Педагогика



бет51/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Оқу әрекеті.Оқу әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді .Оқу әрекеті –баланың білім,іскерлік әрекеті.Оқу әрекетінің сипаты мынада
-балалардың алдына қойылған міндеті толық түсіну
-қойылған міндеттерінің орындалу барысын бақылауы
-өзінің қорытындысын тексеру

Оқу әрекетінің компонеттері міндеттер қабылдау оларды орындаудың және одан таймаудың жолдары мен құралдарын белгілеу өзін-өзі тексеру және олар баладан тиісті іскерлікті талап етеді .


Оқу әрекеті біртіндеп қалыптасады.А.ПүУсова оқу әрекетінде дамуды үш деңгейде бөлді
-бірінші деңгей ,балалар нұсқауларды тыңдайды оларды басшылыққа алады істелген жұмысты бағалайды,түсінбегенін сұрайды ,қажетті нәтижеге жетеді,саналы түрде қимыл жасайды,балалардың оқу әрекететі негізінен қалыптасқан деп санауға болады.
-екінші деңгей-нашар деңгей оқу әрекетінің белгілері тұрақсыз бірақ,балаларды оқытуға болады,олар әрекетінің белгілері тұрақсыз бірақ,балаларды оқытуға болады,олар нұсқауларды тыңдайды,жұмыста пайдаланады тапсырманы орындауда біріне-бір еліктеуге бейім тұрады ,өзін-өзі бақылау жасайды
-үшінші деңгей –төменгі деңгей,олар сабақта тәртіпті,бірақ балалар әлі оқи алмайды,олар нұсқауларды тыңдағанымен,олард естімеген болады,жұмыста басшыллыққа алмайды,нәтижеге жетпейді бағаны сезіне қоймайды
Білім іскерлік пен дағдыда үйретуде мысалы,жазуға үйрету,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріледі.
Дидактикалық ұстанымдар.Дидактикалық деген термин гректің дидактикос-үйрететін деген сөзінен шыққан
Чех педогогы Ян Амос Комнескийдің ұлы дидактика деген кітабында алғашқы дидактикалық,ұстанымдар туралы айтқан оқытудың ұғымдылық,жүйелік және бірізділік шоғырландыру ,көрнекілік белсенділік және тағы басқа ұстанымдарын ұсынған.Кейін орыс педагогы К.Д.Ушинский дидактикалық ұстанымдарды ғылыми негіздеп берді.
Мектепке дейінгі балаларды оқытудың дидактикалық ұстанымдары мынадай
-дамыта отырып оқыту
-тәрбиелей отырып оқыту
Оқытудың ұтымдылық ұстанымы
-жүйелік жіне бірізділік ұстанымы
-білімді игерудегі және қолданудағы балалардың саналық жіне белсенділік ұстанымы
-көрнекілік ұстанымы
-балаларға жеке-дара қарау ұстанымы
Дамыта отырып оқыту ұстанымын психолог Л.С.Выготский ұсынған.Оның мәні жаңа материалды игеруге күш салу,бұрын көп жеткен деңгейде асыл,алда болу.Осыған байланысты Л.С.Выготский ақыл-ой дамуының екі түрлі деңгейін анықтап берпді.
-оқушының тапсырмаларды өз бетімен орындай алатын әзірлік деңгейі

-дамудың таяу аймағы –бұл үлкендердің көмегімен баланың ары қарай һзі алып кете алуы


Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып,тәрбиеші балаларға күш жұмсайтын,ақыл-ой белсенділігін талап ететін қиын тапсырмалар береді
Тәрбиелей отырып оқыту ұстанымының міндеті білім беруменн қатар өмірге қоршаған болмысқа,еңбекке,адамдарға қарым-қатынасты тәрбиелеуді талап етеді
Оқу сағаттары мазмұнын анықтай отырып,тәрбиеші тәрбиелік міндеттерді белгілейді.Мысалы тәрбиеші балаларға ауырып қалған жолдастарына хат жазуды,әдемі суреттер салып жіберуді ,сөйтіп қамқорлық білдіріп көңіл бөлуді үйретеді.
Балалар тәрбиешінің көмекшісінің еңбегін көмекшісінің еңбегін сыйлай білуге үйретеді.
Оқытудың ұтымдылық ұстанымы-білім берудің балалардың шамасына сай ұғынымды болуын талап етеді.Білімнің мазмұны да,әдістерді де түсінуге жеңіл болуы керек.Алғаш рет бұл ұстанымды Ян Амос Коменский Жақыннан жарыққа қарапайым күределіге,таныс нәрседен бейтанысқа бет алу –деп тұжырымдарын Оқу Жақыннан жарыққа ұстанымын пайдалана отырып мектепке дейінгі ,мектепке дейінгі балаларға әуелі топ бөлмесіндегі ,содан кейін баллар бақшасындағы оның айналасындағы туған қаласындағы ауылындағы нәрселермен –содан кейін ғана Біздің Отан Қазақстанның астанасы деген ұғымдармен таныстырылды.
Жүйелік және бірізділік ұстанымы жаңа білім бұрын алынған білімге сүйенетіндей логикалық тәртіпті қажет етеді.Бағдарламада материал осылай ораналасу ы крек.Сабақ материалының біртіндеп күрделенуін жаңа материалдың өткен материалмен байланысын тәрбиеші қадағалап отырады
Қоршаған құбылыстар жайлы білім негізінде балаларда кең ұғым қалыптасады.Мысалы,күз мезгілі кезінде балалар тәрбиешімен бірге табиғаттағы өзгерістерді бақылап,маусымның соңындағы әңгімеде тәрбиеші балаларды күз ерекшеліктері ,оның жылдың басқа мезгілдерін айырмашылығы туралы қорытынды жасауға жетелейді.
Ересектердің еңбегі туралы білім мектепке даярлық тобында
белгілі бір шамада болуы тиіс, жұмыста айрықша көзге түскендерге
сыйлық, марапат қағаздары, ордендер, медальдар беріледі. Тәрбиеші
балаларды ересектердің еңбегімен таныстырады: аспазшының, хат
тасушының, құрылысшының, мұғалімнің және басқалардың еңбектерінің
адамдар үшін қаншалықты маңыздылығын, біздің елімізде адал еңбек
етушілердің қандай сый-құрметке бөленетінін атап айтып отырады.
Білімді игерудегі және қолданудағы балалардың саналылық жене
белсенділік ұстанымы - санаға сіңген, нық білімді талап етеді.

Мынадай эксперимент өткізілген: балаларға екі типті нұсқау беріліп, опардың қалай әрекет етуі керек екендігі түсіндірілген. Біріншісі диктанттық деп аталынды: балаларға іс-әрекет рет-ретімен түсіндіріледі. Бір әрекет орындалғаннан кейін келесі әрекеттің аты алады. Екіншісі - тұтас нұсқау деп аталады: міндет балалардың алдына бірден, тұтас қойылады.


Тұтас нұсқау кезінде балалар. кейде іс-әрекет ретін ұйытып қапғанымен, өз еріктерінше еркін әрекет жасайтындығын көрсеткен. Тұтас нұсқау балаға еркін әрекет жасау мүмкіндігін береді, ақыл-ой жағынан алғанда әлдеқайда қиын міндет усынады баланың белсенділігін дамытуға, оның еркін әрекет етуіне жағдай жасайды.
Диктанттық нұсқау ұсақ әрекеттерге белшектеу, әрекетті механикалық түрде орындауды тудырады: балалар мундайда айтарлықтай күрделі жұмыс атқара алады, бірақ ақыл-ойы дамымайды.
Педагог балалардың танымдық әрекетін белсенді ету үшін әр түрлі тәсілдер қолданады: сұрақ қою, салыстыру, балалардың қарапайым іздену әрекеті, балалардың алған білімдерін белсенді әрекетте қолдануы, т. б.
Көрнекілік ұстанымы баланың ойлауы көрнекі-образды сипатта
болғандықтан ерекше маңызды. Я. А. Коменский ұсынған бұл ұстаным
былайша тұжырымдалған: «Мүмкін нәрсенің берін сезіммен қабылдау
үшін: көрінетінді көзбен керу үшін, еститінді құлақпен есту үшін, иісті
иіскеп білу ушін, дәмге жататынды татып білу үшін, сипап сезуге
болатынды сипап сезіну үшін жол ашу. Егер белгілі бір нәрселерді
бірден бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауға болса, онда, мейлі,
оларды бірден бірнеше сезім мүшесі қамтысын».
«Бала табиғаты көрнекілікті анық талап етеді. Балаға оның өзіне
белгісіз бес сөзді үйрете бастаңыз. ол ұзақ және бостан-босқа қиналады,
ал осындай жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретінізші - бала
оларды лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды
түсіндіріп отырсыз, ал ол сізді ұқпайды; сіз дәл сол балаға күрделі
картинаны түсіндіре бастадыңыз делік, ол сізді тез түсінеді» - деп жазды
К. Д. Ушинский.
Педагогика мектепке дейінгі оқытуда кэрнекіліктің алуан түрі қолданылуы қажет деп санайды: тірі объектілерді бақылау, заттарды, суреттерді, үлгілерді көру, оқытудың техникалық құралдарын қолдану сызбаларды, модельдерді пайдалану.
Балаларға жеке-дара қарау ұстанымы. Балаларда а) ақыл-ой
деңгейі әр түрлі: біреулері тез жауап береді, екіншілері дұрыс
қорытындыға келу үшін асықпай ойлануды қажет етеді; ә) білімді
меңгеру қарқыны әр түрлі: біреуі тез қабылдап, есте сақтайды, екіншісіне
материалды меңгеру ұзақ уақытты және қайталауды қажет етеді, б)дағдылар әр түрлі қарқында қалыптасады: бір бала әрекеттерді бірнеше рет қайталаған соң тез орындайды, екіншілерінде мұндай қайталанудың
саны екі, үш-есе артық, содан кейін ғана әрекет тез атқаратын болады.
Балалардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеші
жұмысты ұйымдастырады. Балаларға жеке-дара қарау тәрбиешіден
белгілі бір икемділікті талап етеді: күшті балаға күрделірек тапсырма
беріп, оның апдына қиынырак мәселе қояды, көлемді тапсырма беру -
баланың сабаққа ынтасын арттырады. Тәрбиеші барлық балалардан
тапсырмаларды орындауын талап етіп, қолдарын көтеріейтіндерді де
сұрайды, нашар дегендерге дер кезінде көмек көрсетері, әрқайсысына
жеке тапсырма іріктеп алады, олардың деңгейіне сәйкес сұрақтар қояды,
олардың да материалды игеруге қабілетті екенін сезіндіруі керек.
Оқыту мазмұны. Тәрбиеші оқытуда дидактикалық ұстанымдарды
басшылыққа алады. Балаларды оқытудың мазмұнына тіл дамыту,
қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен таныстыру, қарапайым
математикалық ұғымдар қалыптастыру, курастыру және сурет салу
іскерліктері мен дағдыларына үйрету, музрбие, қимылды дамыту енеді.
Бағдарламалық материал іріктеуде мыналарды ескеру керек: 1)
балалар игере алатындай болуы; 2) ақыл-ой қабілеттерін мейлінше
дамытуы, 3) материалдың мәліметтер жиынтығы болмай балалардың қоршаған дүние заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік жасауы: балалардың айналадағыларды бақылауға, байланыс пен тәуелділіктерді анықтауға, қорытынды шығаруға жетелейтіндей білім алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет