Ойыншықтарды іріктеу. Ойыншықтар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеледі.
Сәби топтарда: домалатуға, лақтыруға арналған үлкен доптар, балалар ары- бері сүйрететін және ойыншықтар салып таситын, қуыршақтарын мінгізетін түрлі кішкене арбалар, жүк таситын машиналар болуға тиіс. Бұлар балалардың қимылын дамытады және жетілдіреді.
Мазмұнды- образды ойыншықтар: мазмұны мен безендірілуі жағынан балаларға жақын, қоршаған дүниені бейнелейтін, ойын әрекеттерін жасауға оңай ойыншықтар- қуыршақтар, жануарлар, көлік құралдары, т.б. күнделікті тұтынылатын заттар.
Сенсорлық тәрбие беру және тіл дамыту мақсаттарына қарай дидактикалық ойыншықтар іріктеледі. Бұл ойыншықтар заттарды, олардың түсін, пішінін, көлемін, т.б. түйсіну, әр түрлі қасиеттері мен сапаларын түсіну және қолдану қабілетін дамытуға көмектеседі.
Билеген маймыл, бұзау, секірген құс немесе бақа сияқты ермек ойыншықтармен сәбиелер өздері ойнай білмейді, тек қызықты бұрамалы ойыншықтардың қимылына қарап, қуанады.
Естияр топ балаларының ойындағы ролі нақты көрінетіндіктен оларға, ойыншықтардан басқа, қосымша заттар беріледі: әскери адамның бас киімі, жалау, ұрмалы аспап, дүрбі, дәрігердің кейбір құралдары т.б. 4 жастағы бала құрылыс материалдарынан күрделі құрылыстар сала алатындықтан, құрылыс материалдары түрлі жинақта болуы керек. Естияр топтың балалары ермек ойыншықтарын өздері бұрап қимылға келтіреді.
Ұжым болып ойнай алатын және кешенді ойыншықтарды пайдалана алатын 4-5 жастағы балаларға «Үй жануарлары» ойыншықтарының кешені ұсынылса, бірлесіп ат қора салу, даладағы табынды күзету, т.б. жасау тілегін туғызады.
Ересек және мектепке даярлық топтардағы балалар айналадағы өмірмен көбірек араласады, олардың ұғымы, қарым- қатынас тәжірибесі мазмұны күрделі ойындар ойнауға мүмкіндік береді: «Отбасы», «саяхат», «театр», «мектеп», «балабақша», т.б. Дағды қалыптастыруға және балаларды біріктіруге көмектесетін белгілері нақты, жүріс тәсілдері бар техникалық ойыншықтар кеңінен қолданылады: «Құрылысшы», «Кішкентай тігінші», «Кішкентай суретші», т.б. кешенді жинақтар.
Спорттық ойындар 6-7 жастағы балалар қызығып ойнайтын ойындар. Олардың қимылдары икемді болғандықтан ойнау үшін, нысанаға тигізу үшін үлкен доптар, шағын достап, майда бұлшық еттерді дамытатын, қимыл дәлдігін, үйлесімділігін жетілдіретін басқа да ойыншықтар қажет. Балаларды ептілікті, күш- жігерді талап ететін ойындар көбірек қызықтырады. Бұл үшін балаларға жазда дәлдікті көздейтін ойыншықтар, қыста шаңғы, коньки беріледі,