Педагогика


балаларды дұрыс тәрбиелеу шарттары



бет110/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

13. 2. балаларды дұрыс тәрбиелеу шарттары
Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуін А. С. Макаренко былай көрсеткен: «балаларды
тәрбиелеу - біздің өміріміздегі ең жауапты сала… Дұрыс тәрбиелеу - бұл
біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің болашақ
қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар
алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз». Ата-ана балаларын
тәрбиелей отырып, болашақ еңбеккерлерді, азаматтарды, әкелер мен
аналарды қалыптастырады.
Педагогикалық білімнің қажеттігі мынада: тәрбиенің мақсаты
мен міндеттерін, оларды жүзеге асыру жолдарын түсіну, отбасындағы
бала тәрбиесін ойдағыдай жүзеге асыру, отбасы мен балалар
бақшасындағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату. Ата-ана өзінің
тілегінің қандай екенін айқын сезінуі, өз баласын кім етіп тәрбиелегісі
келетінін, олардың бойынан қандай сапалар көргісі келетінін білуі тиіс.
Дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана баланы жақсы білу, жақсы түсіну керек,
бұл үшін педагогикалық білім қажет. Педагогикалық білім ата-аналарға
баланың мінез-құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын
таңдауға мүмкіндік береді.
Отбасы әмірін дурыс ұйымдастыруда жұбайлар теңдігі,
отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы, бірін-бірі құрметтеуі және
біріне-бірі қамқорлық жасауы, патриоттық сезім, еңбек сүйгіштік, тәртіп
пен отбасы дәстүрі, ересектердің балаға қоятын талаптарының бірлігі
маңызды. Отбасында материалдық және рухани қажеттер қатар
дамитындай ұйымдастырылуы тиіс.
Ата-ана беделінің бала тәрбиесінде маңызы зор. Ата-ананың
беделі - олардың азаматтық келбеті, олардың өмірі, жұмысы, мінез-
құлқы. өз отбасы үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі болып
табылады. Ата-ана еңбекті, қоғамдық қызметті отбасындағы
міндеттермен ұштастыратын, балаларының өміріне көңіл бөліп, оларға
басшылық жасап отыратын болса, беделге ие болады, мұның анаға да,
әкеге де бірдей қатысы бар.
Ата-ананың балаға көзқарасы табиғи және махабббат сезіміне
негізделген. Ата-ананың балаға деген махаббаты шектен тыс болмауы
керек, ол баланың жеке басына деген талаппен, құрметпен ұштасуы
керек. Баланы шексіз жақсы көріп, талаптарын екі етпей орындап, ашық
түрде үздіге жақсы көру, оның кішкентай жетістігін жер-көкке сиғызбай
мақтау - сәбиге зиян келтіреді, оны өзімшіл етеді, ерік-жігерін әлсіретеді.
Балаға деген мұндай сүйіспеншілік соқыр сүйіспеншілік. А. С. Макаренко
ата-ананың балаға бұлай қарауын «асып-төгілген махаббат» деп
сипаттаған.
Балаларға дұрыс қарау, еркелету, жұмсақтық, баланың мүмкіншілігі
мен жасын ескеруді талап етеді. Макаренко: "баланы қалағаныңызша еркелетіңіз, қалжыңдаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болғанда қысқа, бір-ақ рет тәртіпке сала біліңіз…" деп ата-аналарға кеңес берген. Ата-ана балалармен қарым-қатынаста сабырлы, салмақты, жылы жүзді болып, оны іскерпікпен ұштастырып отыруға тиіс.
Балаға дұрыс қарау - бала кішкентай, тәжірибесі, білімі аз болғанымен,
адам деп құрметтеу, олармен қарым-қатынас жасау, өзіне жағдай туғызу
құқығын қадірлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет