Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
13. 5. отбасыменжұмыстың нысандары мен МАЗМҰНЫ Отбасымен жұмыстың нысандары. Отбасымен жұмыс жеке
және ұжымдық нысанда жүргізіледі.
Отбасымен жұмыстың жеке нысандары әр отбасын, оның
тұрмысын, бала тәрбиелеу жүйесін жақсы білуді, өзара түсіністік пен
сенім қалыптастыруды талап етеді. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері
ата-аналармен жеке жұмыстың мынадай нысандарын пайдаланады:
- әңгімелер;
-кеңестер;
-отбасына бару;
- жекелеген аналарды, әкелерді балалар бақшасына шақыру;
- жеке ескерткіш кітапшалар мен жылжыма-папкалар жасау.
Әңгіме таңертең және кешке, балаларды балалар бақшасына
әкелген және үйге алған кезде өткізілуі мүмкін. Тәрбиеші әңгіме өткізу
үшін ата-аналарды немесе отбасының басқа мүшелерін арнайы шақыра
алады. Таңертеңгі кездесу әңгімелері қысқа, бірақ баланың көңіл-күйін
білуде, оның жақындарының көңілін көтеріп, сенім сезімін туғызады
маңызды. Баланың кешкі уақытты және түнді қалай өткізгенін сұрап,
тәрбиеші ата-аналарға бүгінгі жұмыстарды: мақсатты серуенге
баратынын, музыка сабағы болатынын т. б. мүмкіндігінше қысқа
Кешкі әңгімелердің уақыты қысқа, педагог олардың кейбір ата-анаға
баланың өзін қалай ұстағанын, не нәрсеге назар аудару керек екенін
айтады: баласының жақсы кезекші болғанын, оған өзі тұратын көшемен
танысып келуге тапсырма берілгенін, сондықтан балаға көмектесу
керектігін естеріне салады. Баланың үстінен ата-анаға шағым айту
педагогтың дәрменсіздігін дәлелдейді және шағымның әсері
педагогикалық тұрғыдан жарамсыз болып шығуы мүмкін.
Кешке баланың шашының өсіп кеткені, аяқ киімінің тарлығы т. б.
сияқты сыртқы бейнесіне қатысты ескертулер айтылуы мүмкін және оны
әдепті түрде балаға деген қамқорлыққа негіздей отырып айту керек.
Әңгіменің қысқа, мазмұнды, пайдалы болуы үшін тәрбиешінің
жақсы дайындығы, ізгі ниеті болуы керек.
Ата-аналармен мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі де, дәрігерлер
де әңгімелеседі.
Бала тәрбиесінде жіберілген қандай да бір ағаттықтарды талдау,
жағдайды түзету үшін қажеттігі туған кезде кеңес, нұсқау берулер
өткізіледі: баланың қиқарлық себебі отбасындағы теріс тәрбие екеніне
көзі жеткен төрбиеші қиқарлық себебін түсіндіріп, оны жоюдың жолдарын
айту үшін баланың анасын немесе әкесін кеңеске шақырады.
Ата-аналардың ықыласпен тыңдап, сұрақ қоюы, кейбір ақыл-
кеңестерді жазып алуы үшін жағдай туғыза отырып, кеңес беруді
тәрбиеші, дәрігер, ұйым меңгерушісі, логопед, заңгер өткізеді.
Кеңес өткізу бастамасы тәрбиешіден де, ата-аналардан да шығуы
мүмкін. Кеңес нәтижесі педагогтың сол отбасындағы бала тәрбиелеу
жүйесін білуіне, берілген ақыл-кеңес пен нұсқаудың сапасына
байланысты. Кеңестен кейін араға біраз уақыт салып, берілген кеңесті
ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуде қалай пайдаланып жүргенін
сұрайды.
Отбасын зерттеу, ата-аналармен байланыс жасау, нақты көмек
көрсету үшін тәрбиеші отбасына баруы қажет. Тәрбиешіден әр барған
сайын жақсы дайындық, әдептілік, инабаттылық, нұсқау беру нақтылығы
талап етіледі.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы түсіністік, сенім мен
байланыс көбінесе алғашқы барудың қалай өткеніне байланысты.
Тәрбиеші барар алдында отбасы құрамын, ата-аналар мамандығын,
жұмыс орнын, үй мен балалар бақшасына, үй мен жұмыс орнына дейін
қанша уақыт қажет екендігін біліп алады. Баланың даму дәрежесі
жөнінде мәлімет алып, ата-аналармен бірге талқылау керек сәттерді
айқындап алу тәрбиешіге отбасына баруды нәтижелі етеді: бес жастағы
бала балалар бақшасында жеткілікті тәуелсіздік көрсете алмаса, өзіне-
өзі қызмет етуі нашар болса, тәрбиешінің отбасына барған кезде
анықтайтыны мыналар: бала үйде нені өзі істейді? Қандай
тапсырмаларды орындай алады? Педагогтың ақылыкеңестері мен
ұсыныстары отбасындағы әңгіме нәтижесіне байланысты болады.
Баланың отбасына алғашқыдан кейінгі баруларда: баланың үйдегі
ойын, еңбек әрекеттерінің, т. б. қалай ұйымдастырылатынын және
басқарылатынын білуге көмектеседі. Тәрбиеші өзінің баратын уақытын
ата-анамен алдын ала келісіп алады.
Сәбилердің отбасында тәрбиеші ата-аналармен дербестік,
гигиеналық дағдылар тәрбиелеу, тіл дамыту туралы әңгіме қозғаса,
ересек балалардың ата-аналарымен балалардың ойынын, еңбегін
басқару, кітапты пайдалану, адамгершілік-ерік сапаларын қалыптасыру
туралы әңгімелеседі.
Отбасында болу нәтижелерін жазып отырған жөн.
Кейбір ата-аналарды педагог бала мінез-құлқындағы кейбір
ерекшеліктерді көрсету мақсатында мектепке дейінгі ұйымға шақырады:
Қайратты үйінде өзіне өзі қызмет етуге қабілетсіз деп есептеген, ол үшін бәрін өздері істейтін ата-ана баласының топта өзін қалай ұстайтынын, оның кезекші міндетін атқарғанын, серуенге шыққанда өзі киінгенін көзімен көреді.
Тәрбиеші ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым жұмысына тартып,
тапсырмалар береді: қуыршақтарға ұлттық немесе кәсіби киімдер тігу.
ойыншықтарды жөндеу, аулада ойынға арналған үйшік салу, топты
мерекеге дайындауға көмектесу, қабырға қалқанына мақала жазу т. б.
Ата-аналар кездесетін қиыншылықтарды, бала тәрбиесіндегі
қателіктерді ескере отырып, тәрбиеші ақыл-кеңестер мен ұсыныстар,
ата-аналарға көмектесуге арналған материалды жеке папкаға жинап,
отбастарына кезектестіріп беріп отырады.
Баланың саяжайға, ата-әжелерге кетуіне байланысты отбасынан
бөлек тұратын мезгілінде тәрбиеші ата-аналармен хабарыасып тұрады.
Хаттарды балалар үлкен қуанышпен қабыл алады.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыста балалардың жасына,
отбасы жағдайына қарамастан ата-аналар ұжымының талқысына
салуды керек ететін мәселелер болады:
-ата-аналардың беделі;
-бала тәрбиесіндегі отбасының ролі, ата-аналардың міндеттері
туралы заңдар;
- балаларды мектепке дайындау
мектепке дейінгі ұйымның бір жылға арналған жоспары;
- ата-аналар жұртшылығының жұмысы, т. б.
Отбасымен жұмыстың ұжымдық нысандары мыналар: ата-
аналардың топтық және жалпы жиналыстары, топтық кеңестер, ата-
аналарға арналған кештер.
Ата-аналар жиналыстарына мектепке дейінгі ұйымда
тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың немесе жас ерекшелік топ
балаларының ата-аналары шақырылады. Жиналыстар мақсаты - ата-
аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетін
көтеру, бала тәрбиесінде көмек көрсету. Ата-аналар назарына белгілі бір
тәрбие мәселелері бойынша баяндама ұсынылады, ол ата-аналармен
талқыланады.
Балалар бақшасы мен отбасының алдында тирған бала дамуы мен
тәрбие міндеттеріне, отбасындағы тәрбиенің жағдайына қарай ата-
аналар жиналыстарының тақырыптары айқындалады.
Жалпы ата-аналар жиналыстарының тақырыптары топ
жиналыстарынан өзгеше болады. Топ жиналыстарында сол жастағы
балалардың ата-аналары үшін өзекті мәселелер талқыланады.
Жиналыстың табысты болуы тәрбиешілер меа-аналардың
дайындығына байланысты. Тәрбиеші баяндама дайындайды, көрнекі
материалды реттейді, ата-аналарға хабарлайды. Баяндамада мектепке
дейінгі ұйымда жүргізілген жұмысқа, отбасындағы тәрбиеге талдау
жасайды, бала тәрбиесі бойынша бірнеше ата-анамен олардың
жиналыста сөйлеуі туралы келісіп алады, Топта балалар салған
суреттер көрмесі, оларға арнап жазылған әдеби шығармалар, музыка
шығармалары жазылған таспалар дайындалады. Бұл жиналысты
қызықты әрі нәтижелі етеді.
20-25 минуттан аспайтын баяндама көрнекі құралдармен, балалар
еңбектерінен мысалдармен, әдебиеттер көрсетумен, фильмдермен,
слайдтармен толықтырылады. Мысалдар пайдалануда ата-аналар
психологиясын ескеру керек: жағымды мысалдар басым болуға тиіс, ал
жағымсыз мысалдар көрсету өте сақтықты, әдептілікті керек етеді.
Мұндай жағдайда ешкімнің атын атамай, жиналыстан соң оңаша
әңгімеде баланың кемшілігін немесе оған отбасындағы теріс көзқарасты
қалай жоюға болатыны туралы әңгімені жалғастырған дұрыс.
Меңгеруші балабақшаға жаңа келген балалардың ата-аналарымен
алғашқы жиналысты ерекше жоспар бойынша өткізеді: оларға құрал-жабдықтарын
көрсетеді, оның балабақшаның үйін, қызметкерлермен таныстырады. Тәрбиешілер мектепке дейінгі ұйым бағдарламасы, балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары туралы айтып береді, балалар бақшасының талаптары мен күн тәртібіне сәйкес
сақталуға тиіс ережелермен таныстырады.
Жылдық ата-аналар жиналыстарында тәрбиешілер еткен жылы балалармен жүргізілген білім-тәрбие жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп береді, алдағы жылдың міндеттерін хабарлайды,
мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен отбасының бірлесіп күш
жұмсауын талап етеді. Мұнда ата-аналар жұртшылығы өз жұмысы
туралы есеп береді, оның жаңа құрамы сайланады. Жиналыста
болмаған ата-аналармен кеңестер өткізіледі.
Ата-аналарға арналған баяндамалар, лекциялар балалар
бақшасының қабырғасынан тыс жерлерде де ұйымдастырылады; кейде
бір ауданда орналасқан мектепке дейінгі бірнеше ұйымның ата-
аналарын біріктіреді.
Топтағы кеңес берулер отбасындағы тәрбиені зерттеу
нәтижесінен туындайды. Мысалы, белгілі бір іс-әрекеттер бойынша
жеткілікті көңіл білмейтін ата-аналар топтастырылып шақырылады.
Меңгеруші, дәрігер, логопед, музыкалық жетекші де өз құзыретіндегі
мәселелер бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Ата-аналарға арналған кештер мен үйірмелер тақырыптық
сипатта болады: «Балаларға арналған музыкалар», "Кітап және бала»,
«Балаларға базарлық». Бұл жұмыс қысқаша хабардан соң
жиналғандарға балалардың, балалар бақшасы қызметкерлерінің, ата-
аналардың өнерін, бастамасын көрумен ерекше. Мысалы, музыкалық
жетекшінің сөзінен кейін балалар өздері үйренген әндерді, билерді
орындайды.
Ата-аналарға көмектесу мақсатында оларға арнап қысқа мерзімді
курстар ұйымдастырылады, онда ата-аналар балалар киімін пішуді,
тігуді, тоқуды, алуан түрлі тағамдарды пісіруді, балалар әндерін, қолдан
ойыншықтар жасауды т. б. үйренеді.
Отбасымен жұмыста көрнекілікешенді пайдалану
тәрбиешінің балалармен жұмысын көрсету, техникалық құралдарды
пайдалану, көркем қалқандар, суреттер т. б. ұйымдастыру арқылы
қамтамасыз етіледі,
Ата-аналар үшін «Ашық есік» күндері ұйымдастырылады, бұлар бір
жылға жоспарланады. Ол туралы ата-аналарға ерте бастан
хабарланады: ата-аналар балалардың сабағын, ойын және еңбек
әрекетін, серуендеуін бақылайды, тәрбиешінің қандай әдіс-тәсілдер
пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін
ұжымда қалай ұстайтынын кереді.
Балалардың қалай сөйлейтінін, олар орындайтын әндер, оқыған
өлеңдер, әңгімелер дыбыс жазатын техника арқылы ата-аналардың
назарына ұсынылады.
Ата-аналарға балалар шығармашылығынан кәрмелер
ұйымдастырылады: салған суреттері, жапсырған, құрастырған, табиғи
материалдан жасаған бұйымдары таныстырылады.
Ата-аналар жұртшылығының ролі маңызды. Балалар
бақшасының жалпы ата-аналар жиналысында сайланатын ата-аналар
жұртшылығы болады. Оған барлық жас топтардағы балалардың ата-
аналарынан өкілдер кіреді.
Ата-аналар жұртшылығы өз жұмысын «Балалар бақшасындағы
ата-аналар жұртшылығы туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырады.
Оның жұмысы бір жылға жоспарланады. Әрптағы ата-аналар
белсенділері мүмкіндігінше тәрбиешілерге көмектеседі, ата-аналарды
кейбір міндеттер мен тапсырмаларды орындауға тартады.
Қоғамдық бақылау және көмек көрсету мақсатында ата-аналар
жұртшылығы мектепке дейінгі ұйымда ата-аналар кезекшілігін
ұйымдастырады
Ата-аналар белсенділері педагогикалық білім беруді ұйымдастырады.
Педагогикалық насихат жұмысы барлық ересек адамдардың
әуелі ата-аналардың балалар мен жастарды тәрбиелеуге даярлығын
талап етеді. Сондықтан ересектер арасында педагогикалық білімді
насихаттау ісі ұйымдастырылады. Ата-аналарға арналған курстардың
мақсаты барлық аналар мен әкелерді педагогикалық біліммен
қамтамасыз ету.
Педагогикалық білімді насихаттау теледидар және радио
хабарлары түрінде, мерзімді баспасөзде, арнайы журналдар арқылы
жүзеге асырылады.
Жас отбасы мектептері, жас ата-аналар клубтары, демалыс күнгі
отбасы клубтары, тәрбие тақырыбындағы педагагтар, дәрігерлер,
заңгерлер жүргізетін ауызша журналдар жұмысы пайдалы.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері, әуелі тәрбиешілер
педагогикалық насихатқа белсене қатысады, мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу ұйымдарының лекторлары мен кеңесшілері ретінде көп
жұмыс атқарады,