасын ұйымдастыра отырып,
бірін-бірі жақсы көруге негіз болатын езара қарым-қатынасты жолға
қояды. Балалардың ойындағы алғашқы бірлестігін қолдайды,
мадақтайды: «Арман мен Жанар ынтымақты ойнап отыр!».
Мектепке дейінгі ұйымға келген алғашқы кездері баланың отбасында бойға сіңген менмендік күшті болады: өзін жоғары ұстайды, басқаларға көңіл аудармайды, елегісі келмейді, ойыншықтарды өзі ғана үйленгісі келеді, бәрін: "менікі!" - деп, ұнаған ойыншықтарды тартып алады, тәрбиешінің назарын есіне аударғысы келеді, т. б. Мұндай жағдайдың болмауы үшін төзімділікпен жұмыс жүргізіп, баланың психикасының өзгеруіне ықпал ету керек, бала құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онда бірлесіп ойнауға тілек пайда болады.
Тәрбиеші балаларды құрбыларымен сәлемдесуге, жаңадан келген баланың сәлеміне жауап қайыруға үйретеді, ауырып қалған балаға хат жазуды, суреттер жіберуді, телефон соғуды және т. б. ұсынады. Балалар бақшасында ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне қуанышты кездесу ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.
Естияр балалар бірлестіктері тұрақты, олар бірге ойнайды, бірге еңбек етеді: балалар жиһазды немесе бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді, ойыншықтарды жинастырады, т. б.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың туылған күнін мерекелеу олардың өзара қарым-қатынасына жағымды әсер етеді.
Тәрбиеші балаларда бір-біріне деген құрмет, сыйластық тәрбиелеу үшін күнделікті өмірдің, тұрмыстық іс әрекеттің кез-келген мүмкіндіктерін пайдаланады. Балаларды көп күттіруге болмайтындығын түсіндіре отырып, жуыну және киіну кездерінде жылдамдықты талап етеді, киінуде және шешінуде балаларды көмек сұрауға және көмектесуге тәрбиелейді.
Педагог 5-6 жастағы балалардың өзара қарым-қатынасы күрделі болғандықтан іс-әрекет ұйымдастыруға жағдай туғызады, оларды таласты және даулы мәселелерді әділ шеше білуге, ұжым пікірімен санаса білуге бағыттайды. Бұған балалардың оқу кезіндегі іс-әрекеттері көмектеседі: олар жолдасын тыңдауға, көрші отырған балаға кедергі жасамауға, көмек көрсетуге, қолынан келетін жұмысты өзі істеуге, оқу сағаттарында жауап беруге тиіс.
Сәбилер тобында ауланы жинау, қардан төмпешіктер тұрғызу, ойыншықтар жасау, серуенге шығу үшін киінуге көмектесу сияқты тапсырмалар орындау сәбилерді мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Ересек топтың балалары ез ауласында сәбилерді қабылдап, оларға қуыршақ театрын көрсетеді, олардың қатысуымен көңілді ойындар ұйымдастырады.
Ұжымда өзін қалай ұстауға, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу үшін
тәрбиеші әдеби шығармалар пайдаланады: әңгімелер, өлеңдер оқиды,
әндер айтқызады, суреттер көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелік ертеңгіліктер, көңілді кештер,
оларға дайындық, мерекенің өтуін күту балаларды ынтымақтастыққа
тәрбиелеп, көпшіл, қонақжай болуға итермелейді.
қызметкерлерінің мерекелерді өткізуге қатысуы балаларды қуанышқа
бөлейді.
Жолдастық қарым-қатынастан достық қарым-қатынасқа ұласқан
шағын топ 2 - 4 адамнан ғана тұрады.
Балалар жақындығына олардың бір үйде тұруы, бір үстелде тамақ
ішуі т. б. себеп болады, оларда жақсы көрушілік, қорғау, кейде өзіне
қымбат нәрселермен бөлісу пайда болады.
Мұндай достықты тәрбиеші қолдайды: балаларды кезекшілікті бірге
өткізуге, серуен кезінде қатар жүруге, үстелдің басында бірге отыруға
мүмкіндік жасайды.