Спорттық моторлы ойыншықтар дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Олар балалардың қимыл белсенділігін арттыруға, қимыл үйлесімділігін, кеңістікті бағдаулауын, ептілігін, батылдығын дамытуға ықпал етеді. Бұл ойыншықтарды бірнеше топқа бөлуге болады.
Майда бұлшық еттерді шынықтыруға,қолдың буындары мен саусақ қимылдарының үйлесімділігін, ептілікті, көз мөлшерімен, қимылдың дәлдігін және тапқырлықты қалыптастыруға, сенсомоторлық аппаратты дамытуға көмектесетін ойыншықтар.
Қолдың, иықтың бұлшық еттерін шынықтыруға, қол мен дене күшін, ептілігін, қимыл үйлесімділігін, дамытуға арналған ойыншықтар.
Жүгіруді, секіруді дамытуға, аяқ пен дененің бұлшық еттерін шынықтыруға көмектесетін ойыншықтар сүйрейтін арбалар, шеңберлер, секіретін жіптер, ағаш аттар, конькилер, роликтер, велосипедтер автомобильдер, т.б. Жіп таққан және таяқ қадаған сүйрейтін арбаларды кішкентай балалар пайдаланады, бұлар жүріп, жүгіріп жаттығуға көмектеседі.
Ұжым болып ойнауға арналған ойыншықтар, онда балалардың қимыл дәлдігі, шапшаңдығы, ептілігі дамиды. Олар ұжымдық қарым- қатынастың дамуына көмектеседі, қимыл ептілігін, соққының күшін шамалай білуін, өз қимылын басқаның, үйлестіре білуін дамытады.
Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтар балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін маңызды: сылдырмақтар, кішкене қоңыраулар, сыбызғылар және мызукалық аспаптарды бейнелейтін басқа да ойыншықтар. Олар балалардың дыбысқа, әуенге деген ықыласын қанағаттандырады, оларды әннің марштың әуенін қайталап айтуға ынталандырады.
Тәрбиеші ойыншықтың дыбысты таза шығаруын, музыканы айнытпай қайталауын бақылап отырады, құлаққажағымсыз ащы, тым қатты дыбыстың шығуына жол бермейді.
Театр ойыншықтары- өзіндік педагогникалық орны бар, эстетикалық тәрбие беру, сөйлеу мен ойлау, қиялдау, қайталап айту қабілетін дамыту мақсатына қызмет ететін, мазмұнына қарай образды ойыншықтар. Балалар ойыны мен сабағына қолданылатын театр ойыншықтары алуан түрлі:
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Қолғап театры.
Конус театры.
Көлеңке театры.
Мәтінді айтумен қоса театр қуыршақтарын көрсету жүзеге асырылады, сондықтан мұндай ойыншықтармен ойнау дұрыс және олар мәнерлеп сөйлеуді, тыңдай білуді, айта білуді дамытуға көмектеседі.