Құзыреттілік – «кәсіби шеберлік», «кәсіби тәжірибе» ұғымдарымен пара-пар.А.К.Маркова нормативтік және кәсіби шеберлік деп ажыратады. Бірінішісі мамандықтың адам тұлғасына қоятын талаптарын көрсетеді. Екіншісі - тұлғаның ішкі қасиеттері, олар нормативтік талаптарға сай болуы керек.
Кәсіби шеберліктің мотивациялық саласы: - Кәсіби құңдылықтар, идеалдар;
- Мамандықтың маңыздылығын түсіну;
- Кәсіби дүниетаным;
- Этикалық нормаларды меңгеру;
- Кәсіби мотивтер (өз әлеуетін толық пайдалану);
- Кәсіби мақсат;
- Сәттілік пен сәтсіздіктің себептерін анықтай білу;
- Өзіндік ерекшелік, бағалау жүйесі, қарым-қатынасқа көзқарас;
- Кәсіби ұстаным - кәсіби өсу, біліктілігін көтеруге ниеті болуы;
- Кәсіби салада икемділік таныту;
- Кәсіби қарым-қатынасқа дайын болу;
- Өз еңбегіне көңілі толуы, мамандықтың талабына күш салу;
Кәсіби шеберліктің операционалды-техникалық саласына жатады:
Кәсіби өзіндік сана;
Еңбек туралы кәсіби және психологиялық білімнің болуы;
Кәсіби білік, дағды технологиялары;
Кәсіби білімді меңгеру, білімін ұштауға талпыныс білдіру;
Кәсіби қабілеттер (жалпы және арнайы қабілеттер), кәсіби жарамдылық;
Кәсіби ойлау қабілеті;
Еңбектің нәтежелілігі және тиімділігі;
Еңбек нәижесінің психологиялық бағасы;
Еңбек ету қабілеті;
Мамандықты белгілі бір санатқа жеткізу;
Кәсіби өсудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, оның нәтижесін көру;
Кәсіби әрекетте өзіндік стильдің болуы, мамандық аясында қарым-қатынас жасай білу;
Бірнеше іс-әрекет түрлерін меңгере білу, бірінен екіншісіне еркін ауыса білу;