Педагогика



бет91/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Дидактикалық ойыншықтар- баланы сенсорлық және ақыл- ой жағынан дамытуға және үйретуге бағытталған:

  • Халықтың дидактикалық ойыншықтар- түрлі- түсті шарлар, мұнаралар, матрешкалар, саңырауқұлақтар, кеспекшелер, ұсақ ойыншыақтар.

  • Құрастыруға арналған алуан түрлі ойыншықтар- мозаика, таяқшалар т.б.

  • Үстел үстінде ойнайтын және қағазға басылған ойындар- лото, жұптас суреттер, кубиктер, т.б.

Дидактикалық ойыншықтың байқалмайтын барлық қасиетін байқай білуді, көре білуді тәрбиеші үйретуі тиіс.
Балалар дайын ойыншықтар арқылы көптеген заттармен танысады, олардың адам өміріндегі қызметін түсінеді, оларды пайдалана білуге үйретеді, бірақ кейде баланың ойын жүзеге асыруда бастама, дербестік көрсетуіне кедергі жасайды.
Көмекші құрал ретінде құрылыс материалдары балалар ойынында пайдаланылады. Құрылыс материалдарымен жұмыс- балалардың зейінін, тапқырлығын, құрастырушылық қабілетін дамытады. Құрылыс материалдарымен ойнау балаларды ой, іс- әрекет бірлігімен, мақсатқа жету- құрылыс салу құштарлығымен біріктіреді.
Құрастырушылық- құрылыс жинақтары геометриялық денелер: куб, призма, конус, цилиндр бір- бірімен құрастырыла келе алуан түрлі құрылыстар салуға мүмкіндік береді. Балалар әдемі ғимараттар тұрғызып, ойын ұйымдастыруы үшін қосымша құрылыс материалдары:аркалар, тақтайлар, белағаштар, шеңберлер, жұлдыздар жеткілікті болуы керек. Сәбилерге өзінің әдемілігімен балаларды қуантатын олармен ойдағыдай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін түрлі- түсті құрылыс материалы беріледі. Олар кішкене орындықтар жасап, қақпалар, дуалдар, үйлер т.б. тұрғызады. Ересек балалар күрделі құрылыстар метро, вокзал, клуб, т.б. салады.
Қолдан жасалған ойыншықтар балалардың өздері, ата- аналар тәрбиеші жасайтындықтан маңызды. Бұл ойыншықтар балалардың шығармашылығын, ойлау қабілетін, ұжымдық жағымды қарым- қатынасты дамытады. Жолдастарымен біріккен ең қарапайым іс- әрекеттің өзі балаларды қуантады, қарапайым еңбек нәтижесінде олар бірге ойнауға ынталанады. Қолдан жасалған ойыншықтар өнеркәсіптік ойыншық өндірісі әлі жоқ кездегі ұрпақтардың балалық шағының айнымас серігі болып келген.
Материалды ойыншыққа айналдыруда бала түрлі әсерге- таң қалу, қуанышпен күту, ой жұмсау мен тәжірибелік іс- әрекет жасау, өзінің мүмкіндіктерін, дербестігін түсіну сезіміне бөлінеді. Ойыншық жасау, әсіресе оны ересектердің жасағанын көру балаларды іс- әрекетке ынталандырады. Олар ойыншықты өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де жасауға ынталана бастайды, бұл адамгершілік тәрбие беруде зор маңызды.
Бұл ойыншықтарды жасауда табиғи материал кеңінен пайдаланылады. Балалар орманда, паркте серуенге шығып, ойыншық жасау үшін табиғи материалдар жинайды, орман жаңалығын іздейді, негізгі образды жеке бөлшектермен толықтырып өздерін қуантатын ойыншықтар жасайды. Мысалы, ертегідегі құсқа ұқсас қайың бұтағын тауып, оған қанат жасаса, бұл бейне ойыншық болып шыға келеді. Құстар, адамдар жасау үшін еменнің бүрін, жаңғағын пайдаланады. Табиғи материалдардан ойыншық жасау- мектепке дейінгі балалардың қызықты, пайдалы ермегі.
Ойыншықтар жасауда жақсы материал- саз балшық. Балалар одан адам, жануар, күнделікті тұтынылатын заттар жасайды. Күйдіру бұл ойыншықтарды берік етеді, оларды кеңінен пайдалануға, басқаларға сыйға тартуға мүмкіндік береді.
Тастанды материалдар- сіріңкенің қораптары, жаңғақтық қабығы, жұмыртқаның сырты, газеттің жыртындылары, шығыршықтар, тақтайшалар т.б. ойыншық жасауда пайдаланылады. Бұлар таза болу үшін жәшіктерде үлкен қораптарда сақталуға тиіс. Соңғы кездері ойыншық жасау үшін балаларға пенопластың, поролонның кішкене қиындылары да беріледі. Бұл иілгіш, өңдеуге қолоайлы, таза материал.
Қолдан ойыншық жасау еңбек сабақтарында және демалыс кездерінде тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.



Ойыншықтардың түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет