Педагогикалық эксперимент Ортағасырлық ғалым Роджер Бэкон «Эксперимент ғылыми білімнің жасанды тәжірибесінің нағыз қайнар көзі болып табылады»



бет4/4
Дата07.12.2022
өлшемі31,47 Kb.
#55695
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық эксперимент.7.11.2022

Сұрақтар мен тапсырмалар

      1. Педагогикалық эксперименттің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз

      2. Магистрлік диссертацияңыз бойынша эксперименттік жұмыстың бағдарламасын ұсыныңыз.

      3. Эксперименттің өткізілу кезеңдерін негіздеңіз.

      4. Эксперимент нәтижелерін өңдеу әдістерін ұсыныңыз.

      5. Эксперименттің басқа зерттеу әдістеріне қарағанда кешенділігі неден көрінеді?

      6. Зерттелетін құбылыстың сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтаңыз.



2. Экспериментті жүргізудің негізгі кезеңдері


Педагогикалық экспериментті жүргізуде негізгі үш кезең ұсынылады.
Бірінші кезең – экспериментті жүргізуге дайындық. Бұл кезең экспериментті жоспарлауды көздейді. Оның міндеттері: эксперименттің мақсаты, міндетін анықтау, болжамды тұжырымдау. Эксперименттің нысандары (оқушылар, сыныптар, мектептер), бақыланушы және сыналушы топ таңдалып алынады. Эксперименттің зерттеу пәні белгіленеді (мысалы, төменгі сынып оқушыларының жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру). Педагогикалық ықпалдың әсерінен болған өзгерістерді талдайтын белгілер қарастырылады. Осы өзгерістерді, зерттеліп отырған объектінің бастапқы күйін анықтаудың нақты әдістемесі ( сауалнама, интервью) таңдалып алынады. Эксперименттің ұзақтығы анықталып, оны өткізу әдістемесі жасалады. Эксперименттің нәтижесін тіркеудің формасы анықталады.
Екінші кезең- экспериментті жүргізу. Бұл кезеңнің нақты үш сатысы белгілі:
Бірінші сатының мақсаты – экспериментте қаралатын барлық факторлар мен қасиеттердің бастапқы деңгейін анықтау.Тұрақтандырушы экспериментте істің нақты жағдайы, зерттеліп отырған нысанның бастапқы күйі зерттеледі, тұлғаның зерттелетін қасиетінің бар-жоқтығы анықталады, балаларды және т.б. тіркеледі. Бұл үшін оқушыларды зерттеудің бағдарламасы жасалады, жеке тұлғаның қасиеттерінің қалыптасу деңгейін анықтайтын көрсеткіштер мен өлшемдер ойластырылып, сипатталады.
Бастапқы деңгейді осылай сипаттаудан кейін, эксперименттың екінші сатысына өтуге болады. Қалыптастырушы эксперимент педагогикалық зерттеуде маңызды орын алады. Бұнда балалардың тұлғалық қасиетін, білімі мен тәрбиелілігінің деңгейін, танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған шаралар жүйесі жүзеге асырылады.Сонымен қатар зерттеуші тәжірибелік шаралар жүйесінің ықпалымен объектіде болып жататын өзгерістерді сипаттайтын аралық кесіктердің негізінде эксперимент барысындағы ақпараттарды белгілеп, түзетулер енгізіп отырады. Бұл кезеңде алынған нәтижелерді эксперименттің күнделігіне, бақылау картасына, фотосуреттер арқылы т.б. жолдармен белгілеу маңызды.
Тәжірибелік кезеңнің үшінші сатысы барлық көрсеткіштерді мұқият жинау және тіркеу (өлшеу,сипаттау, бағалау) болып табылады.
Эксперименттің бақылау кезеңі экспериментальды шаралардың тиімділігін мақұлдайды, не теріске шығарады. Бұл кезеңде тұрақтандырушы мен қалыптастырушы эксперименттен алынған нәтиже салыстырылады. Зерттеуден неғұрлым ақиқат ақпарат алу үшін, зерттелушілердің санын арттыру қажет. Нәтижелерді өте түзеу түсіндіру керек.
Экспериментальды шаралар жүйесі сыналушы топта (сыныпта) эксперимент бағдарламасына сайкес жүзеге асырылады. Сыналушы сынып оқу үлгерімі, оқушылар саны, ұлдар мен қыз балалардың саны және басқа да сипаты бойынша әдеттегідей болуы маңызды. Алынған нәтижелер ешқандай өзгеріс енгізілмеген, бақыланушы сынып нәтижесімен салыстырылады. Эксперименттің бұндай түрі параллельді эксперимент деп аталады. Тәжірибеде бір топтың экспериментке дейін және кейін алынған мәліметтер салыстырылып, жүргізілетін бірізді эксперимент қолданылуы мүмкін.
Қорытындылау кезеңі эксперимент нәтижелерін талдап, сараптаумен аяқталады.

  • экспериментальды шараларды жүзеге асыру нәтижесі (зерттелуші нысаннның соңғы күйі) талданады;

  • эксперимент жағымды нәтиже беруге негіз болған жағдайлар талданады;

  • эксперимент субьектілерінің ерекшелігі талданады (оқушыларға сипаттама беріледі);

  • шығындалған уақыт, қаражат туралы мәліметтер талданады;

  • тәжірибеші қызметкерге қажет ұсынымдар тұжырымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет