XII бөлім бойынша бекіту сұрақтары: 1. Жоспарлаудың қажеттілігі неде?
2. Жоспарлаудың мақсаты қандай?
3. Жоспарлаудың қандай түрлері қолданылады?
4. Білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны нені қалайды?
Жылдық жоспар мен күнтізбектік жоспардың айырмашылығы
неде?
ХІІІ бөлім Отбасымен жұмыс 13. 1. отбасының рөлі Жас ұрпақты тәрбиелеудің табысты болуы мемлекеттік тәрбие
мекемелерінде, отбасында жүзеге асырылатын қоғамдық тәрбиенің
ықпалының бірлігінде. Бұл бірлік - қоғамға пайдалы, Отанға берілген
азаматтар қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеуде мемлекет пен отбасы
мүддесінің сәйкес келуінде.
Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролі мынада:
-бала өз қатарларының арасында қоғамдық мінез-құлықтың
алғашқы дағдыларын үйренеді;
-ондағы тәрбие ғылыми негізделген сипатта болады;
-тәрбие беру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ортада
өтеді;
-оны кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады.
Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролін мойындау баланың жеке басын
қалыптастырудағы отбасы ролін кеміту емес. Қоғамның алғашқы ұясы -
отбасында бала дүниеге келеді; бұл шағын әлеуметтік топ - бала үшін
алғашқы өмір мектебі. Баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі - ата-
ана. Бала ата-ана сүйіспеншілігі мен қамқорлығына өзінің оларға
мейлінше бауыр басуымен, сүйіспеншілік сезімімен, олардың беделін
мойындаумен, солардан өнеге алумен, солар сияқты болуға ұмтылумен
жауап қайырады.
Отбасының маңызы кішкене балаларды тәрбиелеуде ерекше: ата-
ананың басшылығымен олар қоршаған дүние туралы алғашқы
түсініктерді меңгереді, Отанға сүйіспеншілік, адамгершілік мінез-құлық
негіздерін қалыптастыру, балаларды қоғам талаптарына сәйкес
тәрбиелеу отбасында басталады. Отбасында жіберілген қателіктер
балалардың дамуына теріс әсер етеді, аса күрделі қайта тәрбиелеу
қажеттігін туғызады. Бұл қателіктер ата-аналарда педагогикалық
мәдениеттің жеткіліксіз дәрежеде болуынан. Өз баласына жақсылық
тілеу, болашақ азамат етіп тәрбиелесем деген ниет - аз. сол тәрбиені
жүргізе білу керек.
Бала тәрбиесіндегі педагогикалық мәселелерді меңгеруде ата-
аналарға мектепке дейінгі ұйым педагогтары маңызды роль атқарады.
Педагог отбасы мен балалар бақшасының балаға тәрбие берудегі бірлігі
мен өзара ынтымағын орнатуға, ата-аналарды педагогикалық біліммен
қаруландыруға, оларға көмек көрсетуге міндетті.