Педагогика


ОТБАСЫМЕН ЖұМЫСТАҒЫ МІНДЕТТЕР



бет111/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

13. 3. ОТБАСЫМЕН ЖұМЫСТАҒЫ МІНДЕТТЕР
Отбасымен жұмыс міндеттері мынадай:
- балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату;
ата-аналарға педагогикалық білім беру:
отбасындағы тәрбиенің озық тәжірибесін зерттеу және тарату;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым өмірімен және қызметімен
таныстыру.
Бала тәрбиесінде бірлік орнату мектепке дейінгі ұйымның
отбасымен жұмысындағы міндет. Бала тәрбиесінде бірлік мінез-құлық
қалыптастырады, дағдылар, білімдер, іскерліктер менгеруді тездетеді,
балалар алдында ата-аналар мен тәрбиешілердің беделінің артуына
көмектеседі. Бұл бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі.
Ата-аналарға педагогикалық білім беру тәрбиешілердің міндеті:
бала туралы, баланың даму заңдылықтары туралы, мектепте оқуға
дайындау туралы білім алуына көмектеседі. Педагог ата-аналарды
психология, педагогика, анатомия, физиология және гигиена
мәселелерімен таныстырады. Ата-аналар балалардың ойынын басқару,
олардын сұрақтарына дұрыс жауап беру, шынықтыруды жүзеге асыру
т. б. үйренеді.
Отбасындағы тәрбиені зерттеу және тарату үшін тәрбиеші
балалардың отбасыларына барып, ата-аналармен әнгімелеседі,
олардың демалыс күндердегі тіршілігінің ұйымдастырылуын бақылайды.
Тәрбиеші бір отбасында еңбек тәрбиесінші отбасында
эстетикалық тәрбиенің қалай жолға қойылғаның көреді. Отбасындағы
тәрбиені көру, оны қолдау негізінде ата-ана назарын бала тәрбиесіндегі
шешілмеген міндеттерге аударады.
Отбасылардағы озық тәжірибе жиналыстарда, конференцияларда
басқа ата-аналар назарына ұсынылады. Топ балалары отбасыларының
өмірінен алынған жағымды мысалдарды пайдалану ата-аналардын
сенімін күшейте түседі.
Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым өмірімен таныстыру
бала тәрбиесінде бірлік орнату, ата-аналарға балабақша, бөбекжай-
бақша дегеннің не екенін, онда балалар өмірі қалай
ұйымдастырылғанын, тәрбиешілердің міндеттерін, балалардың күні
бойғы іс-әрекеттерін, олардың мінез-құлқына қойылатын талаптарды,
ата-аналарға арналған ережелерді білу қажеттігі үшін жүргізіледі.
Тәрбиешілер, мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі, музыка жетекшісі
ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымірі мен жұмысының
педагогикалық негіздерін, отбасымен ынтымақтастықта жұмыс істеудің
қажеттігін атап көрсетеді. Мүмкіндігіне қарай оларға мектепке дейінгі
мекеме өмірінің түрлі жақтарын көрсетіп отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет