Педагогика



бет54/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ойын әдістері. Ойын әдістері мен тәсілдері оқытуда балалардың көңілін оқыту мазмұнына аударады, танымдық іс-әрекет пен ойын арасындағы байланысқа мүмкіндік береді. Олар – дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, қимылды ойындар, эпизоттық ойын тәсілдері; жұмбақтар, еліктеу жаттығулары, тапсырманы орындау барысындағы ойын қимылдары. Бұлардың ролі әсіресе сәбилер тобында ерекше.
Мұнаралар, түрлі-түсті шарлар, сыналар сияқты дидактикалық ойыншықтармен ойналатын ойындар арқылы балалар көлемді, түсті, пішінді ажырата білуді, олардың қасиеттерін сөзбен атауды үйренеді.
Дидактикалық ойын сәбилер тобында негізгі сағаттардың бөлігі. «Қуыршақты ұйқыға жатқызады», «Қуыршақ серуенге шығады», «Қуыршақ тамақтанады», «Қуыршаққа бөлме жасайық» және т.б. дидактикалық қуыршақтармен ойнау тұрмыс заттары туралы білімдерді нақтылайды, нығайтады. Бұл ойындар заттарды көру және балаларға сұрақтар беру арқылы жүргізіледі.
Дидактикалық ойындар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарды оқытуда білімді бекіту және жағымды көңіл–күй туғызу мақсатында өткізіледі, қарапайым математикалық ұғым қалыптастыру үшін: «Қаншасыншы қуыршақ жоқ?», «Әрі қарай сана», «Келесі санды ата» ойындары; тіл дамыту, сөздік қорды молайту, грамматикалық

құрылысын қалыптастыру, дыбыс шығаруға жаттықтыру үшін: «Сипатына қарай ажырат», «Керісінше айт», «Сөйлемді аяқта» ойындары; табиғатпен танысу сабақтарында «Сабақ пен тамыр», «Бұтақтағы балапандар» ойындары өткізіледі.


Драмалық ойындар – көркем әдебиетпен таныстыру, тіл дамыту үшін; қимылды ойындар – қимыл-қозғалысты дамыту үшін; музыкалық-дидактикалық ойындар – музыкалық тәрбие беру үшін пайдаланылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау. Материалдық мазмұнына, балалардың жас ерекшелігіне, олардың білім деңгейіне қарай оқыту әдістері мен тәсілдері таңдалады. Мысалы, балаларды заттармен, жануарлармен, құстармен таныстыру үшін көру, бақылау, суреттерді, диафильмдерді пайдалану әдістерін таңдаған дұрыс, жануарлардың қылықтары туралы түсінікті кеңейту керек болса, көркем әдебиетті пайдаланған жөн.
Сәбилер тобында әңгімелесуге үйретуде суреттер, ойыншықтар көрсету, естияр тобында – шағын ертегілерді, әңгімелерді суреттер бойынша айтып беру, ересектер және мектепке даярлық топтарында жоспар, бастап беру, еске түсіру және т.б. бойынша шығармашылық әңгіме өткізу қолданылады.
Оқыту әдістері балалардың біліміне, жаттығу дәрежесіне сәйкес өзгеріп отырады, сурет салуға үйретуде әуелі үлгі беріледі, сонан кейін балалар бейнелерді түрлендіру үшін бірнеше үлгілер беріледі. Ал ойдан сурет салу қажетті дағдылар мен іскерліктер қалыптасқан соң ұсынылады.
Педагог ересектер тобында сабақты жоспарлай отырып, заттардың қандай материалдардан жасалғаны туралы балалармен әңгіме өткізуге, заттарды көрсетуге, оған түсінік беруге, суға бататын және батпайтын заттар туралы оңай тәжірибиені бақылауға, шыныдан, ағаштан, металодан жасалған заттарды атауға ұсыныс беру арқылы кімнің көбірек атайтынын байқап, анықтауға болатын дидактикалық ойын таңдайды.
Оқытудың әдістері мен тәсілдерін мақсатты түрде іріктеп ала отырып, педагог білім іскерліктері мен дағдыларының жоғары сапасымен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет