Педагогика


Идеялық бағыты, тәрбие міндеттеріне сәйкестігі



бет88/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Идеялық бағыты, тәрбие міндеттеріне сәйкестігі

Балалардың ой- өрісін кеңейтеді



Икемді болуы

Заттар мен құбылыстарға ықыласын тәрбиелейді



Жақсы көркемделуі

Дербестігін дамытады



Балалар өміріне қауіпсіздігі

Достық қарым- қатынас қалыптастырады



Жууға, етіктеуге мүмкін болуы


Өз әрекеттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады


Ойыншық түрлері. Ойыншықта ең айқын көрінетіні- ондағы образ. Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын ойыншықтардың мынадай түрлері белгілі:

  • Образды ойыншықтар.

  • Техникалық ойыншықтар.

  • Ермек ойыншықтары.

  • Шырша ойыншықтары.

  • Спорттық ойыншықтар.

  • Музыкалық дыбыс шығаратын ойыншықтар.

  • Театр ойыншықтары.

  • Көмекші құрал ретінде құрылыс материалдары.

  • Қолдан жасалған ойыншықтар.

Образ ойыншықтары- ойыншық қуыршақ, аңдар, үй жануарлары, көлік құралдары, ыдыс- аяқтар, жиһаздар, т.б. Кейде бұл ойыншықтарды ойын, мазмұнын анықтайтындықтан мазмұнды, мазмұнды- образды ойыншықтар деп атайды
Қуыршақ- мазмұнды образды ойыншықтар орталығы. Балаларда болатын түрлі әсерлер қуыршақпен байланысты. Ойын кезінде олар қуыршақты жанды бейне ретінде пайдаланады. Онымен сөйлеседі, өзінің сырын, қуанышын, ренішін айтады, оған қамқорлық жасайды.
Қуыршақтар көбінесе балаларды бейнелейді. Мектепке дейінгі ұйымда түрлі мамандықтың, түрлі ұлттың ересек адамдарын бейнелейтін қуыршақтар да болуға тиіс.
Пәтер, жиһаз, ыдыс- аяқ, әшекей бұйымдар, тұрмыстық техника бұйымдары , киім- кешек т.б. бар жерде қуыршақпен ойналатын ойындар мазмұнды бола түседі.
Мазмұнды- образды ойыншықтар құрамына аңдарды, үй жануарларын бейнелейтін ойыншықтар да кіреді. Сәбилердің сүйікті ойыншығы- түкті матадан және пүліштен жасалған аюдың баласы- жып- жылы әрі сүйкімді. Балалар, аюларды, иттерді, мысықтарды, қояндарды, лақтарды тамақтандырады, ұйықтатады., емдейді, олармен бірге серуенге шығады.
«Шалқан», «Бауырсақ», «Үш аю», «Жеті лақ» сияқты ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін мазмұнды- образды ойыншықтар ойыншықтардың ішінде ерекше орын алады. Драмалық ойындардың қайнар көзі болып табылатын мұндай ойыншықтар ойнаған кезде ертегіні жандандырып жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет