Педагогикалық экспериментті дайындау және өткізу кезеңдері, әр кезеңінен құрылымы. Экспериментті өткізудегі дайындық мына әрекеттерден тұрады. Эксперименттік объектілердің қажетті сандары таңдалады, эксперименттік объектілердің нақты жағдайын зерттеу үшін арнайы әдістерді таңдау іске асырылады.
Диагностикалық кезең: оқу-тәрбие үдерісіндегі мәселелерді талдау практикадағы қарама-қайшылықтарды тұжырымдау, керекті қажетіліктердің шешімін табу, жаңа әдістемелерді, технологияларды, құрылымдарды, жаңа дәледеуді іздестіру.
Болжамдық кезең: мақсаттарды қою, эксперимент міндеттерін нақтылау, жаңа технологиялардың моделін құру (әдістемелердің құрылымы, жүйенің өлшемі және т.б.), ғылыми болжамдарды құрастыру, сонымен қатар тиісті шаралардың мүмкіндігі, мақсат пен міндеттерді орындау тетіктерін ойластыру (мерекелік іс-шаралар және қорлар және т.б.), эксперимент бағдарламаларын дайындау және сараптамадан өткізу.
Ұйымдастырушылық кезең: эксперименттің бағдарламаларын іске асыру шарттарын қамтамасыз ету, эксперименттің материалдық базасын дайындау, экспериментті қаржымен қамтамасыз ету, басқару қызметіне кадрларды арнайы дайындау, эксперименттік жұмысты ғылыми әдістемемен қамтамасыз ету, экспериментке қатысушы мұғалімдерге моральдық және материалдық жағдай жасау, экспериментті ұйымдастырушыны, эксперименттің ғылыми жетекшісін және консультатты белгілеу.
Практикалық кезең: педагогикалық ұжымда жаңа әдістерді тарату, эксперимент нәтижесін өңдеуді жүзеге асыру.
Эксперимент өткізу құжаттарды тексеруден басталады. Зерттеуші, әдіскер, респонденттер сауалнамаларды, бағдарламаларды, әңгіме жүргізу жоспарын, мәліметтерді жинақтау кестелерін және матрицаларды тіркейді, өзгертулер енгізеді.
Педагогикалық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру. Педагогикалық эксперимент: оның мәні мен талаптары. Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді.
Эксперименттің көлемі кең ауқымда (мұнда экспериментке қатысушылардың саны өте көп) немесе ықшамдалған топта да (мұнда экспериментке қатысушылар саны аз) болуы мүмкін.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн:
- тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;
- оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;
- зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименттік базаны анықтау;
- экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда ең алдымен оның жоспары анық болуы қажет, ол үшін:
- эксперименттің мақсатын анықтау.
- эксперименттің міндеттерін анықтау.
- эксперимент барысында «иә» немесе «жоқ»деген жауап көрсеткіштерінің болуы.
- зерттеу құбылысында оңды нәтиже алуға әсер етуші факторларды анықтау.
- зерттеуде әсер етуші факторларды іріктеу және оларды қолдануға шешім қабылдау.
- әсер етуші факторларды міндетті түрде маңыздылығы бойынша реттеу.
- кейбір факторлардың реттелуге келмейтіндігінен, олардың орташа әсерін (мәліметін) есепке алу.
Эксперменттің соңғы сатысы – бұл талдау (нәтижелерді жинақтау, реттеу, статистикалық
мәліметтерді енгізу, қорытынды пікір қабылдау).
Достарыңызбен бөлісу: |