Педагогика



бет53/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

5.6. ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Әдістер мен тәсілдер ұғымы. Әдістер мен тәсілдер (19-сызба)
оқыту әрекетінде пайдаланылады. Әдістер арқылы балалар білімді,
іскерлікті, дағдыны игеріп, танымдық қабілеттерін дамытса, тәсіл
әдістің бір бөлігі болып табылады.
Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді
қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын
жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын
әдеби шығармалар оқып толықтырады, көлік қозғалысын немесе басқа
қимыл-әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді,
сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың
көңілін көтеру үшін өлең оқиды.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері мыналар: көрнекі,
ауызша айту, тәжірибелік және ойын әдістері.
Көрнекілік әдістері. Көрнекілік әдістерінің мектепке дейінгі ұйымдағы оқытуда орны ерекше. Көрнекіліктің дидактикалық ұстанымына сәйкес пайдаланылады. Көрнекілік әдістері балаларға жаңа білім беруде кең қолданылады. Көрнекілік әдістеріне заттар, құбылыстар сияқты табиғи объектілерді, суреттер, тұлыптар сияқты көрнекі куралдарды, модельдерді, үлгілерді және басқаларды көрсету жатады. Интернет материалдары, диафильмдер, кинофильмдер, магнитофон жазбалары, телевизия, радио хабарлары және т. б сияқты оқытудын
техникалық құралдарын қолдану маңызды. Көрнекілік әдістерінің
тәсілдері мынадай: бақылау, заттарды көрсету, үлгі көрсету, қимыл
әдістерін көрсету, кинофильмдер мен диафильмдер пайдалану,
дидактикалық құралдар.
Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды мақсатты, жоспарлы түрде ұзақ қабылдауда бақылаудың орны үлкен. Бақылауың мақсаты - балаларға заттар немесе кубылыстарды көрсету, айналадағы жағдай өзгерістерін байқауды үйрету. Балалар ересек адамдардың еңбек әрекетін, көлік қозғалысын, жануарларды, өсімдіктердегі және жансыз табиғаттағы өзгерістерді бақылайды.
Тәрбиеші балалар алдына танымдық міндет қоя отырып,
объектілерді зерттеудің түрлі тәсілдерін, бақылау әрекетін үйретеді, алға
қойылған міндет бойынша өзбетінше жоспарлауды, елеулі белгілерді
іріктеп ала білуді қалыптастырады.
Бақылау мынадай шарттарды орындауды қажет етеді
балаларға бақыланатын объектіге тән ерекшеліктерді көруге
қолайлы орын мен сәттер таңдап алу;
балаларға қойылатын сұрақтар мен ккерсетулер бақыланатын
обьектінің әр түрлі белгілеріне бағытталуы;
балалардың көңілін бақылауға тікелей байланысы жоқ
сурақтармен бөлмеу, тақырыптан тыс оқиғалар туралы әңгіме қозғамау.
Тәрбиеші бақылау обьектісі жөнінде балалардың не білетіндігін
анықтау және не нәрсеге ерекше көңіл аудару керектігін білу үшін
бақылаудың алдында әңгіме өткізеді.
Келін қозғалысын бақылау үшін саяхатқа баратын орын туралы
тәрбиеші кіріспе әңгіме өткізеді. Балалар көше қозғалысы ережесі
туралы, көшедегі көлік пен жаяу адамдар жүрісінің тәртібін кім
қадағалайтыны туралы не білетінін анықтайды, саяхат кезінде тәртіп
ережесін түсіндіреді. Педагог алдын-ала ойластырған көшенің
қиылысына жеткен соң, балаларды көшеде жүріп жатқан адамдар
көрінетіндей және оларға ешқандай қауіп төнбейтіндей етіп
орналастырады. Осыдан кейін балалардың назарын бақылау
обьектілеріне: етіп жатқан келіктерге, бағдаршамға, реттеуші поиция
қызметкеріне аударады. Балаларға: «Реттеуші полиция қызметкері не
істеп түр? Бағдаршамның жарықтары қандай ретпен жанады? Көше
қозғалысын реттейтін белгілер қандай?» - деген сұрақтар қояды.
Педагог содан кейін балаларға айналадағыны бақылау үшін 4-5 минут
уақыт береді, балалардан көргендерін сұрап, жауаптарын нақтылап,
бақылауға қорытынды жасайды, Саяхаттан келген соң балалар
көргендерін еске түсіріп, құрылыс материалдарынан бағдаршам, көше
белгілерін, көліктерді, реттеуші полиция қызметкері бар көше жасауға
тапсырма береді, балалардың алған білімдерін жетілдіріледі.
Бақылау мазмұны біртіндеп күрделендіріледі. Ауа райы, құстар,
балықтар, жануарлар, өсімдіктер, маусымдық құбылыстан бақыланады.
Оқытудың тәсілдерінің бірі заттарды көрсету. Оқыту барысында балаларға қуыршақ киімдері, ойыншық жиһаздар мен шын жиһаздар, ыдыстар, үй заттары, еңбек құралдары, сурет салуға, мүсін жасауға, құрастыруға қажетті жабдықтар көрсетіледі. Заттар барлық бала жақсы көре алатындай етіп орналастырылып, тәрбиеші қысқа және нақты көрсете отырып, түсіндіреді: «Мына қылқалам сурет салуға арналған. Ол ұзын, оның ұшы үлпілдек қыл. Бояуға аздап су тамызып, қылқаламды бояуға салып, бояу езілген соң сурет саламыз».
Айналамен таныстыруда, тіл дамытуда, суреттер керсету жиі
пайдаланылады. Балалар бақшасында байқауға мүмкін емес заттар мен
құбылыстарды (аңдар, т. б.), көрсетуде суреттердің орны ерекше.
Сурет барлық балаларға жақсы көрінуі үшін үлкен және оған бейнеленген заттар нақты болуға тиіс. Педагог балалардың назарын әуелі суреттегі бейненің мазмұнын анықтауға, содан кейін оның белшектеріне аударады. Ол суреттегі бейненің балаларға бұрын таныс- таныс еместігін ескереді: 1) балалардың тәжірибесіне сүйене отырып, педагог суреттің мазмұнын түсіндіреді; 2) сурет мазмұнын олардың өздеріне айтқызады. Педагог балалар назарын керекті бір нәрселерге ерекше бағыттап, суреттегі нәрселерді әдейі айтып, көрсетіп, олардың білімін, тәжірибесін дамытуға тырысады.
Бейнелеу, құрастыру әрекетіне үйрету үшін пайдаланылатын тәсілдердің бірі үлгі көрсету. Үлгі көрсетуде суреттер, жапсыру, құрастыру заттары пайдаланылады және олар келесі үлкен, түсі ашық, бояуы тартымды болуы тиіс. Үлгі бойынша жұмыс істеуге үйрету үшін оны әуелі қарап, балалармен бірге талдау қажет.
Дене тәрбиесі, музыка, бейнелеу өнері және т. б. сабақтарда тәрбиеші қимыл әдістерін көрсету тәсілін пайдаланады: музыка ырғағымен жаттығуларды, қозғалысты қалай орындау, сурет салу, ою, құрастыру кезінде қандай жүйемен және қалай орындау керек екенін көрсетеді.
Көруге ыңғайлы орын таңдалып, балалар қолайлы етіп
отырғызылып, қимыл әдістерін керсету жүзеге асырылады. Мысалы,
тәрбиеші дене шынықтыру кезінде бойы аласа балалар саптың алдына,
биіктерін артына тұрғызады; музыка сүйемелдеуімен қимыл жасауда
балалар оларды әр жағынан көруі үшін шеңбер ішінде орындайды.
Жүресінен отырып, жатып, отырып орындалатын жаттығулар балаларға
қырынан тұрып көрсетілгені жақсы; суретті қайшымен қиюды көрсетуді
балалар бір бүйірден көретіндей етіп орындау қажет және т. б.
Балаларға анық көрінуі үшін әр қимыл айқын, дәл, бөлек-бөлек
болуы керек және сөзбен түсіндіріліп отырады. Дене шынықтыру және
музыка сабақтарында қимылды көрсетуге баапаларды тартуға болады,
бірақ талап етілген қимылдарды олар дұрыс орындайтын болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепке даярлық
топтарында интернет материалдары, кинофильмдер, диафильмдер,
диапозитивтер және т. б. пайдаланыланылады. Бұл оқыту өрекетін
қызықты етеді, балаларды айналадағы ортамен таныстыру мүмкіндігі
кеңейеді, себебі өмірде тікелей танысуға мүмкін болмайтын
құбылыстарды көрсетуге болады.
Экран арқылы заттарды әр түрлі жағдайда: ірі, орташа және жалпы
түрде, көрсету мүмкіндігі болады. Балалар фильмдерден алған
әсерлерін бір-бірімен бөлісіп, суреттерінде,
әңгімелерінде, Ойындарында бейнелейді.
Балаларға тәрбиелік ықпалы жағынан оқу фильмдерінің маңызы
үлкен: кітап шығару, стол жасау, астық өсіру туралы фильмдерді көрген
балалар айналадағы заттарды дайындауда көп еңбек сіңіру керектігіне
көз жеткізеді, оларға ұқыпты қарауға, адам еңбегін құрметтеуге үйренеді.
Фильмдер көруді бақылаумен, заттарды көрумен, сөздермен, кітап
оқумен ұштастырған жөн. Фильмдерді паидалану ұзаққа созылмауға тиіс:
балалар бақшасында бір бөлімді фильмдер 9-10 минуттан
аспауы керек немесе олардан үзінділер пайдаланылады.
Тәрбиеші балалардың фильм жөнінде қаншалықты білетіндігін
анықтап алу мақсатында әңгіме өткізіп, балаларды фильмді қабылдауға
даярлайды. Сабақтарда фильм көрсету бірнеше бөлімдерден тұруы
мүмкін:
- фильм көрсету алдында әңгіме өткізу;
тәрбиешінің қысқа хабарламасы;
фильмнен кейін балалар орындайтын тапсырма беру;
фильмді көргеннен кейін балаларға алған әсерлерін, не ұнағаның
өңгімелеуге мүмкіндік беру.
5-6 күннен кейін балалардың білімін анықтау, фильм туралы
әңгімені жүйелеу мақсатында фильмді қайталап көруді ұсынуға болады,
Мектепке дейінгі ұйымда оқытудың көрнекілігін қамтамасыз ету
үшін бағдарламаның барлық бөлімдері, айналамен танысу бойынша
қажетті дидактикалық құралдар мен матермалдар болуға тиіс.
Оқу міндеттерін жүзеге асыру үшін сәйкес арнайы жасалған заттар
- дидактикалық құралдар: көрнекті құралдар, дидактикалық материал.
Топ балаларының барлығымен сабақ арналған табиғи
заттар, көрсетуге арнайы іріктелген ойыншықтар, суреттер, муляждар,
сызбалар - көрнекі құралдарға жатады.
Әр баланың жеке пайдалануы үшін үлестіріліп берілетін материал
дидактикалық материал. Дидактикалық материал есептеп үйрену,
кәлемді, түсті, форманы, кеңістік қатынастарын, құбылыстарға тән
белгілерді және т. б. ажырата білу үшін арнайы жасалған.
Әдістемелік кабинетте балаларды айналамен таныстыру
бағдарламасының барлық тақырыптары бойынша құралдар іріктелген
болуы тиіс: 1) әр түрлі маусымдарға арналған киімдер кешені, төсек-
орын кешені, асхана және шай ыдыстары, жиһаздар, жуыну-сәндену
заттары бар дидактикалық қуыршақтар, көлік түрлерін бейнелейтін
ойыншықтар, заттық және мазмұндық суреттер; 2) «Пошта» «Киім қалай
тігіледі», «Нан қалай келеді?», «Мектеп», «Балалар бақшасы» т. б
Балалар қолданатын құралдарға мынадай талаптар қойылады:
- олардың нақты оқу-тәрбие міндеттеріне жауап бере алуы,
- балалардың жасына сай болуы;
- алуан түсті, көркем, тартымды, сапалы болуы.
Құрал ретінде қолдану үшін сәбилер тобында ойыншықтар,
ересектер мен даярлық топтарында - суреттер, есеп, бейнелеу әрекеті
үшін арнайы жасалған құралдар және модельдер, сызбалар сияқты
шартты бейнелерді пайдаланады.
Пайдалану үшін жасалған құралдардың пішіні нақты, құрылысы анық, көлемі үлкен, үйретілетін қасиеттері жақсы бейнеленген және алып жүруге, сақтауға қолайлы болуы керек.
Балаларға үлестіретін материалды жеке қораптарда сақтау керек.
Ауызша айту әдістері. Көрнекті әдістер сөзбен, түсіндірумен тығыз байланысты. Балалардың қабылдауы түсіндіру арқылы анықталады. Оқытуда бірде көрсету, бірде түсіндіру негізгі орынға ие. Көрсетудің немесе түсіндірудің негізгі болуы балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дәрежесіне байланысты. Көрсету біртіндеп сөзбен түсіндірумен алмаса бастайды. Тәрбиеші үнемі түсіндіру тәсілдерін пайдаланады: сабақ басында тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, көрсету барысында әр қимылға түсінік береді.
Түсіндіру нақты, балаларға ұғымды болуы керек.
Ауызша айту әдістерінің тәсілдері: әңгіме, оқу, әңгіме өткізу.
Қоршаған ортадағы оқиғалар, құбылыстар, табиғат жөнінде жаңа
білімдерді, мәліметтерді балаларға хабарлау үшін тәрбиеші әңгіме
пайдаланады.
Мазмұнды, қызықты, әсерлі әңгіменің рөлі зор. Әңгімеде тәрбиешіге баланың ақылына, сезіміне әсер ету үшін жеңіл әзіл араластырып қойған жақсы.
Тақырып бойынша еңгімені өздері аяқтау, ойлап айту үшін сурет беріп, балаларды әңгіме айтуға үйрету жүзеге асырылады. Әңгіменің мазмұны түсінікті, әдеби тілмен берілуге тиіс.
Ауызша айту әдістерінің бір тәсілі - оқу. Ол балалармен жұмыс жүргізуде көркем әдебиет оқу және әңгімелеп беруде пайдаланылады. Тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыруда, жаңа білімді хабарлауда жағымды көңіл күй туғызу үшін әңгіме, өлең, ертегі оқиды.
Педагог балаларға өлең жаттату үшін оны өзі жатқа білуі керек. Сондай-ақ ол ертегілер мен оның өзіне тән ерекшеліктерін жатқа айтқаны дұрыс. Балалар шығарманың идеялық мазмұнын терең түсінуі, кейіпкерлердің бейнесін жақсы сезінуі үшін педагог көркем әдебиетті шебер оқуы керек.
Ауызша айтудың негізгі әдістерінің бірі - әңгіме өткізу. Алдын ала
сұрақтар дайындап, соның көмегімен тәрбиеші балалардың танымдық іс-
әрекетін дамытады, білетіндерін анықтап, жауаптарын түзейді,
дәлелдейді, жаңа мәліметтер береді, ойлануға үйретеді.
Сұрақ қою оқытуда балалар білімінің дұрыстығын тексеруге
мүмкіндік береді. Сұрақтар түсінікті, матермалды еске түсіруді, ойлануды
талап ететіндей болғаны жөн: балалар заттар мен құбылыстарды өзара
салыстыруға, байланыстарын ажыратуға тиіс. Дұрыс қойылған сұрақ
балаларды толық жауап беруге итермелейді.
Қаралған әдістер мен тәсілдердің бәрі көбіне жаңа білімді
хабарлап, балалардың өз бетінше әрекет етуіне бағытталған.
Тәжірибелік әдістер. Тәжірибелік әдістер балалардың алған
білімдерді естерінде сақтау үшін қолданылады. Балаларды оқытуда
олардың тәжірибелік істі ұйымдастыруға көмектесетін, олардың жаңа білімдерді. іскерлік пен дағдыны игеруге жетелейтін әдістер қолданылады.
Тәжірибелік әдістер - балалардың алдынақты міндет қояды: дайын үлгі бойынша не істеу керектігі немесе нұсқаулар бойынша тапсырманы қалай орындау керектігі болуы мүмкін.
Жаттығу - тәжірибелік әдістердің тәсілі, ол арқылы балалар қажетті іскерлік пен дағдыларды меңгереді. Бала өзі істеп жаттығу арқылы педагогтың көрсеткенін, түсіндіргенін жетіндіреді, өзі істеп жаттығу арқылы сурет салуды, қайшымен қиюды, есептеуді меңгереді іскерлік пен дағды қалыптастырады. Сондықтан оқытуды түсіндіру мен көрсетуден гөрі тәжірибелік іс-әрекет көп орын алатындай етіп ұйымдастырған дұрыс. Түсіндіруге кеткен уақыт оқу уақытының 15 - нен
ен артық болмауы үшін түсіндіру нақты, қысқа, анық болуға тиіс.
Ойлауды дамыту үшін балаға өз бетімен талдау жасату, талдауды қалай жасау жолдарын белгілеуге тарту қажет. Баланың қолына дайын үлгі берілмей, құрылыс, сурет сияқты дайын обьектіге керекті жағдайларды түсіндіру керек. Балалардың алдына қойылатын мұндай міндет «тәсілі» жағдайға қарай «тапсырма» деп аталады. Мысалы, «Үлкен жылқы және кішкентай құлын сиятындай үй сал, екеуі де терезеге қарап тұратын болсын».
Тәжірибелік әдістер көрнекілікпен тығыз байланысты, ол үлгі
немесе койылған шарттар көрнекі болуы керектігінен көрінеді. Дайын үлгі
бойынша тәжірибелік іс-әрекет жасату үшін педагог балалардың алдын
ала қабылдауына және талдауына мүмкіндік жасайды. Себебі балалар
заттарды өз бетінше елестете алмайды, олар үшін бір құрылысты
тұрғызу, суретін салу сияқты тәжірибелік міндеттер негізгі міндет боп
қабылданып, балалар соған кірісуге асығады. Бұл қателіктерге, тіпті
тапсырмалардың орындалмай қалуына апарып соқтырады.
Балалардың үлгіні дұрыс қабылдауы, талдай білуі істің сәтті
болуын анықтайды. Сондықтан тәжірибелік әдістерде қимыл тәсілдерін
және берілген тапсырма бойынша талдау тәсілдерін көрсету маңызды.
Балаларда өзін-өзі бақылауды дамыту мақсатында тапсырманың
орындалуынан шыққан нәтижені берілген тапсырмамен салыстыртып,
дурыс істелмеген жерлерін түзете білу іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің маңызды сәті.
Тәжірибелік әдістер қолдануда тапсырмаларды біртіндеп
күрделендіріп отыру қажет. Осыған байланысты балалардың іскерлігіне
қойылатын талаптар да жүйелі түрде біртіндеп күшейе түседі: үлгіні
зерттеу, қимылдар орындауды жоспарлау, шыққан нәтижені
тапсырмалармен салыстыра отырып бақылау. Тәжірибелік жұмыстарды
жоспарлауға ересек және мектепке даярлық топ балалары үйретіледі.
Балалар педагогтың жетекшілігімен жұмыстағы негізгі кезендерді және
пайдаланатын қимыл әрекеттерін белгілейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет