Педагогика


ТӘРТІПТІЛІК ЖӘНЕ МІНЕЗ - МӘДЕНИЕТІ



бет66/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

6.4. ТӘРТІПТІЛІК ЖӘНЕ МІНЕЗ - МӘДЕНИЕТІ
Тәртіптілік, мінез-құлық мәдениеті және нормалары. Қоғамдық
тәртіптің белгіленген нормаларына саналы түрде бағыну - тәртіптілік
болып табылады. іс-әрекетті ұйымдастыру үшін тәртіптің болуы қажет.
Тәртіптілік арқылы адам қоғамда өзімен бірге еңбек етіп, бірге тұратын,
бірге демалатын адамдарға деген құрметін көрсетеді.
Бала бойындағы жағымды қасиеттер: баланың ұжымның
талаптарына бағына білуі, ережелерді орындауы, орынсыз тілектерді
болдырмауы, тіл алғыш болуы, өзін бақылай білуі сияқты жақтарын
тәрбиелеуде тәртіп маңызды роль атқарады.
Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жағдайында балалардың
тәртіптілігі едәуір өседі. Сәбилер тобында педагог тәртіптілік жағдайын
әдейі ұйымдастырады: «кішкентай» қуыршақтың оянып кетпеуі үшін
орындықтан ақырын тұрады, ойыншықтарды жинайды, «үлкен»
қуыршақты серуенге киіндіреді және т. б.
Ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде
іс-қимылды таңдауға қабілетті болады: «Істегім келеді, бірақ істеуге
болмайды», немесе «Істегім келмейді, бірақ осылай істеу керек,
сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін» дап өзін саналы түрде
әрекет жасайды
Балалардағы мінез-құлық нормалары мектепке дейінгі ұйымда (22-сызба) қалыптасады, оларда үлкендерге, құрбыларына, қоғамдық мүлікке, өз міндетіне қарым-қатынасы бейнеленіп, мінез-құлық мәдениеті көрінеді.
Үлкендерге құрметпен қарауды ерте балалық шақтан қалыптастырған жөн. Ата-аналары мен отбасы мүшелерімен қарым- қатынас баланы сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа бөлейді. Мектепке дейінгі мекемеге келгеннен кейін баланың үлкендермен қарым- қатынасы ұлғаяды: тәрбиешімен, тәрбиешінің көмекшісімен, мейірбикемен және басқа қызметкерлермен қарым-қатынаста болады. Сондықтан әуелі үлкендермен қарым-қатынас жасаудың дұрыс әдістерін: оларды құрметтеуге, үйірсектікке, тыңдай білуге негізделген нысандарын қалыптастыру қажет.
Ересек топ балалары үлкендерге көмектесуге дайын тұрады,
оларға қамқорлық, жақсылық жасауға тырысады. Балалар қоғамдық
орындардың тәртіп ережелерін үйреніп, үлкендермен қарым-қатынаста сыпайылық көрсетеді. Балалар үнемі өз күрбыларының ортасында болатындықтан тәрбиеші олардың курбыларына қарым-қатынастарын бейнелейтін, жолдастарын құрметтеу, қайырымдылық, елгезектік, мінез- құлық нормаларын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Мінез-құлық нормаларының негізі кішкентай кезден бастап қалыптасады: құрбысының ойынына кедергі жасамау, ойыншығын тартып алмай, сурап алу немесе басқа ойыншық таңдау, ол ойнап болғанша күте тұру және т. б.
Жағымды қарым-қатынас жасау нысандары пайда болады: жылап отырған құрбысын жұбату, ойыншықпен қуанту, бірге ойнағысы келетінін білдіру. Тәрбиеші балалардың бірігіп шанамен сырғанау, доп ойнау, текшелерден үйшік жасау және т. б. әрекеттерін қолдайды.
Естияр жастағы балалар жолдасымен бірге қайғырып жанашырлық көрсетуге, қолындағысымен бөлісуге, айтқанына көніп, басқаны қуантуға тәрбиеленеді. Бірлесіп іс-әрекет жасауда мінез-құлық нормалары күрделене түседі. Балаларда құрбыларына қамқорлық, бірлескен іс- әрекетте жағымды қарым-қатынас туғызу, ұжымшылдық бастамасы, ауырған жолдасына қамқорлық жасау, жолдасының ісінің дұрыс еместігіне оның көзін жеткізу, өз кінәсін мойындау, оның пікірімен келісу, кішіпейілдік керсету: басқаның өтіп кетуіне жол беру, басқаның ыдыстан нан алуына қолайлы болу үшін ыдысты ысырып қою, өзінің орындығын
беру, жіберілген кемшіліктер үшін кешірім сұрау қалыптасады.
Балалардың тату қарым-қатынасын тәрбиелеудегі педагогтың міндеті - балаларды ұжымдағы мінез-қулық нормаларды бейнелейтін қылықтар жасауға жетектеу.
Қоғамдық орындарда, әуелі сол мектепке дейінуйымның балалар бақшасының өзінде балалардың мінез-құлық нормаларын қалыптастыру үлкен орын алады: адамдардың жағдайларын ескеру, олармен санасу. өз жұмысымен шұғылдана отырып, жанындағыларға бөгет жасамау, дәлізде жүргенде үлкендердің (дәрігер, меңгеруші) жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу, оқу сағаты кезінде тыныштық сақтау, тыныш киіну және т. б. сәби топтардан бастап үйретіледі.
Педагог балаларды көлікте, көшеде, басқа да қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстай білуге үйретеді. Ережелермен таныстырады: демалыс орнында ойнап жүргенде, онда дем алып отырғандарға бөгет жасамау, қалалық көлікте тыныштық сақтау, қарт адамдарға орын беру және т. б.
Балалар заттарға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді. Әр зат – еңбек нәтижесі екендігін, ол зат адам еңбегі болғандықтан ұқыпты қарау керектігі, ол затқа ұқыпсыздық көрсету адам еңбегін қадірлемеу екендігі түсіндіріледі. Балалар заттарды пайдалана білуге, үнемі орнына қоюға, оның сынық екенін көргенде үлкендерден көмек сұрап жөндетуге үйретіледі. Мектепке дейінгі ұйым заттарын күте білу дағдысын қалыптастыру үшін мектеп жасына дейінгі ересек балалар топ бөлмесін,

ауланы және т. б. жинап, тазалауға тартылады. Ұқыпты болуға тәрбиелей


отырып, педагог балаларды сараңдыққа, дүние құмарлыққа, басқалардікіне қалай болса солай қарап, тек өзінікін ғана сақтауға ұмтылуға жол бермейді.
Еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыратын мінез-құлық нормалары
орындайды, меңгертіледі. Сәбилер еңбек тапсырмаларын айналасындағы адамдардың еңбегіне ықыласпен қарауға үйретіледі. Бала үлкендерге еліктегіш келеді, шамасы келмесе де жұмысқа қатысқысы келеді: үстел үстіне ыдыстар қоюға, бір затты алып келуге немесе әперіп жіберуге қуана кіріседі.
Естияр топ балаларын тәрбиеші еңбек әрекеттерін өз бетінше
орындауға үйретеді, құрбыларына көмектесуге, ұжымға байланысты
жекелеген тапсырмаларды орындауға тәрбиелейді.
Ересек балалар еңбектің қажет екендігін түсінуге, тапсырылған іске
жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Бұл кезекшілердің тапсырмаларды орындауынан, еңбектегі дербестігінен, нұсқауларды дәл орындауға ұмтылуынан көрінеді.
Белгілі бір міндеттерді орындауға үйрету естияр топтан басталады. Педагог міндеттердің мағынасын, дер кезінде орындау қажеттігін түсіндіреді, міндеттерін орындауына көмектеседі.

Ересек балалар өз міндетіне үлкен жауапкершіліклен қарауға,


кезекшінің орындауға, оның маңызын түсінуге, өзіне тапсырылған іске қамқорлық жасауға, еңбекке өздігінен кірісуге, істі аяғына дейін жеткізуге тиіс.
Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеуде педагог сәбилерді тек
жолмен жүру, көгалды баспау, гүлдеп тұрған өсімдіктерді жұлмау, жерге
түскен жапырақтарды жинау керектәрбиелейді, табиғаттағы өзгерістерді байқауға, оның әдемілігін көруге, тіршілік иелерінің бәріне жанашырлықпен қарауға үйретеді.
Естияр топ балалары өсімдіктерді, жануарларды күтуге, оларға
қамқорлық жасауға тиіс.
Ересек топ балалары табиғатты бақылайды, салыстырады, жаңалықтарын атайды, тұқымдар жинайды, өсімдіктер өсіреді.
Тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары (23-сызба). Тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің маңызды шарты - тәрбиеші мен ата-аналардың беделі мен мәдениеті. Балалар тәртіптілігінің үлгісі педагог мәдениеті, оның балалармен, үлкендермен қарым-қатынасы. Тәрбиешінің ескерту
орнына кеңес беруі, әзіл қолдануы қателіктерді түзеуге көп мүмкіндік береді. Балалар бастамасына көңіл аудару, оны қолдау. сенім, мейірім - балалардың тәрбиешіге сенім артуының, оның тілегіне үн қосуының шарты болып табылады. Мұндай педагог балалар үшін үлкен бедел,
балалар одан қолдау естуге ұмтылады. Салқын сөйлесу, бұзылған тәртіп
үшін қатал көз тастау кінәлі баланы жіберілген қателіктерді тезірек
түзетуге, орынсыз қылығы үшін кешірім сұрауға итермелейді. Балалар
беделді тәрбиешілерге еліктейді.
Анасының мәдениеті баласының мінез-құлқынан көрінеді. Отбасы
мен оның мүшелері арасындағы өнегелі қарым-қатынасты бала үлгі
етеді, соған еліктейді.
Тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды шартының бірі - күн
тәртібінің нақты орындалуы. Күн тәртібінің дұрыс орындалуы
балаларды өздерін бір қалыпта ұстауға, іс-әрекеттің бір түрінен екінші
түріне дер кезінде ауысып, белсенді қызмет пен демалыс сағаттарын
ауыстырып тұруға мүмкіндік береді.
Күн тәртібіндегі киіну, жуыну сияқты әрекеттер балалардың
құрбылар ұжымындағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың
құралы. Тәрбиеші балаларды өтінішпен сыпайы сөйлесуге, өтіп кетуге
рұқсат сұрауға, жол беруге, өз көмегін ұсынуға үйретеді.
Күн тәртібінің нақты орындалуы жағымды мінез-құлық
қалыптастырып, уақыт жүйелілігін, салыстырмалы ұзақтығын түсінеді,
уақытты, күн тәртібіндегі келесі сәттерді ескере отырып, олар өз бетінше
іс-әрекеттер ұйымдастырады. Мысалы, сабақ арасында қимылды
ойындар, күндізгі ұйқыдан кейін аздаған уақытқа созылатын ұжымдық
шығармашылық ойындар, іс-әрекеттер, т. б.
Балалар үнемі болатын орындарды дурыс ұйымдастырудың
да маңызы аз емес. Әр түрлі материалдар, ойыншықтар, еңбекке
қолданатын куралдар басқа да жабдықтар іріктеп алуда балалардың
жасы, жинаған білім қоры, іскерлік деңгейі және айналаны түсінуі
ескеріледі. Жиһаздарды ыңғайлы қою, ойын материалдарын ойластыру.
балаларды ұжымға біріктіруге көмектесетін ойыншықтардың болуы
түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруға жағдай туғызады, балаларды
қызықтырады, ойнауға, еңбектенуге, қалаған іспен шуғылдануға
мүмкіндік береді де мінез-құлық кемшіліктерін болдырмайды.
Топтағы мейірімді жағдайға, мазмұны қызықты іс-әрекеттерге
тарбиешінің ерекше көңіл бөлуі балаларды үнемі бір нәрсемен
шұғылданып жүруге тәрбиелейді, олардың тұрмысын ұйымдастырады,
тәртібі мен мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуына жағдай туғызады
Тәртіпілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу
әдістемесі (24-сызба) . Балалардың мінез-құлқы қоғамның моральдық
нормаларына сай ережелермен реттеліп отырады: пайдаланған затты
орнына қою керек, топ бөлмесіне кіріп келгенде сәлемдесу керек, өтінішт
сыпайы айтып, көмек көрсеткені үшін алғыс айту керек және т. б.
Берілетін ережелер тыйым салу емес, көрсету түрінде болуу керек.
Баланың жаңа ережені үйренуін уақыт талап етеді. Тәрбиеші сәби
балаларға ережені орындау, ережені бұзбау керектігін олардың естеріне
салады: сырттан келгенде аяқтарын сүрту, тәрбиешінің көмекшісі
тазалап жуған еденді ластамау, т. б. түсіндіреді.
Естияр топ балаларына да жаңа ережені балалардың мазасын
алмайтындай етіп естеріне салып отыру керек, себебі оларда өзін-өзі
бақылай білу нашар дамыған. Мысалы, балалар арасында келіспеушілік
болған жағдайда тәрбиеші оларға: «ереже бойынша достар қалай істеу
керектігін білесіңдер, сендерді достаркелісе біледі деп ойлаймын. Қалай істеу
керек екенін кім айтады?» және т. б. Педагогтың оларды жақсы достар

деп айтқан сөзі оларды келістіріп, жолдастық өзара қарым- қатынастарының дамуына көмектеседі.


Жаттығуларды орындау үстінде балаларда ережелерге сәйкес мінез-құлық тәжірибесі қалыптасады.
Мінез-құлықты тәрбиелеуде педагогикалыптардың біртұтас болуы керек: бір тәрбиеші балалардан ережелерді дәл орындауды талап етіп, қалай істеуді түсіндіріп, екінші тәрбиеші оған жеткілікті көңіл бөлмесе, ол дұрыс болмайды. Бұл жағдайда балаларда үлкендердің ерекшеліктеріне бейімделу қаупі туады.
Мектеп жасына дейінгі балалар бірнеше талапты бірден есіне сақтап, өз қылықтарын соларға сәйкес реттеу алмайтындықтан мінез- құлық ережелері біртіндеп енгізіледі.
Мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда тәрбиешінің бақылауы үлкен орын алады: баланы қателесуден сақтандырады, ережені есіне салады, балалардың талапты қалай орындайтынын қадағалауға мүмкіндік береді.
Бақылау мен бағалау қатар жүргізіледі. Тәрбиеші мақтауға, жақсы
сөздер айтуға сараңдық жасамай балалардың қылықтарын қолдап,
көзқарасын білдіреді.
Балалардың қылықтарына берілген жағымсыз бағаларды пайдалану да маңызды. Жаман қылыққа берілген бағаны жеке балаға таңбау керек. Педагогтың мынадай қарама-қарсы салыстыруы тиімді тәсіл бола алады: «Сен сияқты жақсы баланың, өз жолдасын ренжіткені түсініксіз». Бұл сөзде баланың қылығына ренжу бар
Балалардың мінез-құлқына деген талап үнемі күрделендіріліп отырады, онда балалар тәжірибесін, ережелерді меңгеру дәрежесін, мінез-құлқын тәртіптеу қабілетін ескереді.
Дұрыс мінез-құлыққа үйрете отырып, сәбилер тобында тәрбиеші талапты мүмкіндігінше қатал қояды, себебі оларға өз мінез-құлықтарын реттеу қиын, ол баланың тіл алғыш болуы, қарапайып мінез-құлық ережелерін өздігінен орындай алуы үшін жүйелі, сабырлы жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі естияр топта балалар алғашқы ережелерді игереді, тәрбиеші олардың өздігінен орындауын қадағалайды, ал бұзған жағдайда қателерін түзету әдісін қолданады. Бұл жаста балалардың өз мінез-құлқын тәртіптеу жөнінде үлкен мүмкіншіліктер бар. Бала көбінесе үлкендердің талабына қарама-қарсы қылық жасап, содан кейін өз қылығының дұрыс емес екендігін түсінетіндіктен педагогтың маңызды міндеті - тәртіп бұзуды болдырмау, бұған ережелерді баланың есіне салып алдын-ала баға беріп отыру көмектеседі.
Тәртіптілік дағдылары мен мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуы ересек балаларда тұрақтала бастайды, мінез-құлыққа қабілеті шұғыл өседі, осының арқасында балалар жағымсыз қылықтан тартынып, қалыптасқан ережелерді саналы түрде орындай бастайды. Балалар арасында қалыптасқан достық, жолдастық қарым-қатынас балаға көнуге, келісімге келуге, топ балалары арасында болып отыратын айтыс,
таластарды сабырмен шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиеші балаларға
қатаң талап қойып, олардың ережені тез және дәл оындауға бағыт беріп
отырады.
Тәртіптілік және мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде мектепке
дейінгі ұйым мен отбасының балаларға қоятын талабы бірдей болуы
керек. Балалар арасында болып отыратын дау-жанжал, тәртіп бұзу,
ережелерге бағынбау мектепке дейінгі ұйым мен отбасында балаларға
қойылатын талаптардың бір жерден шықпауында, оған ықпал жасау
әдістерінің бірдей болмауында. Мысалы, ата-аналардың бірі бала өзін
тындамаса көбінесе қорқытуды, жекіруді қолданса немесе бүгін төсегін
баланың өзі жинап, ертең оны ата-ананың бірі жинайтын болса, онда
тәрбиешіге дұрыс нәтижеге жету қиынға соғады. Мұндай жағдайда
орындалатын талап қоюды баланы мақтаумен, оның мінез-құлқына
бақылау жасаумен ұштастыру керек.
Тәртіп бұзу бала шаршағанда, бір істі қайталай беруден
жалыққанда, бір нәрсені ұзақ күткенде немесе ауырар алдында болады,
сондықтан тәрбиеші баланың жағдайын ескеріп оларды бір істен
екіншісіне дер кезінде ауыстырып отыру керек. Топтағы жөнсіз тыйым
салу, шексіз күттіру ашуландырады, ол немен шұғылдануды білмей
белгіленген ережелерді жиі бұзады.

Тәртіп бұзу себептері балалар өмірінің балалар іс-әрекетінің мазмұнына, қиыншылықты жеңуі үшін көрсетілген көмекке байланысты. Себебі тәртіпті көбінесе қандай да бір іс-әрекетке нақты ынтасы жоқ балалар бұзады. Мұндайда баланы бір іс-әрекетке тартып, оны ұйымдастыруға көмектесу, кеңестер беру керек. Бала қатты ашуланып, ешқандай кеңесті де, ұсынысты да тындамағысы


келмесе, оның басылып, қалыпты жағдайға келуіне мүмкіндік беріп, тек содан кейін ғана әр түрлі жұмысқа қосу керек.
Педагогқа жазалау шарасын қолдануға тура келетін кездер де
болады және мұны бала тәртіпті кездейсоқ бұзбағанына көзі жеткенде
ғана істеу керек. Мұндай жағдайда тәрбиеші балаға біраз уақыт құрбыларымен ойнауға тыйым салады. «Мен саған жолдастарыңмен ойнауға рұқсат ете алмаймын. Мен олармен тым дөрекі сөйлесесің, тіл таба алмайсың. Менің қасымда, жалғыз өзің ойна» жөне т. б.
Балалардың арасында жанжал туатын келады, мұндай жағдайда педагог олардың әрқайсысының кінәсін айтып, екеуіне де ықпал жасауы тиіс. Балаларға өз кінәларын мойындауға, олардың қарым-қатынастарын жөнге салуға көмектесу - педагогтың міндеті. Балалар шағын топ болып та ойнайды. Шағын топ арасында да болған мұндай жағдай болуы мүмкін. Мысалы, топ бөлмесінде доп ойнап жүрген
балалардың добы екінші шағын топтағы балалардың салған құрылысын бұзып кетті. Олар допты ең соңғы тастаған баланы кінәлайды. Бәрі бірге
ойнағандықтан әрқайсысы аздап болса да кінәлі, өйткені бөлме ішінде
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұрып-соғу, балалардың жүйкесін
зақымдайтын, оның жеке басын қорлайтын, денсаулығына зиян
келтіретін жазалар қолдануға болмайды. Оны білуге тәрбиеші міндетті.
Мысалы: тамақ бермеу, серуенге шығармай қою, топ бөлмесінен
шығарып жіберу, күлкі ету, лақап ат қою, қорқыту және т. б.
Балалар шағымдары. Мектепке дейінгі балалар жиі
шағымданады. Мұндай жағдайда баланы шағым айтуға мәжбүр еткен
себептерді білу, істің мәніне түсіну керек.
Бала шағымы күнделікті өмірде топта пайда болған балалардың
бірінің мінез-құлқының белгіленген ережелерге сай келмейтініне
байланысты айтылады. Мысалы, педагог бейнелеу өнерінен сабаққа
қажетті түрлі-түсті бояулар, қағаздар, қылқаламдар және т. б. жұмыс
үстелінің үстіне әзірлеп қойды. Балалар педагогтың үстелінің үстінен еш
нәрсені алуға болмайтындығын біледі. Топқа жаңа келген баланың
педагог үстелінің үстіндегі заттарға қызығып, бояу мен қылқалам
алғанын көрген екінші бала құрбысын ережеге қайшы іс істеді деп
ұғынып шағым айтады.
Мұндай жағдайда тәрбиеші енгізілген ережені сақтау керек
екендігін айта отырып, баланың жасын және жана келгендігін, енді
қайталамайтындығын түсіндіреді: «Анар дұрыс айтады, үстелдегі
заттарды алмау керек. Мен оны сабақ үстінде барлық балаға таратып
беремін, Жанар сен алған заттарды үстел үстіне қой. Балалардың
барлығы сабаққа отырғанда, сен маған таратуға көмектесесің»
Педагог ережені орындауға балаға көмектеседі, оның қайсарлық
жасауына, ашу туғызуына жол бермейді.
Естияр топтың баласы осындай іс-әрекет жасаса, педагог ережені
орындау қажеттегін есіне салады, бұл жаста балалар өздерін ұстай
алатындарын, тыйым салуды бұзбайтындатап көрсетеді.
Шағымданған балаға бұдан былай өз құрбысын тоқтатып, топта
қолданылатын ережені оның есіне салу керек екендігін-айтады.
Балалар шағымы көбінесе басқа балалардың қылығына, қарым-
қатынасына риза болмаған жағдайда ренішін айтып, тәрбиешіден көмек
сұрайды (ойыншықты тартып алды, мазақтерді және т. б. Педагогқа шатақты әділ шешу керек. Мысалы, балалардың өзін ойынға қатыстырмаған балалар туралы шағымданса, олардың неліктен бұлай істеп отырғандарын анықтауды ұсынады. Үнемі бірінші болғысы келіп, олармен таласқанын немесе ойында ол үшін лайықты роль табылмағанын анықтайды. Кейде балалар бірін-бірі түсінбеулері мүмкін.
Бұл мәселені барлық балалар арасында талқылап, құрбысын жалпы
ойынға кіргізу үшін балаларға көмектесуіне (роль табу, өзара қарым-
қатынастарын жақсату және т. б.) болады.
Тәрбиеші балалардың бірін-бірі ұруына, итеріп жіберуіне қатаң
тыйым салады.
Шағымды орынсыз тым көп айта беретіндерге мұндай мінездің
дұрыс емес екендігін тәрбиеші түсіндіруі және оны балалар ұжымында
талқыламауы керек.
Тәрбиеші мектепке дейінгі ересек балаларға болған жанжалды өздері талдауына көмектеседі, оларды шағым айтудың орнына, бірін-бірі тыңдауға, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге, сендіруге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет