Қарым-қатынас кезеңдері: 1.Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);
Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – «коммуникативті шабуыл»;
Өткен қарым-қатынасты талдау және алдағы педагогикалық
міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынасты модельдеу барысында төменгі іс-әрекетті жүзегеасады:
Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады
Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.
Қарым-қатынас – әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдіс, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылысына, ой-жүйесіне, көңіл-күйлеріне әр түрлі дәрежеде әсер етеді.
Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы, ұстаздық қарым-қатынас – жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық үдеріс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет жасап, өз болмысын айқындау т.б. қасиеттерімен сипатталады.
Қарым-қатынаста өзара байланысты үш категория айқындалады:
коммуникативті /ақпарат алмасу/;
интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің өзара белсенді іс-әрекетін ұйымдастырады/;
перцептивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдіс, осының негізінде өзара таным түсінік орнату/.
Сабақта сыныпты басқару үшін оқушыларды мұғалім түгел өз сөзіне тартып баурап немесе тапсырманы, нұсқауды орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларды басқара білу, баяндалатын оқу материалын түсінікті тілмен жеткізу білу, әр балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек екенінде үлкен маңызы бар. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тынышталмай отырғанда, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өзінің жоспарын орындауға мүмкіндік болмай, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескерту, нұсқауларды орынды жасап, сыныптағы оқушылармен оңтайлы қатынас орната алу – шеберліктің белгісі. Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөзбен айтпай, ым-ишарат, дене қозғалысы, жанар түйістіру – эмоциямен жеткізе алуы - оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ұтымды түрлерінің бірі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылыкты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені, оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай тұрғанын бірден түсініп, көпшіліктің көзінше ұялтқысы келмегенін ұғынып алаңдаушылық сезмі тежеледі. Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің бірі - мұғалім сөзінің нақты да нұсқа оқушыларды иландыратындай болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі, нақтылығы – айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуімен жеткізіледі.
Қарым-қатынас қажетті ақпарат алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мәдениеттілік белгілері – белсенділік, идея ұсыну, еркіндік, ерекше субъект ретіндегі қарым-қабілеті.
Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастықпен тіл табысу мүмкіндігін ашады.
Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына сый, құрмет байқалады.
Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және тұлға өзара әрекет субъектісі ретінде қарым-қатынастың мәдени құралы ретінде айқындалады.
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісімге келуін қарым-қатынас деп түсінеміз. Гуманизм қағидаттарына сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы құңдылық болып табылады.
Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде өзгерте алады. Қарым-қатынас серіктестікті қабылдауда аса маңызды. Егер педагог баланы тек қана әсер ететін нысана ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгіліктің, өнегеліктің болуы мүмкін емес. Психолог Я.И. Коломинский тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, операционалды-техникалық және ішкі деңгей – жеке бас тұлғаныі ішкі жан дүниесі.
В.А.Кан-Калик пікірінше адамдардың топта өз мүмкіндіктерін бағалауы олардың бірлесе орындаған іс-әрекетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты.
Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, бір-бірін бірлестікте түсінуі және бағалауы маңызды.
Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, біріктіріп қарым-қатынас жасауға итермелейтін іс-әрекет.
Қоршаған ортада адамдарда жеке-тұлғаны бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар. Қабылдаудың дәлдігі адамдарды бір-бірінен айыра бүлу мүмкіндік байланыты.
Әлеуметтік перцепция зерттеулерінде өзін-өзі танып білу өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселе адамды күрделі өзін реттеуші жүйе ретінде түсіну де аса маңызды. Америка психологтарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы үш әлеуметтік блоктан тұрады: когнитивті, эмоциялық-бағалаушы және реттеуші. Когнитивті блоктың қызметі – өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциялык-бағалаушы қызмет – өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігін бағалап, өзіне деген көзқарасты бағалау, реттеуші блоктың қызметі – өз мінез-құлқын және іс-әрекетін реттеп, кері байланыс арқылы өзі туралы мағлұматқа түзету енгізу. Өзін-өзі қабылдау дегеніміз – адамдардың өзін басқалармен салыстыруы, өзін басқалардың қабылдау деңгейін сезінуі, өз әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан тұрады.
Әлеуметтік перцепцияда қарым-қатынастың бейвербальды әдістері аса маңызды болып саналады. Жеке-дара қатынас үдерісінде адамдардың бірін-бірі қабылдаудың негізгі әдіс – жүріс тұрысы, дене қимылы, дауыс ырғағы, ым-ишарат. Мысалы, жанар түйістіру – адамдар арасындағы қатынасты реттеуші тетік. Сол сияқты ым-ишара тілі де ежелгі тілдің бірі болып табылады. Мысалы, тыңдаушылар алдында сөйлеп тұрғанда кейбір кимылдар тыңдаушыларға кысым, сыйламау, тәкәппарлық сипатта болып көрінуі мүмкін. Егер де сөйлеп тұрған адам бір аяғынан екінші аяғын ауысып, козғалып тұрса, сенімсіздік тудырып, артық шапшаң қимылдар тыңдарманмен байланысқа түсуге кедергі болуы әбден ықтимал.
Экспрессивті психологияның жетістіктерін күнделікті қолдану маңызды қимыл-қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет, өзінің тәртібі, сонымен қатар өзге адамдардың қылығына реакцияны көрсету маңызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің мінез-құлқын икемдеп, оның тиімді жолдарын қарастырып, өзін дұрыс бағалауды қамтамасыз етеді.
Әдетте адам өзі туралы мәліметтерді іс-әрекеті барысында бақылай алады. Егерде қарым-қатынас дұрыс болмаса, адам өзін оқшаулану жағдайында сезініп, қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі. Психолог В. А. Лабунская тұжырымдамасы бойынша күрделі қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы өмірде байқалады. Қиындық туғызатын қарым-қатынас көрсеткіштері: қатынас жасаудағы ұзак үзіліс, бір сөзбен ғана жауап беру, дауыс ырғағын жоғарлату, адамды тыңдай алмау, әңгімені үзіп тастау, байланысқа түсе білмеу, көз түйістірудің болмауы, дөрекілік, серіктесін кемсіту, менсінбеу, жасықтық, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік айту, сенімсіздік, бірбеткейлік, серіктесінің пікіріне құлак аспаушылық. Қарым-қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс, жағымсыз эмоциямен білінеді және қарым-қатынастың бұзылуы да тұлға үшін жеке қолайсыздықтар туғызады.
Жеке адамдар арасындағы байланыста қарым-қатынастың маңызын сапалы түрде ұсынбау жағдаяты болып табылады. Жеке даралық қатынастың бұзылуы – психологиялық көмекті талап ететін қатынас жүйесін өзгерту және түзету арқылы өтеді.
Психологтар өзара қарым-қатынаста болатын кедергілердің алты типін көрсетеді:
жағдаяттық кедергілер(жағдайларды әртүрлі түсініп қабылдау);
мағыналық кедергілер(алдыңғы хабарды ескермей айтылған жауап сөз);
мотивациялық кедергілер (бірімен қатынасты не себепті
жасайтынын түсінбеу);
өзге адам туралы дұрыс түсініктің болмауы;
өзге адамды мәдени деңгейі, қажеттілігі, қызығушылығын дұрыс қабылдай алмай, жаңсақ бағалау;
кері байланыстың болмауы.
Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды түсінемін деп өзіне сенімді болса, олардың арасында дұрыс қарым-қатынас орнайды. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-бірінің жан дүниесін түсініп, қабылдағанда ғана қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде екі адам себеп болады. Қатысымға түсушілер бірін-бірі тануда қабылдауда маңызды қарым-қатынас тетіктерін меңгеруі тиіс, олар: идентификация, рефлексия және стереотипизация.