Педагогика


Бірінші сыныптағы оқу - тәрбие жұмысы



бет104/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

11. 2. Бірінші сыныптағы оқу - тәрбие жұмысы
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы оқу жоспарымен, оқу
бағдарламасымен анықталады.
Мемлекеттік құжат ретінде оқу жоспарында оқу орнының
мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес міндетті оқу пәндерінің тізімі
беріледі. Ол оқу пәндерінің өзара байланысын, оларды оқыту жүйесін, әр
пән бойынша берілетін білім мен іскерлікті анықтайды.

Оқу бағдарламасы - оқу пәнінің міндеттері мен мазмұнын ашып


көрсететін мемелекеттік құжат, онда тақырыпты оқу көлемі мен жүйесі
анықталады. Бағдарламада пәндердің мақсаттары мен міндеттері, оқу
материалына тән ерекшелік, оқушылармен жұмыс әдісінің негізгі
ұстанымдары көрсетіледі.
Бағдарлама барлық пәндер бойынша ұсынылады.
Сабақ - оқу-тәрбие жұмысының негізгі нысаны. Мұғалім баланы
жан-жақты дамытуға бағытталған сыныптан тырбие жұмысының
алуан түрлерін пайдаланады.
Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны жоспарларда нақтыланады.
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп байланысының нысандары.
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы байланыстың мынадай
екі жолын атауға болады:
1) мектепке дейінгі ұйым мен мектеп педагогтары ұжымдарының
тығыз байланысы;
2) мектеп жасына дейінгі балалар менінші сынып
оқушыларының араласуы.
Балалардың дамуын анықтау және мектеп талабына сәйкестігін
қамтамасыз ету мақсатында тәрбиешілер бастауыш сыныптардағы оқу-
тәрбие жұмысының мазмұнымен және өзіндік ерекшелігімен танысады.
Ал мұғалімдер балалардың мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне
сүйену мақсатында балалар бақшасында жүзеге асырылған тәрбие,
білім беру жұмысының мазмұны туралы мәлімет алады.
Бұл педагогтар ұжымдарының арасындағы байланыс нысандары
алуан түрлі:
1) 1 сынып пен мектепке дейінгі ұйым бағдарламаларын бірлесіп
талқылау, зерттеп үйрену, олардың сабақтастығын терең түсіну;
2) мұғалімдердің мектепке даярлық топтағы жұмыс нысандарымен,
балалар алған білімнің, іскерліктің дәрежесімен танысу мақсатында
жылдың басында, ортасында, аяғында балалар бақшасындағы
сабақтарға қатысуы, балаларды қадағалап отыруы, жекелеген
балалармен әңгімелесуі, мектепке даярлық топтағы жұмыс
қорытындылары бойынша балалар
бақшасында өткізілетін
педагогикалық кеңестерге қатысуы;
3) өз шәкірттерінің жаңа ұжымға өзін қалай көрсеткенін, 1 сынып
бағдарламасын қалай меңгергенін, қандай қиыншылықтарға кездескенін
білу мақсатында мектептегі оқытудың алғашқы айларында тәрбиешіге өз
шәкірттерін қадағалау;
4) 1 сынып оқушыларының үлгерім қорытындысы бойынша
өткізілетін педагогикалық кеңеске қатысу;
5) мектепке дейінгі балалардың мектепке жан-жақты дайындық
мәселелері бойынша конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізу;
6) педагогикалық және психологиялық әдебиет жаңалықтарын
бірлесіп талқылау, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің балаларды мектепке бірлесіп дайындау жұмысының озық төжірибесімен
танысу.
Мұндай байланыстар нәтижесінде олар өзара түсінісіп,
тәрбиешілер мектеп талаптарына, балаларды мектепке дайындау
міндеттеріне, ал мұғалімдер, балалар бақшасының міндеттеріне, ондағы
жұмыс мазмұны мен әдістеріне терең мән береді.
Мектепке даярлық топ балалары мен мектеп оқушыларының
арасындағы байланыс оқу жылы бойы жалғасады; балалар мектепке
саяхат жасау, мектеп мұражайына, кітапханаға, шеберханаға бару
сабақтарды, ертеңгіліктерді, музыкалық-әдеби кештерді, суреттер мен
бұйымдар көрмелерін бірлесіп өткізу, балалар бақшасының бұрынғы
шәкірттерімен кездесулер, әңгімелер өткізу. Бұл балаларды мектепте
оқуға дайындау міндетін ойдағыдай шешудің қажетті шарты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет