Педагогика


Балалар еңбегін ұйымдастыру нысандары



бет72/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

7.3. Балалар еңбегін ұйымдастыру нысандары
Мектепке дейінгі ұйымда балалар еңбегінуйымдастыру нысандары мынадай: тапсырма беру, кезекшілік, ұжымдық еңбек.
Тапсырма беру балалардың жас ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерін, жинақталған тәжірибесін, тәрбиелік міндеттерді ескеруді қажет етеді. Тапсырма бір мезгілде бір немесе бірнеше балаға беріледі. Тапсырманың түрлері мынадай:

  • қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді;

  • жеке-дара немесе жалпы;

  • қарапайым немесе күрделі.

Балаларда тапсырмалар орындау барысында еңбек етуге ынта,
тапсырылған іске жауапкершілік қалыптастырады. Бала бастаған
жұмысты аяғына дейін жеткізуге, орындалған тапсырма туралы
Мектепке дейінгі ұйым бағдарламасындағы еңбек түрлеріне сәйкес
тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне, топтағы табиғат
бұрышының, бау-бақшаның болуына, бөлмедегі жиһаздарға байланысты
белгіленеді.
Сәбилер тобында берілетін тапсырма жеке, нақты, қарапайым
болуы керек және бір-екі іс-әрекеттен тұрады: қасықтарды үстелге қою,
су құйғыш әкелу, қуыршақты орнына қою, т. б. Бұл тапсырмалар ұжым
пайдасына бағытталған. Тәрбиеші тапсырма барысында балалардың
біріне көмектеседі, екіншісіне үйретеді, үшіншісін қолдайды, төртіншісін
көтермелейді, сөйтіп, балаларда тапсырманы орындай алу тәжірибесіне
қарай тапсырма мазмұнын күрделендіріле береді. Мысалы, естияр топта
тәрбиеші бірнеше әрекеттен тұратын қиынырақ тапсырмалар: балаларға
өз бетімен қуыршақтың көйлегін, ойыншықтарды жууды, жолды
сыпыруды, құмды бір жерге үюді тапсырады.
Естияр топта балалардың тапсырма орындау тәжірибесі
молайып, іскерліктері тиянақты бола түскендіктен тапсырмалар саны
жағынан көбейеді. Тәрбиеші бір мезгілде бірнеше балаға тапсырма беру
алады, тек әрқайсысына әр түрлі немесе бірдей нақты іс тапсырады. Бір
мезгілде бірнеше баланың пайдалы жұмысқа жиі және жүйелі қатысуы
балаларды еңбек еуге дағдыландырады, кезекшілікке дайындайды.
Ересек топта іскерлігі жеткілікті дамыған еңбектің жаңа түрлері бойынша немесе балаларды жаңа іскерліктерге үйреткен кезде жеке тапсырмалар беріледі. Бұл әсіресе ынтасы нар, көңілі аландағыш балаларга беріледі, оларды үйрету және бақылау керек.
Естияр топта берілетін тапсырмалар топтық тапсырмаларға айналады. Топтың құрамында 2 баладан 5 - 6 балаға дейін болады да, тапсырма ұжымдық сипатқа ие болады. Балалар тәрбиешінің тапсыруы бойынша ойыншық бұрышын бірге жинайды, дидактикалық ойындарға салған қораптарды бірге желімдейді, ойыншықтарды бірге жуады, бірге жинайды, т.6. Ортақ тапсырма балаларда жұмысты өзара бөлісу. бірлесіп орындау, жұмыс орнын бірлесе жинау қажеттігін тудырады. Бұл ұжымшылдықтың бастамасы.
Ересектер тобының балалары ұйымдастыра алмайды, себебі ұйымдастыру дағдысы жеткілікті дамымаған, сондықтан тәрбиеші жабдықтарды, құрал-сайманды орналастыру, жұмысты бөлісу тәсілдерін түсіндіруге көңіл бөледі.
Мектепке даярлық топ балаларынан ортақ тапсырмалар орындау үстінде өздерінің ұйымдастыра білу дағдыларын көрсету талап етіледі, сондықтан тәрбиеші талап қоя отырып, түсіндіруден бақылауға, ескертуге көшеді.
Кезекшілік - ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, тәрбиелік маңызы зор балалар еңбегін ұйымдастырудың бір нысаны. Кезекшіліктің түрлеріне балалар рет-ретімен күн сайын тағайындалады және алмастырылады, сөйтіп еңбекке үнемі қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұл балаларды ұжым алдында жауапкершмқорлыққа, оның қызметінің басқалар үшін қажетті екенін түсінуге тәрбиелейді.
Кезекшілік біртіндеп енгізіледі.
Сәби топ балалары тапсырмалар орындау үстінде үстел жасау дағдысын меңгереді.
Естияр топта асханадағы кезекшілік жылдың басында
енгізіледі. Бұл топта күнделікті әр үстелге бір кезекші тағайындалады.
Кезекшілердің жұмыста жүйелілік сақтауға үйрете отырып, тәрбиеші
оларды бақылайды, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, көмектеседі.
Кезекшілердің жұмысына басшылық жасай отырып, олардың жұмысын
бағалайды, ол балалардың міндеттерді орындаудағы ұқыптылығын,
жолдастарына қамқорлығын, ересектерге көрсеткен көмектерін атап
айтады.
Сабаққа дайындық кезекшілігі жылдың екінші жартысында
енгізіледі. Кезекшіліктің бұл түріне жұмыстың көлеміне қарай 2 - 3 бала
тағайындалады және жұмысты тәрбиеші бөліп береді: «Азамат әр
үстелге қылқалам салынған ыдысты таратады, Жанат су құйылған
ыдыстарды таратады, Нұргүл бояуларды таратады», - деп, балаларды
басталған істі аяқтауға, құралдарды пайдалануға тәрбиелейді.
Ересек топта табиғат бұрышы бойынша кезекшілік енгізіледі.
Балалар кезекшілікке екі-екіден тағайындалып, күнделікті алмасып

отырады, балалар кезекшіліктің барлық түрлеріне қатыстырылады.


Балалардың арасындағы достық байлардың кіммен кезекшілік атқарғысы келетін талап-тілегі ескеріле отырып, кезекшілер тағайындалады, Еңбек ету дағдысы қалыптасқан балаға жолдасына көмектесу, бірақ оның дербестігінен айырмау, жұмысты дұрыс орындай алмағандығына ренжімеу туралы ақыл айтады. Тәрбиеші балаларды не істеу керектігіне, жолдасының іс-әрекетін ескере отырып, жұмысты кім және қайсы бөлігін орындау керектігіне, өзін-өзі бақылай білуге, еңбекті
уақыт пен күш жұмсау жағынан үнемдеуге үйретеді.
Балалар еңбегі үстінде адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олар орындап жатқан жұмыстың ұжым үшін маңызын
түсіндіреді, жұмысты уақтылы атқаруға, айналасындағыларға қамқорлық
жасауға тәрбиелейді, кезекшілерге уақтылы орын-ағаны үшін алғыс
айтады, басқа балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуге үйретеді.
Ересек топта балалардың ұжымдық еңбегінің мазмұны мынадай:
топ бөлмесін және ауласын жинау, бақшаны, гүлзарды белу, егін өнімін,
ұрықтарын жинау, мереке өткізілетін орынды безендіру және т. б.
Ұжымдық еңбек серуен кезінде, ал топ бөүннің екінші
жартысында ұйымдастырылады. Ужыбектің мазмұнын
белгілеуде жұмыстың қандай түрінің балаларға таныс-таныс еместігін,
өткен жолы кім қандай жұмыс атқарғандығын ескере отырып, оларды
жұмыс түрлеріне бөледі: «Мына топ ойыншық бұрышында жұмыс істейді.
Өткен жолы кітап бұрышында жұмыс істеген, сондықтан бүгін екінші
топпен тапсырма алмасады».
Балалар жұмысына назар аударып, түсіндіреді: «Балалар,
қуыршақтарды қайта киіндіру, көйлектерін жуу керек. Кім қандай жұмыс
істеу керектігін келісіп алыңдар. Солай жұмыс істеу ыңғайлы болады, бір-
біріне кедергі жасамайсыңдар» - деп балалардың өзара келісіп алуына
көмектеседі, бір-біріне жол беруге үйретеді.
Педагог балалар атқаратын жұмысты бөліп, жұмыстың
ұйымдастырылуына басшылық жасайды: ойыншықтар қойылатын
текшенің қасына үстел қою, үстелге төсеніш төсету, барлық
жабдықтардың бар-жоғын тексеру, балалардың жеңдері түрілгеніне,
алжапқыштары байланғанына назар аудару, т. б.
Тәрбиеші балалардың ұжымдық еңбегі барысында қалыптасатын
қамқорлық, достық өзара қарым-қатынасқа көңіл бөледі: «Үстелді жалғыз
көтеру қиын, барып көмектесу керек», «Айжан қуыршақ көйлектерін өте
жақсы жуады екен, бірақ оның басқа да жұмыстарды істеуі үшін
көмектесейік», «Қанат қоқысты қалай тазалау керек екенін айтып жібер»
және т. б. Жұмыс соңында педагог ұжымдық еңбектің ерекшелігін атап
Балалар еңбегіне басшылық. Балалар еңбегіне басшылық
балалардың тапсырмаларды тиянақты орындауына, кезекшілікті
атқаруына, ұжым болып еңбек ете біпуіне қажетті іскерліктер мен
дағдыларды меңгеруіне бағытталады. Бұл мектепке дейінгі сәби
топтардан-ақ басталады. Тәрбиеші жұмысты ұйымдастыру әдістері мен
тәсілдерін түсіндіре отырып нені қалай істеу керек екенін көрсетеді.
Іскерлік қалыптастыру: кітапты желімдеу, өсімдікті суару, бөлме
жануарларының торын тазалау, үстел үстіне қасықтар қою және т. б. үшін
көрсету керек. Ересек балаларды үйретуде тәрбиеші олардың меңгерген
іскерліктеріне, айтылған нұсқауды қабылдау қабілетіне сүйенеді.
Тәрбиеші тез көмектесе қоюға асықпауы, баланы есінде сақтауға, не
істеу керек екенін өздігінше табуға, батыл, белсенді болуға бағыттауы
керек.
Балалардың ынтасын қолдап отыру, олардың әлі
бітпеген іскерліктерінен жеруге жол бермеңбекке дұрыс көзқарас
туғызу қажет. Балаларға дұрыс ұсыныс беру, ақыл-кеңес айту бірден іске
кірісіп кете алмайтын тартыншақ балаларды берілген істі орындай
алатындығына сендіре білуге жәрдемдеседі. Баланы істей алмағандығы
үшін жазғырмау керек. Баланың еңбек еткісі келмеген себебін анықтап,
балаларды тапсырмаларды орындауға қатысқысы келетіндей тәсілдер
ойластыруы қажет.
Балаларда жұмыс істей білу, ұқыпты болу, тапсырманы ақырына
дейін орындау қабілетін қалыптастыру педагог міндеті. Таза болу үшін
ойыншықтарды жуу, топ белмесін безендіру үшін өсімдіктер өсіру,
аналарға сыйлық әзірлеу, т. б. сияқты қандай да істің маңыздылығын
Педагог балалар атқарған істі бақылау мен бағалау арқылы оларда
тапсырылған іске жауапкершілігін, оны орындауға деген ынтасын
арттырады. Баланың жұмысты ынтамен істей білетіндігін, істі ақырына
дейін жеткізгісі келетінін үнемі атап отыру керек. Балалардың жұмысын
бағалай отырып, олардың күші мен мүмкіндігін ескерген дұрыс. Іскерлік
деңгейі артқан сайын балаларға қойылатын талаптар да арта
түсетіндіктен, ересек жастағы баланың жұмысын бағалай отырып,
тәрбиеші еңбектену қарқынын, епті, сенімді істей алатынын атап
көрсетеді, бастамасына, тапқырлығына, қолдау көрсете. і.
Балалар оқыту барысында өздерінің ойындары үшін және сабақта пайдаланылатын түрлі заттар жасауға тартылады: ұсақ ойыншықтар салып сақтау үшін қораптар, темір жол ойнау үшін кішкене вагондар жасайды; табиғи материалдан қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру сабақтары үшін көрнекі құралдар, зоопарк ойыны үшін жануарлар жасайды; ағашты арамен тіліп және құрастырып көшет әсіретін жәшіктер, құмнан құрылыстар салу үшін кішкене көпірлер мен басқыштар және т. б. жасайды. Бұлар балаларды еңбекке ұқыпты қарап, адам үшін оның қажеттілігі мен маңызын түсінуге тәрбиелейді.
Еңбек тәрбиесінің жағдайлары (27-сызба). Мектепке дейінгі ұйымда балалар еңбегін ұйымдастыруда құрал-саймандармен және
материалдармен қамтамасыз етіледі:

  • шаруашылық-тұрмыстық еңбекке алжапқыштар, шүберектер, заттарды жуғанда су құятын ыдыстар;

  • табиғаттағы еңбекке күректер, тырмалар, су құйғыштар, егетін және отырғызатын ұрықтар, құстар мен балықтарға жем;

  • қол еңбегіне ара, балға және басқа да құрал-саймандар, қарағай бүрлері мен емен жаңғақтары, ағаш кесінділері қажет.

Құрал-саймандар жеткілікті мөлшерде, сапасы жақсы және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін, сәнді болуға тиіс. су құйғыш ашық түсті, табиғи материал сақталатын қораптың пішіні әдемі, алжапқыштар сәнді болуы керек, т. б
Еңбекке қажетті құралдар балалардың пайдалануына ыңғайлы етіп топ бөлмесінде, аулада орналастырылады және олар еңбек түрлеріне қарай біріктіріледі: табиғат бұрышында - су құйғыштар, тозаңдатқыштар, жануарлар жемі; қол еңбегіне бөлінген бұрышта - аралар, балғалар, табиғи және тастанды материалдар; шаруашылық-тұрмыстық еңбек жабдықтары - щеткалар мен қоқыс жинайтын қалақтар жуынатын белмедегі арнаулы текшелерде, ал асхана бойынша кезекші
жабдықтары өз орнында жайғастырылады.
Балалар еңбегінің мөлшері: ұзақтығы, көлемі, қиындығы, салмақ күшін анықтау олардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық ерекшеліктеріне, дене күшінің мүмкіндіктеріне қарай анықталады. 3 – 4 жастағы балалар 10 - 15 минут, 6 - 7 жастағы балалар 20 - 30 минут жұмыс істей алады. Еңбектің күшті көп қажет ететін түрлері - қар күреу, жер қазу жұмыстарын орындатуда балалардың денсаулық жағдайын бақылау қажет. Тәрбиеші балаларды бақылай отырып олардың ентігуіне, жиі-жиі тұрып қалуына, бетінің қызаруына, терлеп кетпеуіне
назар аударады. Мұндай жағдайда баланы еңбектің басқа түріне
ауыстыру керек. Балаларға шамадан тыс күш түсірмеу үшін 10 - 15
минут сайын еңбек әрекеттерін ауыстырып отыру керек: біреуі - жер
қазса, екіншісі - оны тырмалайды немесе біреуі қар күресе, екіншісі оны
шанаға салып, құрылыс жасауға арналған орынға алып барады,
Тәрбиеші еңбектің балалар денсаулығына теріс әсер етпеуі үшін
гигиеналық жағдай туғызады: түйме қадау, кітап желімдеу үшін жарық
жеткілікті болуы керек. Педагог балалардың денесі бүгіліп, жүресінен
бірқалыпты жағдайда ұзақ уақыт отырып жұмыс істемеуін қадағалайды.
Үй ішін үнемі желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасындағы еңбекке қойылатын талап
бірдей болған жағдайда және ол балалардың ынтасымен істелсе
тәрбиелік мәні зор болады.
Сондай-ақ ересектер мен балалардың бірлескен еңбегі де
ұйымдастырудың тәрбиелік мәні жоғары. Тәрбиешінің, тәрбиешінің
көмекшісінің, өзіне жақын ересек адамның қасында тұрып жұмыс істеген
бала өзінің керекті екенін, көмекші екенін сезінеді.
Еңбекке балалардың барлығының қатысуы, балалар еңбегінің
жүйелілігі оны тәрбие құралына айналдырады. Барлық бала кезегімен
түрлі тапсырмаларды орындауға, кезекші болуға, ұжымдық еңбекке
қатысуға тиіс. Ол балалар еңбегін жоспарлап, біртіндеп тәрбиелік
міндеттерді күрделендіріп, балаларды еңбекке тәрбиелеу жұмысына
талдау жасап, бағалап отыруды қажет етеді.

Отбасымен жұмыс. Мектепке дейінгі ұйымен отбасының


бірлескен жұмысы балаларды еңбекке тәрбиелеуде маңызаы. Педагог
ата-аналарға арналған кеңестерде. ата-аналар жиналыстарында,
әңгімелерде, ата-аналармен жеке кездесулерде мектепке дейінгі ұйым
бағдарламасының балаларды еңбекке тәрбиелеу жөніндегі талаптары,
мектепке дейінгі ұйымда жүргізілетін жұмыс туралы айтып береді. Ол
ата-аналарға үйдегі балалар еңбегінің мазмұны, көлемі, оны
ұйымдастыру және оған дұрыс басшылық жасау туралы нақты
ұсыныстар, кеңестер береді:

  • баладан сапалы жұмыс талап етпестен бұрын нені және қалай

  • істеу керек екенін көрсетіп, түсіндіріп беру;

  • еңбекпен жазаламау;

  • ынтасы үшін көтермелеу, тым көп күш түсірмеу;

  • еңбек үшін жағдай туғызу (еңбек құралдарын дұрыс таңдау, еңбек

  • етуге қолайлы орынның болуы, балбасының басқа мүшелеріне көмектесуге тартатындай шаруа табу).

Тәрбиеші ата-аналарға балалардың еңбек тәрбиесі жөнінде
балалар бақшасымен бірлесіп жұмыс жүргізудің қажеттілігін түсіндіреді,
мектепке дейінгі ұйымда қойылатын талаптарды ескеруін ұсынады.
Баланың жас ерекшелігі мен мүмкіндігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет
етуге үйрету, баланың істеуге тиіс және істей алатынын ол үшін істеп
бермеу керектігін айтады. Ересек жастағы балаларға үстел жасау,
өсімдіктерді суару, өзінен кішілерді күтуге көмектесу, өз ойыншықтарын
тәртіпке келтіру, пошта жәшігінен газеттер әкелу, есік ашу, телефонға
жауап беру т. б. ересектер еңбегіне қатыстыру қажет екенін түсіндіреді.
Педагог ата-аналарға өзіне-өзі қызмет етудің қажетті дағдыларын,
шеберліктерін, әдеттер қалыптастыру әдістерін түсіндіреді. Балаларға
шамасы келетін: тамақтан соң ыдыстарды ас үйге апару, қажетті затты
әперіп жіберу, ұсақ бұйымдарды жуу, үйдегі өзінен баламен ойнау,
ханға барып келу және т. б. тапсырмалар беріп отыруды ұсынады.
Еңбек тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымның отбасымен
жұмысы мынадай нысандарда жүргізіледі: тәрбиешінің балалар
бақшасындағы балалар еңбегін бейнелейтін, еңбектің маңызын және
оған басшылық ету әдісін ашатын қысқаша мәтінді сурет көрмелері;
балалардың ұсақ-түйек көрмелерін ұйымдастыру; ата-аналар назарына
«Балалар еңбегі», «Еңбек - даму құралы», «Мектепке дейінгі ұйым мен
отбасы бірлігі» тақырыптарындағы қалқандар ұсыну; ата-аналар үшін
ғылыми-көпшілік әдебиеттер, отбасындағы еңбек тәрбиесі бойынша
үздік тәжірибе туралы тәрбиешілердің мақалаларын ұсыну.

6-бөлім бойынша бекіту сұрақтары:


1. Балалардың еңбек тәрбиесінің маңызы неде?
2. Балалар еңбегі несімен ерекшеленеді?
3.Мектеп жасына дейінгі балалар еңбек тәрбиесін шешу міндеттері қандай?
4. Балалар еңбегінің қандай түрлерін білесіз?
5. Өзіне-өзі қызмет ету еңбегінің мазмұны қандай?
6.Шаруашылық-тұрмыстық еңбек қандай топтарда ұйымдастырылады және мазмұны қандай?
7. Табиғаттағы еңбек мазмұны қандай?
8. Қол еңбегі қандай топтан бастап енгізіледі, мазмұны қандай?
9. Балалар еңбегін ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіз?
10. Тапсырманың қандай түрлерін білесіз?
11. Кезекшілік қандай топтан басталады және қандай топта
кезекшіліктің қай түрі енгізіледі?
12. Балалар еңбегіне басшылықтың маңызы неде?
13. Балалар еңбегі үшін қандай жағдайлар жасалуы керек?
14. Балалар еңбегінің мөлшері қандай болуы керек?
15. Отбасындағы балалар еңбегі қалай ұйымдастырылуы керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет