Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
14. 7. мектепке дейінгі ұйым басшысы Меңгеруші - мектепке дейінгі ұйымның ұйымдастырушысы және
басшысы. Меңгерушінің міндеттері мен құқықтары «Мектепке дейінгі
ұйымның Жарғысында" белгіленеді.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілікке техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу орнын бітірген немесе жоғары педагогикалық білімі бар,
педагогтық жұмыс өтілі екі-үш жылдан кем емес маман тағайындалады.
Ол мектепке дейінгі ұйымды педагогикалық және гигиеналық тапаптарға
сәйкес білім-тәрбие ісін жүзеге асыру үшін қажетті жағдаймен
қамтамасыз етуге міндетті.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісіне қойылатын талаптар
мынадай;
- жоғары саналылық пен саяси кемелділік;
- ұстанымдылық;
- өзіне және қарамағындағыларға талап қоя білушілік;
мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне құрметпен қарай білу.
Меңгеруші өз білімін үздіксіз көтеріп отыруға, бала тәрбиесі
бойынша теория мен тәжірибені терең меңгеруге, мектепке дейінгі ұйым
алдында тұрған міндеттерді білуге, өз білімін қызметте пайдалана білуге
тиіс.
Меңгеруші бағдарламалық, әдістемелік, нұсқаулық, нормативтік
құжаттарды жақсы білуі, оларды өз жұмысында басшылыққа алып
отыруы қажет.
Мектепке дейінгі ұйым басшысы қызметкерлердің жұмысына үнемі
бақылау жасап, оларға әдістемелік көмек көрсетеді, олардың еңбегін
әділ бағалап, кемшіліктерге төзбеуге тәрбиелейді.
Меңгеруші іске мемлекеттік тұрғыдан қарауға тиіс.
Меңгеруші жұмысының мазмұны мектепке дейінгі ұйым алдында
тұрған міндеттерге байланысты:
- әкімшілік-шаруашылық және педагогикалық қызметке басшылық
ету;
әдістемелік және тәрбие жұмысына басшылық ету;
- ата-аналармен жұмысқа басшылық ету.
Әкімшілік-шаруашылық және педагогикалық жұмыс балалардың
өмірі мен қызметі, оларды тәрбиелеу мен оқыту үшін материалдық
жағдайлар жасауға бағытталады. Меңгеруші мектепке дейінгі ұйымның
үй-жайларының, ауласының жабдықталуын, жұмыстарының
жүргізілуін, педагогикалық құралдар мен ойыншықтармен қамтамасыз
етілуін жүзеге асырады. Ол мектепке дейінгі ұйымның қаржы-жоспарлау
жұмысына басшылық етеді, қызметкерлер іріктеу, жазғы сауықтыру
шараларын, жаңа оқу жылына дайындық, балалар мерекелерін өткізу,
санитарлық-гигиеналық жағдайға бақылау жасау жұмыстарын жүзеге
асырады.
Мектепке дейінгі ұйымның қызмет көрсетушілерінің құрамы
мынадай: шаруашылық меңгерушісі, есепші, аспазиы, кір жуушы, ағаш
ұстасы, т. б. Шарушылық меңгерушісі қызмет көрсетушілердің жұмысына
басшылық жасайды және мектепке дейінгі ұйым мүлкінің сақталуы
бойынша материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі ұжымдағы әдістемелік және
нысандарда тәрбие жұмысына басшылық жасауды
педагогикалық кеңестер, педагогикалық оқуупар, оқу сағаттары, сеуендер, ашық байқаулар; педагогикалық кабинет жұмысын ұйымдастыру;
жас ерекшелік топтарын аралау, жалпы және тақырыптық тексерулер жүргізу;
тәрбие жұмысының жоспарын қарау және талдау;
жеке және ұжымдық кеңес берулер өткізу,
Педагогикалық кеңес тұрақты жұмыс істейтін орган, ол
тәрбиешілердің мамандық шеберлік жөтілдіру нысандарының бірі. Онда
балаларды тәрбиелеу мен оқыту өзекті мәселелері талқыланады,
шешімдерді орындау бойынша нақты шаралар белгіленеді, мектепке
дейінгі ұйым бағдарламасын тәжірибеге енгізіледі, озық тәжірибені
зерттеу, жинақтау және тарату мәселелері қозғалады.
Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны жылдың жоспарда
көрсетіледі.
Педагогикалық кеңестің құрамына меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер,
тәрбиеші-мейірбикелер, музыка жетекшісі, дәрігер, ата-аналар
жұртшылығының төрағасы кіреді. Кеңестің барлық мүшелері дауыс беру
алады. Кеңестің төрағасы - меңгеруші, оқу жылына тұрақты хатшы
сайланады. Кеңес мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі.
Тәжірибе алмасу мақсатымен оқу сағаттарын, серуендерді,
ойындарды, күн тәртібіндегі іс-шараларды байқау жұмысы жүргізіледі.
Оқу сағаттарын байқау меңгеруші мен әдістердің басшылығымен
өткізіледі және талқыланады, жақсы жақтары аталып, кемшіліктерді жою
үшін ұсыныстар жасалады.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық кабинетінде қажетті
саяси, әдістемелік және балалар әденекі құралдар,
педагогикалық құжаттар - жылдық күнтізбелік жұмыс жоспарлары,
есептер, тәрбиешінің, музыка жетектериалдары
баяндамалар, сабақ жоспарлары, тәрбие жұмысының жоспарлары мен
есептері, балалар ойындарына сипаттама жазбалар, ата-аналар
жиналыстарының, ашық сабақтардың хаттамалары, балалар еңбектері,
фотоқалқандар болады,
Меңгеруші жас ерекшелік топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының
бағдарламаға сәйкестігіне, жоспарланған жұмыстың нәтижесіне қарай
ұжымдық және жеке кеңес берулер өткізеді.
Меңгеруші жас тәрбиешілерге педагогикалық шеберлікті меңгеруге,
ата-аналармен байланыс орнатуына көмектеседі.
Меңгеруші мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарын жасайды:
өткен жылғы жұмыс жағдайына талдау жасайды, баға береді, педагог
кадрлардың құрамын, олардың іскерлік сапаларын ескереді. Осыған
байланысты ұжым жүзеге асыруға тиісті негізгі міндеттер белгіленеді.
Жоспардың міндеттері нақты шаралармен көрсетілуі тиіс. Ол
шаралардың орындалу мерзімі, орындауға жауапты адамдар
белгіленеді. Жоспар өндірістік кеңесте немесе педагогикалық кеңесте
талданып, бекітіледі.
Жылдық жоспар негізінде айлық жоспар жасалады.
Жұмысқа басшылықты жүзеге асыру үшін меңгеруші жас ерекшелік
топтарын аралап қарайтын, ата-аналарды қабылдайтын, шаруашылық
мәселелерді шешетін тұрақты күндерді белгілейді.
Оқу жылының соңында істелген жұмыстың қорытындысы
шығарылады. Бұл үшін тәрбиешілердің есептері, меңгерушінің бақылау
қорытындылары, жүргізілген әдістемелік және өндірістік жұмыстардың
хаттамалары пайдаланылады. Есептің қорытындылары келесі жылдың
міндеттерін белгілеуге негіз болады.