Педагогикалық акмеология



бет26/36
Дата03.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#121608
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
УМК педакмеология 2019, курс 3

Ұсынылатын әдебиеттер: [5],[14],[15],[16],[17], [18],[27]


9. Семинар сабақтарының жоспары.
Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттер семинар сабақтарында дәрістерден және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімін тереңдетіп нығайтады, өз сенімін айқындайды,әдістемелік терминологияны меңгереді. Ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз мақалаларын, дәріс материалдарын, дереккөздерін, нормативтік құжаттарды, интернет ресурстарын пайдалана отырып, сабаққа мұқият дайындалады,өз көзқарасын қорғауға үйренеді. Студенттер семинар сабағында өз ой тұжырымын анық баяндай отыра, ғылыми пікірталастың негізгі ережелерін біліп сақтағаны абзал.


1-ші тақырып. Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология
Сұрақтар

  1. Акме құбылысының мазмұны мен негізгі сипаты.

  2. Акмеологияның зерттейтін пәні мен нысаны.

  3. Ересек тұлғаның дамуын зерттеуде акмеологиялық көзқарас туралы.

  4. Акмеологияның іргелес ғылымдармен байланысы.

  5. Жалпы және арнайы акмеологиялық қағидаттары мен әдістері.

Тапсырмалар

  1. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде «Акмеология» категориясының қалыптасу тарихын зерделеңіз.

  2. Акмеологияның өзекті мәселелері туралы пікір білдіріңіз.

  3. Акмеологияның іргелес ғылымдарымен байланысы туралы ой өрбітіңіз.

  4. «Жоғары білім беру жүйесіндегі акмеология саласы» атты тақырып бойынша глоссарий (негізгі ұғымдар сөздігін) құрастырыңыз.

  5. Акмеологияның жалпы және арнайы қағидаттары мен әдістерінің мазмұны туралы ойыңызды ортаға салыңыз.

  6. Аталмыш проблеманы зерттеу нәтижесін конспекті түрінде дайындап келіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4],[5],[11],[16],[17],[27]


2-ші тақырып. Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы
Сұрақтар

  1. Педагогикалық іс-әрекеттің міндеттері. Педагогтың кәсіби дайындығы мен кәсіби жарамдылығы.

  2. Шетел тілі мұғалімінің профессиограммасында негізгі іс-әрекеттер жүйесі.

  3. «Педагогикалық шеберлік» ұғымының негізгі мән-мағынасы.

  4. Кәсіби даму және өзін-өзі тәрбиелеу.

  5. Кәсіби рефлексияның психологиялық және акмеологиялық негіздері.

  6. Педагогтың өзін-өзі кемелдендіру сатылары және іс-әрекетінің тиімділігін бағалау.

Тапсырмалар

  1. Педагогикалық қызметтің негізгі міндеттерін баяндаңыз.

  2. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не? Шетел тілдері мұғалімінің кәсіби-маңызды қасиеті мен біліктеріне сипаттама беріңіз.

  3. «Педагогикалық және гуманитарлық мәдениет» ұғымдарының құрамына не кіреді. Олардың арақатынасы қандай?

  4. Мұғалімнің кәсіби өсуімен өзін-өзі кемелдендіру арасында қандай байланыс бар?

  5. Рефлексияны өзін-өзі тану іс-әрекеті ретінде сипаттаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет