Педагогика



бет67/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

6.5. МІНЕЗ - ТӘРБИЕСІ
Мінез-құлық, іс-әрекет қарым-қатынас үстінде қалыптасады. Мінез-
құлықтың адамгершілік-жігер сапаларын қалыптастыруға ойын, еңбек, оқу мол мүмкіншілік береді.
Педагог балалардың бойында ерік мінез-құлқын тәрбиелеуге міндетті. Балалар еркінің жеткіліксіз дамуы көбінесе ойдың тұрақсыздығынан, тез көңіл білуден, көздеген мақсатынан бас тартудан көрінеді. Бұл балаларда мінездің ерік белгілерінің: табандылықтың, мақсат қоя білушіліктің, батылдықтың, ұстамдылықтың нашар қалыптасқанын дәлелдейді.
Тәрбиеші балалардың осы ерекшеліктерін ескере отырып, олардың зейін тұрақтылығын, жинақылығын, мақсат қоя білушілігін т. б. қалыптастыру үшін балалардың ойынға, еңбекке, алуан түрлі істерге құмарлығын пайдаланады. Педагог балаларға алға қойылған міндетті
жүзеге асыру үшін ерік күшін жұмсаудың қажеттілін түсіндіреді,
қиыншылықтарды жеңе білуді көтермелейді, бұған еңбектің, іс-әрекеттің
нәтижелерін бағалаған кезде назар аударады.
Сәбилер мінез-құлқының тұрақсыздығын ескеріп, педагог балаларға белгіленген мінез-құлық ережелерін орындауына көмектеседі, ба тәртіп бұзушылықтың алдын алады, өзін ұстай білуге, барқалардың теріс енегесіне еліктемеуге тәрбиелейді.
Естияр жастағылар іс-әрекет өздеріне қызық болғанын жағдайда ерік мінез-құлқына неғұрлым қабілетті бола бастайды: мақсатынан оңай бас тартатын, тынымсыз бала қызықты ойынға араласса, ұстамдылық пен табандылық көрсететін рольді ойнағанда тапсырманы жақсы орындайды.
Ересек жастағыларды педагог мінез-құлық ережелерін өздігінен орындауды талап ететін жағдай туғызады, сөйтіп олардың бойында дұрыс қимыл және дұрыс қылық жасау қабілетін қалыптастырады,
Батылдық мінездің маңызды белгісі, баланың өз күшіне сенімділігіне, үрейді саналы түрде жеңе білуіне байланысты. Батылдық бастамашыл, табанды, белсенді болуға көмектеседі. Мінездің мұндай ерекшелігін қалыптастыруда дене шынықтыру ойындары мен жаттығулары маңызды роль атқарады, балалар төбешіктен секіріп, жіңішке тақтайдың үстімен жүріп, сенімсіздік немесе қорқыныш сезімін жеңуге, қимылды немесе мазмұнды ойындарда, мысалы, бала
шекарашы ролін ойнағанда табандылық көрсетуге тиіс болады.
Балалар батылдығының ерекшелігі - ересектерге ұқсағысы келіп шамасы келмейтін істі бастауы. Бұл қайғылы жайттарға соқтыруы мүмкін. Балалардың батылдық көрсетуін қолдай, көтермелей отырып, оларға сақ болудың кейбір ережелерін айтады, неліктен ол ережелерді сақтау қажет екенін түсіндіреді. Мұндай кезде балаларды қорқытпай, оларды өз әрекетін ойланып істеуге үйрету маңызды.
Педагог балалардың қараңғыдан, қандай да бір нәрседен әдеби шығармалардың жағымсыз кейіпкерлерінен (жалмауыз кемпір, пері, т.б.) қорқып үрейленетін кездеріне кезігеді. Мұндай жайлар айтқанын істеткісі келіп, баланы қорқытып немесе жас ерекшеліктерін ескермей балалардың телевизия хабарын көруіне ерік беріп қоятын отбасыларының теріс тәрбиелерінің нәтижесі. Бұл балаларды тартыншақ, қорқақ етеді.
Педагог баладағы үрейді жою үшін сабырлы түрде оларға қорқыныш себебінің жоқ екенін түсіндіреді, мысалдар келтіреді, сендіреді, ал ересек жастағы балалармен әңгімеде әзіл, қалжың араластырып қояды. Жасқаншақ балаларды келеке етуге, олардың атына күкі ететін ескертулер айтуға жол бермеу керек. Тәрбиеші ересек балаларды үрейді саналы түрде жеңу үшін барлық балаларға керекті ойыншық әкелуге солармен бірге қараңғы бөлмеге кіреді; басқыштан секіріп түсуге көмектеседі, бала себепсіз үрей сезімін жеңгеніне қуанады; қимылды ойын кезінде батыл баланың қасына тұрғызып, жыртқыш қасқырдан сонымен бірге қашуды тапсырады және т. б.

Балаларға төн заңдылық ретінде жиі кездесетін қыңырлық пен негізп себебі - Мектепке дейінгі ұйымның педагогы мен ата- ананың тәрбиесінде байланыстың жоқтығы, күн тәртібінің турақсыздығы немесе оның тым құбылмалы болуы.


Баланың айтқанын істеу, шектен тыс әлпештеу, еркелету, оны взімшіл, қыңыр, қиқар етеді Қыңырлық пен қиқарлық қайсарлықпен шатастыруга болмайды. Бұл еМінез-құлқының жеткіліксіз дамығандығы, өз тілегін жанындағылардың талабына бағындыра білмейтіндік.
Қыңыр балалар мінез-құлқының теріс екенін дәлелдеп жатпай, оны біраз уақыт өзбетінше қалдыру керек. Ашуланған кезде бала ешкімнің сезін ұқпайды. Дегенмен бала қыңырлығына мүлден көңіл аудармай қоюға болмайды, тек ықпал етуді уақытша кейінге қалдыру керек Баланың ашуы басылғанан кейін төрбиеші сабырмен қалай істегені дұрыс екенін түсіндіреді.
Сенім білдіру, қойылған талапты орындауына көмектесу арқылы қыңыр балаларды айтқанына көндіруге, басқалардың пікірімен санастыруға мәжбүр етеді, қиқарлықтың жаман екенін, күлкіге ұшырайтынын түсіндіреді.
Жағымсыз қылығы үшін қорыққанда бала ересектерге өтірік айтады. өз айыбын біреудің мойнына салады, немесе жалған жолмен сыйлық алуға тырысады және т. б. Кейде баланың өтірік айтуына
ересектердің теріс қылықтары себеп болады. Мысалы, ата-анасы
киіміңді таза ұстағаны үшін ойыншық сатып алып беруге уәде береді.
Ойынға қызыққан бала киімнің былғанғанын барқамай қалады да,
ойыншық алу үшін: мені басқа бір бала итеріп жіберді деп өтірік айтады.
Адалдық пен шыншылдық қасиетін балада қалыптастыру сақтықты
қажет етеді. Орындалуы мүмкін емес уәдені бермеу керек. Өтірік айтқан
баламен оңаша, жеке-дара әңгімелесіп, оған мұндай қылықтың жөнсіз
екендігін, олай істеуге болмайтынын түсіндіреді.
Балалардың қиялға беріліп кететін кезінен өтірікті айтуды айыра
білу керек. Бала қиялын Н. Носов «Қиялшылдар» атты кітабында жақсы
суреттейді. Онда бала қиялының мағынасы ашып көрсетеді: балалар
шаттанғысы, ойнап, күлгісі келеді де шынымен өздері куә болғандай,
өздері қатысқандай неше түрлі ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып
айтады. Мұндай қиял балаларды болмыстан бұрып әкетпейді, онда
алдаудың нышаны жоқ, сондықтан мұндай сәтте тәрбиеші оны балалық
әзіл-қалжың деп қабылдағаны жөн.
Ардақты қасиет - сыпайылық. Сыпайылық балада қатарларының
қажетін, отбасының мүмкіндігін, ұжымның пікірін ескере отырып, өз
тілегін тежей білуінен, өз җұмысының, қылығының нәтижелерін сын
тұрғысынан бағалай білуінен көрінеді.
Тәрбиедегі теріс көрініс - анайылық. Бұл баланы отбасындағы
ересектердің бері елпештеп, болмашы жетістігін асыра багалап,
баланың дарынды екенін айтып, орынсыз мақтауына байланысты туады.

Ужымдағы дұрыс тәрбие мақтаншақтық, менмендік сияқты мінездің


жарамсыз жақтарын болдырмауға мүмкіндік жасайды,
Өзін әділ бағалауға, жолдастарының жақсы қасиетін көре білуге
үйрету, анайылықты сыпайы түрде бетіне айту маңызды.
Балаларды көңілді, ашық мінезді етіп тәрбиелеу қажет. Бұл сапа
оптимистік көзқарасқа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, айналасындағыларға
жақсы тілекпен қарауға негіз болады. Ол баланың мінезі мен бүкіл
қызметіне, өз қатарларымен қарым-қатынасына игі әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет