Педагогика


отбасымен жұмыстың шарттары



бет112/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

13. 4. отбасымен жұмыстың шарттары
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының балаларды тәрбиелеудегі
бірлігіне көмектесетіндей болуы, педагогикалық мәдениетінің дәрежесін
арттыру үшін отбасымен жұмыстың шарттары мынадай:
1) жұмысты мақсатты, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізу,
2) әрбір отбасы мен баланы жақсы білудің негізінде нақты және
саралап қарау;
3) тәрбиешінің және ұйымның басқа да қызметкенлерінің ата-
аналармен жағымды қарым-қатынасы.
Ата-аналарға арналған кез келген жұмыс - әңгіме, баяндама,
қалқан -- белгілі мақсатқа жетуге бағытталуы тиіс. Мысалы, қалқанға
«Бала сұрағына қалай жауап беру керек» деген тақырыпта кеңес ілінеді.
Оның мақсаты ата-аналарға тән қателіктің алдын алу: олар әдетте
өздеріне тиімді нәрсеге көп көңіл бөліп, балаға қызық нәрсені ескере
бермейді, баланың әлі кішкентай екендігін сылтау қылады, т. б.
Жұмысты жоспарлы, жүйелі, үзіліссіз жүргізу, мәселелердің бірізді
күрделенуі тиіс. Баланың жеке басын қалыптастыру үшін дене, ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелеудің бірлігі ретінде
кешенді қарау талап етіледі.
Жұмыс нақты болғанда ғана, ата-аналарға педагогикалақ білім
беру нәтижелі болмақ. Педагог баяндамалар, лекциялар, әңгімелер,
ақыл-кеңестер кезінде айтылған теориялық және әдістемелік
мәселелерді отбасында қалай қолдану керектігін ата-аналардың
түсінуіне көмектеседі. Ата-аналарға кеңес және ұсыныс беру үшін
тәрбиеші әр баланың жасы мен жеке ерекшелігін, отбасындағы тұрмысы
мен тәрбиесін жақсы білу керек. Отбасындағы мәселелері ортақ ата-
аналармен әңгімелер бөлек, әкелермен, әжелермен, аталармен
өткізілетін әңгімелер бөлек, балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін
аналармен өткізілетін әңгімелер бөлек. Отбасына талап қою немесе
ұсыныстар жасау ата-аналардың мүмкіншілігіне, жағдайына,
педагогикалық мәдениет дәрежесіне қарай нақтыланады, балалардың
отбасыларына саралап қарау - осы.
Ата-аналармен жағымды қарым-қатынастың да маңызы үлкен.
Баланы жан-жақты дамытуда отбасы мектепке дейінгі ұйым
мүддесінің бірлігі қажет:
- тәрбиешінің бала тағдырына тікелей мүдделі адам екенін көрген
ата-ана, оған жақын адамы ретінде, сеніммен, құрметпен қарайды;
-білікті маман, мәдениетті, әдепті, ізгі ниетті, инабатты адам екенін
көрген ата-ананың алдында тәрбиешінің беделі жоғары болады.
Төрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы оларга еңбекқор, өз
шәкіртінің әкесі мен шешесі ретінде құрметпен қарауға негізделгендіктен
тәрбиеші тарапынан ата-аналарға жалаң ақыл үйрету, уағыз айту
тұрғысынан әдепсіздікке жол беруге болмайды. Педагогтың ата-
аналармен қарым-қатынасының жоғары мәдениеті бала тәрбиесінде
езара түсінісу мен бірлік орнату үшін қолайлы негіз қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет