Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең маңызды кәсіби қасиеті. Ол әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалык сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін білдіреді.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде айқындалатын мұғалімнің мінез-кұлкы. Бұл педагогтың шәкірттермен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті мінез-құлық және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қатар қою керек. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К. Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль қағидаттарының мәнін қарастырып қоймай, олардың қасиетін де қамтиды.
Категориялары: Педагогтың кәсіби борыш;
Педагогтың әділеттілігі (әділдігі), абырой;
Педагогтың беделі.
Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі - мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру үдерісінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұлмұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі - мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білімберу мен қатар, өзінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оны мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш – педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына коғамның қоятын талаптары мен моральдық Ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндеттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек функциясын жүзеге асыру, окушылардың және олардың ата-аналарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнату, таңдаған кәсібіне деген өзінің жауапкершілігі жатады.
Мұғалімнің кәсіби педагогтық борышы оның өз еңбегіне деген шығармашылық қатынас жасауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап коюға, кәсіби білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын кұрметтеуге және т.б. бағдарланған.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік педагогтық моральда мұғалімдердің объективтілігін, балалардың қылықтарын, олардың окуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбие деңгейінің өлшемін білдіреді.
Әділдік бір жағынан мұғалімнің адамгершілік қасиеті ретінде, екінші жағынан оқушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемі ретінде қарастырылады. Әділеттілік педагогтық қызметте оқушылардың оқу үдерісіндегі еңбегін әділ бағалау арқылы жүзеге асады. Бағаны дұрыс, орынды пайдаландың тәрбиелік мәні зор. Баға балалардың сана-сезіміне, психикасына, қылықтарына үлкен әсер етеді. Әділеттілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар. Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысының шебері атанып, ерен еңбегінің көрсеткіші болып келеді.
Педагогтық беделдің деңгейі –білімнің тереңдігі, әдеп-тілігі, шеберлігі, жұмысқа көз-қарасы мұғалімнің қоғамдық белсенділігі, педагогикалық тактикасымен айқындалады.
Мұғалімнің әдебін түзетін құрамбөліктері көп. Олардың бастылары: педагогтық оптимизм, педагогтық такт, педагогикалық техника, шеберлік, байқампаздық, психологиялық қырағылық, қуатты ерік-жігер, сөз және сезім мәдениеті, мінез көркемдігі, ұстамдылығы, талант, бейімділік, ұйымдастырушылық қасиеті болып табылады.
Педагогтық тактика мұғалімнің бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым-ишарат қимылдарының жинақталған шоғыры. Сан құбылатын дауыс ырғағының ішінен тек бажылдауды әдетке айналдырып, ал барлық сөз қорынан «Қимылдама», «Үніңді шығарма», «Сөйлемей отыр» деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын «техникалық» жағынан қаруланбаған мұғалімдердің табысқа жетуі екіталай. Әсер ету кұралдарын ұзак колдануға болмайтындығы белгілі. Олар «ескіреді». Егер педагог өз тактикасын өзгертпесе, олөз оқушыларының көңілінен шықпайды.
Оқытушы педагогтық техниканы да меңгеруі тиіс. Оның қалай жүріп тұруы, отыруы мәнері, дауыс ырғағы, ым-ишараты, дауыс ырғағын орынды қолдана білуі, сыңай білдіруі, көз түйістіру өнері сияқты амалдарды меңгеруі өте маңызды.