Педагогика



бет86/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Қимылды ойындар. Қимылды ойындар дене тәрбиесін беру құралы ретінде балалардың негізгі қимылдарын: жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу, т.б. жаттықтыруға, дамытуға және жетідіруге мүмкіндік береді. Қимылды ойындар ірі және майда бұлшық еттердің , зат алмасудың, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына, яғни ағзаның тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі.
Баланың жүйке- психикалық дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына қимылды ойындардың әсері мол. Қимылды ойындар жағымды көңіл- күй туғызады, тежей білуін дамытады: ойын барысында балаларға дыбыс арқылы белгі берілгенде қимыл жасап, екінші бір дыбыс арқылы белгі берілгенде қимыл жасауды тоқтатады. Бұл ойындарда баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, әрекет ету шапшаңдығы т.б. дамиды. Ойындағы бірлескен іс- әрекеттер балалрды жақындастырады, қиыншылықты жеңу және табысқа жету оларды қуанышқа бөлейді.
Халықтық ойындар- ережелі қимылды ойындардың қайнар көзі. Оларға тән ерекшелік- нақталық, мазмұндылық, қарапайымдылық, қызықтылық.
Қимылды ойындар мазмұны ондағы қимылдарға байланысты. Мектепке дейінгі ұғым бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктері бойынша қимылды ойындар берілген, ол ойындар арқылы әр түрлі қимылдар: жүгіру, секіру, өрмелеу, т.б. дамиды. Ойын балалардың қимылды орындау, ойын ережелерін сақтау мүмкіндіктеріне қарай іріктеледі.
Ұйымдастырушы рольді қимылды ойында ережелер атқарады, олар ойынның барысын, іс- әрекет жүйесін, ойнаушылардың өзара қарым- қатынасын, ойынның мақсаты мен мән- мағынасына бағынуға міндеттейді, балаларды әртүрлі жағдайда пайдалана білуге бағыттайды.
Ойынның мзмұны мен ережесін түсіндіруді тәрбиеші сәби топтарда ойынның барысында, ал ересек топтарда ойын басталар алдында жүргізеді.
Бұл ойындарға басшылықта тәрбиеші қимылды ойындарды таңдай отырып, онда талап етілетін қимыл әрекетінің сол жастағы балаларға сәйкестігін, ойын ережелері мен мазмұнына балалардың ақыл- ой
қабілеті жететіндігін ескереді. Тәрбиеші ойынға брлық балалардың қатысуына, талап етілетін ойын ережелерінің орындалуын қадағалай отырып, балаларды тым қызықтырып, қатты шаршататын шамадан тыс қимыл белсенділігіне жол бермеуі керек.
Ересек балаларға қимылды ойындарды өз бетінше ойнауды үйрету қажет. Бұл үшін олардың бұл ойынға ықыласын дамытып, серуен кезінде, демалыс сағаттарында, мерекелер, т.б. сол ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет