Педагогика


Отанға сүйіспеншілік тәрбиелу



бет64/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

6.2. Отанға сүйіспеншілік тәрбиелу
Қазақстандық патриотизм. Қазақстандық патриотизмЕл азаматының маңызды адамгершілік қасиеті. Қазақстандық патриотизм – Отанға деген саналы сүйіспеншілік оған белсенділік , оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны құдіретті және көрікті етуге ұмтылу.
Патриотизм – Қазақстан халықтарына деген құрметтен, туысқандық қарым-қатынастардан көрінеді.
Қазақстандық патриотизм өзінің сипатымен, Отанды сүюмен және оны нығайтуға арналған өзінің еңбегімен, жаулардан қорғауға дайын тұру сезімдерінің бірлігімен ерекшеленеді.
Қазастандық патриотизмнің сипаты Қазақстан халқының моральдық-саяси бірлігінен, елдегі даму деңгейінің дұрыстығына сенуден көрінеді.
Отанға деген сүйіспеншілік Қазақстанда өмір сүретін адамдарды еңбек және жауынгелік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады
Балалардың Отанын сүю сезімі отбасындағы, балалар
бақшасындағы, бүкіл қоршаған болмыстағы патриоттық іс-әрекеттің
ықпалынан туады. Қазақстан Республикасы халықтарының Отанға
сіңірген еңбегі, елде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдық өмірдегі
құбылыстар, қоғамдық-саяси мерекелер, космосқа үшу, спорттық
жарыстар және т. б. балалардың назарын аударады, Отан
Отанға сүйіспеншілік тәрбиелеу міндеттері, мазмұны, әдістері.
Арнайы ұйымдастырылған мақсатты тәрбиелік жұмыстар нәтижесінде
баланың Отанға деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Бағдарлама
талаптарын басшылыққа ала отырып тәрбиеші: балалардың отбасын,
балалар бақшасын, туған жерді, табиғатты сүюге, адамдарды, олардың
еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді; Қазақстан Республикасының Қарулы
күштерін сүюге және құрметтеуге, Қазақстан жауынгерлерінің ерлігін,
потриатизмін мақтан тұтып, оларға ұқсауға ұмтылу сезіміне тәрбиелейді
балаларды өздері түсінуге шамасы келетін қоғамдық өмір
құбылыстарына, Қазақстандық дәстүрге, көп ұлттық достық сезімге
қызығуы мен дұрыс көзқараста болуын қалыптастырады.
Үлкендерді үлгі ете отырып, балалар отбасында қалыптасқан
ұғымдарды, сөйлеу мәнерін үйренеді. Балалар адамдар арасындағы
қарым-қатынастардың, ерекшеліктердің сипатын жақсы түсінеді. Қыздар
- аналар болып ойнауда өз анасына еліктей отырып, анасының отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бейнелейді, бұл тәрбиешіге
отбасындағы ересектермен қарым-қатынастар сипатын түсіну үшін көп
көмектеседі.
Тәрбиеші ата-аналар еңбектерінің халықтар үшін пайдасын
айтады, олардың балаларға қамқорлығын атап көрсетеді, саяхатқа
шығарады.
Мектепке дейінгі ұйымда балалар әздеріне тәрбие беріп, емдеп,
тамақтандырып, қамқорлық жасап жүрген адамдардың еңбегін бағалауға
тәрбиеленеді. Тәрбиеші көмекшісінің, кір жуушының, аспазшының, аула
сыпырушының еңбектеріне бақылау жасап, тәрбиеші бұлардың балалар
өмірі үшін маңызын, қызықты етуге бағытталған жұмыстарын түсіндіреді,
блаларды ересектер еңбегіне ұқыпты қарауға, мүмкін болганынша
оларға көмектесуге үйретеді.
Балалармен жұмысты балалар бақшаға баруға сұранып
туратындай қызықты етіп ұйымдастыру керек. Курбы-курдастар
ұжымында бірге өткізген қызықты оқулар мен ойындар, қуаныштар мен
тамашалар балалар бақшасын баланың екінші үйіне айналдырады.
Тәрбиеші балалардың табиғатты сүю, оның әсемдігін сезіну
қабілетін тәрбиелеу үшін парктерге, ормандарға, егістікке, өзендерге.
келдерге балалармен серуендер ұйымдастырып, табиғат әсемдігін көре
білуге үйретеді. Балалармен жұмыста көркем әдебиет пен өнер
шыгармаларын пайдаланған жен.
Бейнелеу өнері балалардың табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеуге
көметеседі: олар қысқы орманның, жазғы бақшаның және т. б. суретін
салады. Табиғатты қорғауды, оның байлығына ұмтылуды тәрбиелеу үшін
табиғаттағы еңбек ұйымдастырылады: балалар үй өсімдіктерін
көкөністер, гүл өсіреді, құстар мен балықтарды күтіп-баптайды.
Отан балалар үшін оның туып өскен, өзі тұратын жері, өзі баратын балалар бақшасы орналасқан көшеден басталады, сондықтан тәрбиеші балаларды өздері тұрған көшемен, өз қалас жерлерімен, адамдардың еңбегімен, жауынгерлік ерлігімен аты шыққан адамдардың аттарымен аталған қалаларды, көшеләрді, алаңдарды таныстырады.
Тәрбиеші қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді: салынып жатқан жаңа үйлерді, мектептерді, дүкендерді, ауруханаларды, мектепке дейінгі ұйымдарды, көліктердің түрлерін және т. б. айтын береді.
Балаларға еңбек туралы түсіндіре отырып, еңбек адамдарын қадірлеуге тәрбиелеуде әр түрлі мамандық адамдарының іс-әрекетін бейнелейтін суреттерді, фотографияларды қарау пайдаланады, балалар тәрбиешімен бірге альбомдар жасайды, еңбек тақырыбында мерекелік тік ертеңгіліктер ұйымдастырып, өлеңдер мен тақпақтар орындалады.
Қазақстандық патриотизмнің құрамды бір бөлігі - Отан қорғап, тыныштық күзетінде халқымызды бейбіт өмірмен қамтамасыз етіп жатқандарға құрмет көрсету. Тәрбиешінің міндеті - балаларға олардың жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп Қазақстанның Қарулы Күштері туралы мәлімет беру, оны сүюге, мақтаныш етуге, жауынгерлер сияқты батыл, денсаулығы күшті, тату және ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші балаларды Қазақстан Республикасы Қарулы күштері,
әскери киімнің әдемілігі, әскери дәстүрлер туралы әңгімелеп береді. Тәрбиеші біртіндеп балаларды әскери адамның сыртқы көрінісінен Қазақстан патриотизміне, Отанды қорғауға дайын болу керек екендігіне қарай ойыстырады.
Балаларға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік
ерліктері мен күнделікті өмірін бейнелейтін суреттер көрсетіледі. Ересек
балалар әр түрлі ескер түрлерімен, жауынгерлік марапаттармен,
батырлардың есімдерімен таныстырылады Олардың ескерткіштеріне
барып, гүлдер қоюды дәстүрге айналдырады.
Ересек балалармен тәрбиеші жауынгерлік даңқ мұражайларына
барады, мұражай экспонаттарымен таныстырады, көргендерін
талдайды, әскери ойындар ұйымдастырады. Ер балалардың әскери
ойындарға ынтасын ескере отырыпедагог ойын мазмұнын,
балалардың қарым-қатынасын Қазақстан Республикасы Қарулы
күштерінің бейбіт өмірдегі күнделікті іс-әрекеттерін көрсетуге
бағыттайды. Балалар «Шекарашылар», «Аэродром», «Әскери шеру»
жасап қызыға ойнайды. Бұл ойындар балаларды батылдыққа, ептілікке,
жолдастыққа, тәртіптілікке, пәрмен бере білуге және бағына білуге
тәрбиелеу үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері тақырыбына тәрбиеші
тек Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштері» күні мерекесін өткізуге
дайындық кезінде ғана емес, жыл бойы көңіл аударуға тиісті.
Тәрбиешінің күрделі міндеттерінің бірі - балаларды көп ұлтты
мемлекетте тұратындықтан басқа ұлт адамдарымен ынтымақтастықта
өмір сүруді насихаттау. Балалар тәрбиеші әңгімелерінен, оқып беретін
кітаптардан, суреттерден, тыңдаған музыкадан, билеген биден,
Педагог Қазақстан Республикасындағы қоғамдық оқиғалардың
ішінен түсініктісін іріктеп алады: мерекелер, сенбіліктер балаларда
еліміздің қоғамдық өміріне деген ықыласын тәрбиелейді. Қазақстан
Республикасы рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы біледі. Педагог
мерекелерге дайындық кезінде балалард
балалар бақшасын безендіруге аударады,
олар мерекелік
ертеңгіліктерде ән салып, би билеуге дайындалады, ересек балалармен
әр мерекенің негізгі мақсатын ашатын әңгімелер өткізеді. Балалар топ
бөлмесін, ауланы тазалап, мерекелік безендіруге қатыстырылады.
Балалар сенбіліктерге қатысқан үлкендеңбектерін:
алаңдарды тазалағанын, шыбық отырғызғанын, шарбақтарды
сырлағанын естеріне алады, өздерінің ойын, бейнелеу іс-әрекеттерінде
көрсетеді. Тәрбиеші оларға еңбекке, ұйымдасқан түрде сенбілікке
шақырылған жарнамаларды көрстеді.
Тәрбиеші оларға оқушылар туралы әңгімепер айтып, кітаптар оып
береді, олармен кездесу ұйымдастырады, бірігіп концерттер қояды,
оларға қонаққа барады - осының бәрі олардың балалар ұйымдарына
ықыласын арттырып, оларды құрметтеуге тәрбиелейді.
Педагог балаларға Желтоқсаншылар жөнінде айтады, балалармен
музейлерге, ескерткіш орындарына барады.
Тәрбиеші жүргізген жүйелі жұмыстар нәтижесінде балалар бірде-
бірте ұлы адамдардың, барлық еңбегімен танымал болғандардың
бейнесі қалыптасады. Олардың өмірі мен қызметі өнеге, үлгіге
айналады, олар ез өмірінде осы үлгіге еліктейтін баланы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет