Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
14. 6. МЕКТЕПКЕДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІСІ Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балаларға білім-тәрбие беру,
оларды мектепте оқуға дайындау ісін жүзеге асырады. Техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орнын бітірген немесе жоғары білімі бар
тәрбиеші Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы іс-
әрекеттерін терең түсінетін, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз деңгейінде
белесене қатысатын, педагоптық шеберлігі жеткілікті маман болуы керек.
Тәрбиешінің саяси сауаттылығы оның бала тәрбиесіндегі еңбегі
Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге, педагогикалық
міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарауға, өз шеберлігін үнемі
жетілдіріп, қызметтес жолдастарына шын пейілмен көмектесуге
мүмкіндік береді.
Тәрбиеші шеберлігі бірте-бірте қалыптасады. Техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орындарында болашақ тәрбиешілер алған
теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға машықтанады,
«Тәрбиешінің шеберлігі талантты керек ететін ерекше бір өнер
емес, бірақ ол музыкантты, дәрігерді шеберлікке қалай үйрету керек
болса, солай үйретуді керек ететін мамандық»
A. С. Макаренко.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі теория мен тәжірибені
ұштастыра алатын, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын
түсінетін, қоғамдық-саяси белсенділік, жалпы және мектепке дейінгі
педагогиканы, балалар психологиясын, физиологиясын меңгерген,
педагогикалық құбылыстарды талдауға ғылыми қарайтын,
баланы жан-жақты дамыту ісін ойдағыдай жүзеге асыратын маман
болуы тиіс.
Талапқа сай тәрбиешілер өз тәжірибесін қорытып, ғылыми-
тәжірибелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда ортаға салып
отырады, баспасөзге жариялайды. Осылай өз еңбегімен мектепке дейінгі
тәрбие теориясы мен тәжірибесін дамытуға үлесін қосады.
Отбасымен тығыз байланыста болып, ата-аналарға бала
тәрбиесіне көмектеседі.
Тәрбиеші - ұжым мүшесі, оның педагогтық шеберлішгі, жеке
қасиеттері ұжымда көрінеді. Мектепке дейінгі ұйым мен міндеті
арқылы ұжым шығармашылығын дамытуға, тәрбие тиімділігін арттыруға,
әр педагогтың моральдық бейнесі мен педагогикалық шеберлігін
жетілдіруге көмектеседі. Тәрбиеші өз міндеті мен жауапкершілігін
түсінетін, мақсат қоя білетін, табанды, өзіне сын көзбен қарайтын педагог
болуға тиіс. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін ән
айтып, би билеу, сәнді қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем шығарма оқу
маңызды.
Тәрбиеші мектепке дейінгі ұйым тапсырмаларынан бастап
Отандық деңгейдегі мемлекеттік басқару ісіне қатысуға дейін мүмкіндігі
бар азамат.