Жаңа ойыншықпен таныстыру әдістемесі. Жаңа ойыншық- балаларды қуанышқа бөлейді. Балаларды жаңа ойыншықпен таныстыру әдістемесі. Тәрбиешінің алдына қандай мақсат қоюына байланысты. Тәрбиеші балалардың назарын жаңа ойыншықта бейнеленген затқа аударып, соны көрсетіп, заттың қасиетін, оның сапасын айтып береді.
Ойыншықтар техниканы, адамды, аңды, жәндікті, т.б. бейнелейді. Мұндай ойыншықты көрсете отырып, тәрбиеші оған өзінің оң көзқарасын білдіреді, сол арқылы балалардың оған ықыласын туғызады.
Атқаратын қызметін, онымен жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсете отырып тәрбиеші мазмұнды- моторлы ойыншықтармен таныстырады.
Ал көңілді, қызық ойыншықты көрсетер алдында қызықтыратын, балаларды ойландыратын ескерту жасап қояды. Жаңа бір нәрсені күту балалардың ынтасын күшейтіп, ойыншықты қуана қарсы алуға дайындайды.
Ойыншық нәзік болса және тетігі абайлап ұстауды қажет етсе, бұл жөнінде балаларға ескертіп, сынып не бұзылып қалғанда ренжімес үшін оны күтіп ұстаудың тәсілдерін айтып, көрсетіп білу керек.
Кез келген ойыншықты ойыннан бөліп алуға, көрнекі құралға айналдыруға болмайды. Балалар ойыншықты ойын үстінде, ойын әрекеттері кезінде игереді.
Балалардың ойыншықпен ойнауы, ойнау тәсілдерін меңгеруі түрлі ойыншықтар жөнінде бірдей емес. Біреулері балалардың өздігінен ойнауына тез көндігіп кетеді, енді біреулері неғұрлым баяу енгізуді, бірнеше рет ойнап көрсетуді керек етеді.
Мысалы, өте әдемі, бірақ таныс емес адамды бейнелейтін қуыршақпен танысуда балалар оны жақсы көріп кетуі мүмкін, бірақ қалай ойнау керектігін білмейді. Мұндайда балалар жай ойын әрекеттерін ғана жасайды: қуыршақты тамақтандырады, ұйықтауға жатқызады, киіндіреді т.б. Балалардың ойын дамытуы үшін педагог әр түрлі ойыншықтарды- қуыршықтың «серіктерін»: оның киімін, тұрмыс, еңбек заттарын бірнеше рет қайалап көрсетеді. Балаларды жаңа ойыншықпен таныстыруда тәрбиеші ойын элементтерін пайдаланады: қуыршақтың атынан оның қайдан келгенін, қай жерде тұрғанын, қандай ертегілер, өлеңдер, ойындар білетінін, т.б. айтады. Ойыншыққа ықылас туғызып, балалардың назар аударуына қажет нәрселердің бәрін хабарлап болып, педагог жаңа ойыншықпен ойын ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |