Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары


Кушмурзина Даметкен Хажмухановна



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата28.01.2017
өлшемі8,33 Mb.
#2877
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66

Кушмурзина Даметкен Хажмухановна 

ҚМПИ, аға оқытушы, п.ғ.магистрі,  

Қостанай қ. 

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС: ТЕОРИЯ МЕН ТƏЖІРИБЕ 

 

АННОТАЦИЯ 

Бұл  мақалада  ЖОО-да  болашақ  мұғалімдерді  кəсіби  даярлауда  оқыту  мен  оқу  үрдісінде 

инновациялық  технологияларды  қолданудың  тиімділігі  талданып,  олардың  іске  асырылуы 

баяндалады.  Əдістемелік  пəндерді  оқыту  үрдісінде  қолданылған  оқытудың  тиімді  əдістері  мен 

оқытуды ұйымдастыру формаларынан мысалдар келтіріледі. 

Түйінді  сөздер:  инновациялық  технология,  біліктілік,  топтық  жұмыс,  диалогтік  оқыту,  сын 

тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология. 

АННОТАЦИЯ 

В  данной  статье  дается  анализ  эффективности  применения  инновационных  технологий  в 

процессе  преподавания  и  обучения  в  профессиональной  подготовке  в  ВУЗе  будущих  учителей  и 

излагается их реализация в учебном процессе. Приводятся примеры эффективных методов и форм 

организации обучения, применяемых в преподавании методических дисциплин. 

Ключевые  слова:инновационная  технология,  квалификация,  групповая  работа,  диалогическое 

обучение, критическое мышление, информационная технология. 

АBSTRACT 

This article shows an analysis of the effectiveness of use of innovation technologies in the process of 

teaching and learning in the training of future teachers at the university and describes its implementation in 

the educational process. There are also examples of the effective methods and forms of the learning 

organization, which are used in the teaching of the methodological disciplines. 

Keywords:  innovative technology, qualification, group work, dialogic educating, critical thinking, 

nformation technology.  

 

Қазіргі таңда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, əлемдік білім 



беру  кеңістігінде  енуге  батыл  қадамдар  жасалынуда.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 

оларды  технологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  жетілдіру  қажеттігі  туындауда.  Себебі, 

білім  беру  жүйесіндегі  қайта  құрулардың  негізгі  субъектісі – мұғалім.  Сондықтан  қазіргі 

мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды 

жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан  мұғалімдер  қажет.  К.Д.Ушинский 

«Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді 

тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де  жойылады» - деп  айтқандай  педагог  үнемі  тынымсыз 

еңбектену керек. [1, 75 б]. 

Білім беру деңгейіндегі озық инновациялық технологияларды пайдаланудың мақсаты – 

үйрете жүріп, үйрену.Себебі, мұғалім – ол пəннің оқытушысы, əрі тəрбиешісі. Сондықтан да 

осы жоғарыда айтылған міндеттерді оған білу өте қажет. Бүгінгі күн мұғалімдердің алдында 

тұрған  басты  міндет – оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын  арттыра  білу,  сол  арқылы  əр 

тақырыпты  олардың  санасына  жеткізе  түсу  жəне  де  оқыту,  үйрету,  белгілі  бір  дағды 

қалыптастыру. 

Осы  жағдайда  заман  талабына  сай  педагог  оқушыны  қалай  жəне  неге  оқытуы  керек? 

Ендеше  осы  заман  талабына  сəйкес  келу  үшін  «не  істедім,  қандай  əрекеттерді  жүзеге 

асырдым  жəне  қандай  нəтижеге  жеттім»  деген  сұрақтардың  туындауы  заңды  нəрсе.  Бұл 

мəселені  шешуде  ең  алдымен  болашақ  мұғалімнің  кəсіби  дамуына  баса  көңіл  аудару 

қажеттілігі  аса  маңызды  болып  отыр.  Кезінде  ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов 1914 жылы 

«Қазақ» газетінде жарық көрген «Мектеп керектері» атты мақаласында «... Ең əуелі мектепке 

керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» деген екен [1, 53 

б].  


Міне,  осы  аталған  маңызды  мəселенің  өзектілігі  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңында,  ҚР  білімді  дамытудың 2015 жылға  дейін  Концепциясы 2004 ж.,  ҚР 

стратегиялық  дамуының  «Қазақстан-2030»  бағдарламасында,  ҚР  білім  беруді  дамытудың 


263 

 

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында,  ҚР  «Білім»  бағдарламасында, 



мемлекеттік  саясаттың  басты  принциптері  ретінде  болашақ  маманның  шығармашылық 

əлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мəселелерінде басты міндеттер 

қатарында қойылған [2, 3, 4, 5]. 

Заман  талабына  сай  педагог  қызметкерлердің  кəсіби  біліктілігін  арттырудың  əдіс-

тəсілдері  де  өзгеруде.  Бүгінгі  күні  білім  саласында  болып  жатқан  құндылықтардың  өзгеруі 

жаңа  ғасыр  мұғалімін  дайындау  міндетімен  байланысты.  Бүгінгі  күннің  мұғалімі  ол – 

ізденуші-мұғалім.  Жоғарыда  айтылғандарға  орай,  педагогикалық  жоғары  оқу  орнында 

кəсіби-педагогикалық 

іс-əрекетке 

дайындаудың 

мұғалім-шебер 

дайындығын 

қарқындандыруды,  мұғалімнің  жеке  тұлғасының  үздіксіз  кəсіби-əдістемелік  тұрғыдан  өзін-

өзі жетілдіруді іске асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. 

Осы  тұрғыдан,  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде əзірленген педагог кадрларды даярлайтын 

жоғарғы  оқу  орындарының  бітіруші  курс  студенттеріне  қосымша  кəсіби  білім  беру 

бағдарламасы  бойынша  тренерлерді  оқыту  бағдарламасының  берері  көп.  Бағдарламаның 

мақсаты  үшінші  деңгей  бағдарламасының  негізгі  идеяларымен  жəне  оқыту  тəсілдерімен 

таныстыру болып табылады.Бұл курс бағдарламасы оқыту мен оқу үрдісіндегі қолданылатын 

түрлі стратегиялар мен тəсілдерді қарастыратын 7 модульге сараланған. Жеті модульге негіз 

болған  идеялар  үш  негізгі  тарауға  бөлінеді:  ойлау  жолдары,  əдістер  мен  тəсілдер,  жұмыс 

құралдары  (ҚР  ПҚБАК  Бағдарламасы  екінші  деңгей,  үшінші  басылым, 23 бет).  Бұл  білім 

беру  жүйесін  жандандыру  бағытындағы  оң  істердің  бірі  екені  анық.  Осы  курс  барысында 

мемлекетіміздің  ЖОО-ның  профессорлық-оқытушылық  құрамымен  бірге  тəжірибе  алмаса 

отырып,  өз  біліктілігімді  көтеруге  мүмкіндік  алдым.  Маған  Кембридж  университетінің 



ғалымдары əзірлеген бірлескен топтық жұмысы, сонымен қатар, біздің ойлау əрекетімізді 

жəне өздігінен білім алуымызды жетілдіретін ашық сұрақтар қолдану мен шығармашылық 

тапсырмалар орындату жүйесі ұнады.  

Кембридждік  оқыту  əдіс-тəсілдері  мақсаттарының  бірі – студентті  оқыта  отырып,  ой 

еркіндігін,  белсенділігін,  ізденімпаздығын  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға 

дағдыландыру болып табылады. 

Бірінші  «бетпе-бет»  кездесуде  Кембридж  университеті  мамандарының  көрсеткен, 

үйреткен тəсілдерін, ұстанымдарын институтта өз іс-тəжірибемде кеңінен қолданып келемін. 

Онда жоспарлап өткізген əр сабағым барысында бұл бағдарламада ұсынылған стратегиялар 

мен  тəсілдер  студенттердің  болашақ  маман  ретінде  əдістемелік  жағынан  шыңдалуларына 

пайдалы  жəне  өте  тиімді  екендігіне  көзім  жетті.  Студенттер  тарапынан  да  мұндай 

сабақтардан  алған  əсерлерінің  зор  екенін  де  байқадым.  Олар  əрбір  қолданылған  əдіс-

тəсілдерді  қызығушылықпен  орындап,  бір-бірімен  пікірталастарға  түсіп,  ортақ  шешім  таба 

білді. Бұл өз кезегінде болашақ маманның ой-өрісін жетілдіріп, сыни тұрғыдан ойлауларын 

жəне  сөйлеу  шеберліктерін  дамытады,  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  түсе  отырып,  өзінің 

білім  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  алады  деп  айтуға  болады.  Себебі,  дəріс  жəне  семинар 

сабақтарында  студенттер  үшін  оқу  материалдарын  жаңа  тұрғыда  құрып,  ұйымдастырылып 

өткізілуін  қамтамасыз  етуде  ақпараттық-компьютерлік  технологиялары – PowerPoint 

презентациялары,  интерактивті  бағдарламалары,  Ғаламтор-ресурстары  (видеоматериалдар, 

электрондық оқулықтар, ғылыми мақалалар); жаңа инновациялық технологиялары мен оқыту 

əдістері – топтық жұмыс əдісі, диалогтік оқыту əдісі, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 

ойлауды  дамыту  технологиясы,  іс-əрекеттегі  зерттеу  əдісі,  бағалаудың  жаңа  əдіс-тəсілдері 

қолданылуда.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру 

жүйесіндегі  əлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  əдістері 

арасында кең тарағаны – топтық жұмыс. Студенттер жұпта немесе топта жұмыс жасағанда 

«оқытушы-студент» сұхбаты түріндегі өзара қарым-қатынасқа қарағанда, «студент- студент» 

қатынасына түсе отырып, негізгі бір тұжырымдар мен дəлелдемелерді талдап əзірлеуде жəне 

қадағаланатын  оқиғаларды  сипаттауда  түрлі  мүмкіндіктерге  ие  болды.  Топтық  жұмыс 


264 

 

студенттердің  арасында  өзара  ынтымақтастық  атмосферасын  құруға  зор  мүмкіндіктер 



туғызды.  

Жалпы сабақ беру əдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы зор. Сабақ барысында 

оқушы  мен  оқушы,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  жүргізілген  диалог  оқушылардың 

қызығушылығын,  танымын  арттырады.  Мерсер  мен  Литлтон (2007) өз  еңбектерінде  айтып 

кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім 

деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының 

диалог құру нəтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін 

сыныптастары  мен  мұғалімдермен  жүргізілген  диалог  болған  жағдайда  ғана,  білім  беру 

жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада 

даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. (МАН, 

38-бет) [6, 35 б].  

  

Сондықтан  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері  келешекте  бастауыш  сынып 



оқушыларымен  қарым-қатынасқа  түсіп,  оларды  оқытып,  білім  беруде  ең  алдымен  ауызекі 

сөйлеу тілдері дамыған, əрі оқушымен диалогке түсе білулері қажет. Баланың сөйлеу тіліне 

көп көңіл бөлу жəне баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тəсілі осы 

диалогтік оқыту əдісі деп ойлаймын. 

 

Студенттер  диалогтік  оқыту  барысында  сыни  тұрғыда  ойлауға  үйренеді,  түрлі 



жағдайлар  мен  сəйкес  ақпараттарды  талдау  негізінде  қиын  мəселелерді  шешеді, 

пікірталастарға  түседі,  басқа  адамдармен  қарым-қатынаста  болады.  Сабақтарымда  жұптық 

жұмыс  ретінде  алынған  диалог  топ  ішіндегі  студенттердің  арасында  өтіп,  оны  топ  ішінде 

талқылап отыру студенттің ойын кеңейтіп, тілін дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 

сыни  тұрғыда  еркін  ойлау  қабілетін  кеңейте  отырып,  еркін  сөйлеуге  ықпал  етті. Бұл 

пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің тəжірибемде көзім жетті. Мысалы: 

Студенттерді топқа бөлу үшін «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс» əдісін қолдандым. 

Онда  студенттер  сыртқы  жəне  ішкі  шеңберге  тұрып,  бір-бірімен  диалог  арқылы  өткен 

материалды еске түсіріп, өз түсініктерімен алмасты. Мұнда олар білімдерін толықтыра алды. 

Диалог  арқылы  əңгіме-сұхбат  жүрді.  Онда  оқытушы  ретінде  кім  не  түсінгенін,  оны  қалай 

баяндағанын байқап, бағалауға мүмкіндік алдым. Студенттер өткен материалды жан-жақты, 

бірінің  білмегенін  бірі  толықтырып,  ой  бөлісті.  Бұл  əдіс  əсіресе  студенттердің  сөйлеу 

əрекеттерін,  өткен  материалды  еске  түсіріп,  оны  басқаға  жеткізе  білу  шеберліктерін 

ұштастыруға өте маңызды əдіс болып табылады. 

Тəжірибелік  сабақтарда  студенттерге  «Тағы  басқаша  қалай  айтуға  болады,  ойлан», 

«Кім  толықтырады?»  немесе  тіпті  кейде  «Тағы  да  бір-біріңізбен  пікірлесіңіздер, 

ойларыңызды  толықтырыңыздар,  жүйелеңіздер,  жинақтаңыздар»  деп,  өзара  пікіралмасуға, 

əңгімелесуге  тартып  отырамын.  Нəтижесінде  алғашқы  берген  жауаптарына  қарағанда 

анағұрлым маңызды, мазмұнды жауап беруге дағдыланып, бір-бірінің ойларын тыңдап, əркім 

өзінің  ойын  толықтыруға  мүмкіндік  ала  білді.  Мұндай  əдіс  олардың  болашақта  ойларын 

жүйелі, бірізділікте білдіре білуге машықтандырады. 

Оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол студенттердің қабілеттері мен 

дағдыларын  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  тетіктердің  біртұтас  кешені. 

Қабілеттер мен дағдылар оқу үрдісінде белгілі бір дəлелдерді талқылап, қарастыруды қажет 

ететін  сын  тұрғысынан  ойлауға  негізделген  тапсырмаларды  орындау  барысында  көрініс 

табады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттер мен құндылықтарды жəне түрлі əрекеттер сияқты 

əр  түрлі  өлшемдерді  қамтиды.  Сыни  тұрғыдан  ойлау – өзіндік  жəне  жеке  ойлау.  Ал  сабақ 

сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Сонымен, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне 

негізделетін болса, əркім өз ойлары мен пікірлерін жəне бағалауларын басқалардан тəуелсіз 

құратын болады[7, 12 б; 6, 45 б].  

Сабақтарымда студенттердің сыни ойлауларын дамыту мақсатында «Аралас, жұптас, 

қозғалма, ой бөліс», «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Бес 

жол  өлең»  жəне  т.б.  стратегияларын  қолданамын.  Студенттердің  топта  өзін-өзі  немесе  бір-

бірін  жəне  топтардың  өзара  бірін-бірі  сыни  тұрғыдан  бағалауы  кезінде  «Екі  жұлдыз,  бір 



265 

 

тілек», «Стикердегі диалог», «Білемін. Білдім. Білгім келеді» əдістері арқылы сабақ нəтижесі 



шығарылып отырылады. 

Студенттердің  тез  ойлап,  тез  ой  алмасулары  үшін  «Ой  шақыру»  əдісі  жиі 

қолданылады.  Онда  студенттер  белгілі  бір  мəселенің  шешімін  табуда  өздерінің  бар 

білімдерін  еске  түсіріп,  теориялық  материалда  берілген  ұғымды  бір-бірімен  пікірлесе 

отырып,  талқылай  алады.  Студенттер  өздерінің  сөздік  қорларын,  байланыстырып 

сөйлеулерін  дамытуға  лайықталған  «Бес  жол  өлең»  əдісін  қызығушылықпен  орындайды. 

«Кластер»  əдісі  сабақта  бір-бірінің  пікірлерін  жинақтап,  жүйелеп,  нақты  тұжырымдар 

жасауда  сыни  тұрғыда  пікірлесулерін  қалыптастыратын  топтық  жəне  диалогтік  оқыту  əдісі 

ретінде орындалады. 

Ал  топтық  жұмыстар  арқылы  бірнеше  студенттер  өзара  диалогке  түседі.  Диалогке 

түсуде əркім сыни ойлайды, бір-бірінің жауабын сыни көзбен қарауға үйренеді.  

Үйрену процесі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші 

жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен  толықтырады, 

кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы студент не біледі, 

не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына 

тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады.  

Ойлау процесі жазу кезінде көрінеді, себебі жазып жатқан адам əр кезде белсенді. Ол 

əр  уақытта  өзіндік  ойлайды  да,  өзінде  бар  білімнің  барлығын  қолдана  алады.  Ол  өзінің 

айтқандарын  нақтылай  түсу  үшін  дұрыс  дəлелдер  келтіре  біледі.  Міне,  осыны  негізге  ала 

отырып,  туындаған  ойларын,  өз  көзқарастарын  жазып  отырулары  талап  етіледі.  Онда 

студенттер не көріп, не түсінгендіктерін жазып отырады. Бұл өз кезегінде студенттердің сын 

тұрғысынан  ойлауларын  дамытуды  көздейді.  Бір  жағынан  студенттердің  ойларын  тек 

ауызша баяндап қоймай, жазу əрекеттерін де дамытуға маңызы зор. Бұдан оқытушы ретінде 

қай  студенттің  жазбаша  сөйлеулері  қаншалықты  дамығанын  жəне  жалпы  сауаттылықтары 

қандай деңгейде екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады.  

Сонымен,  ойлау  мен  білім  алуды  байланыстыра  бағыттайтын  оқыту  технологиясы – 

сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзім жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды 

сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау студентті білім 

алуға  бағыттайтын  білімнің  биік  белестеріне  көтерілуіне  жол  ашады.  Бұл  тұжырымдамам 

осы  СТО  технологиясының  кез-келген  стратегияларынан  көрінеді.  Студенттерге  əрі  қарай 

ойын, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ынталандырады. 

Сонымен  қатар  «Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 

(АКТ)  пайдалану»  арқылы  оқыту,  əрбір  білімалушының  бойына  жеке  тұлғалық  сезімдерді 

қалыптастырады.  Өйткені  білімалушы  оқыту  мен  оқуда  АКТ-ны  пайдалана  отырып,  тек 

сабақта  берген  білім  деңгейінде  ғана  қалып  қоймай,  өмір  жағдайларының  барлық 

аспектілерінде  жаңа  технологияның  бар  мүмкіндіктерін  пайдалана  алатын,  сандық 

технологиялармен үнемі өзара əрекеттесетін ұрпақ өкіліне айналады. Оқыту мен оқуда АКТ-

ны  қолдануға  негізделген  түрлі  тапсырмалар  орындату  арқылы  студенттерді  білім  беру 

жүйесінде  АКТ-ды  қолдану  əдісімен  таныстырылды.  Ақпараттық  технология.  Сандық 

технологиялар дегеніміз не? Оларға не жатады?» тақырыбында ой-қозғау əдісі қолданылды.  

Сабақ соңында сабақ барысын қорытындылау, студенттердің алған білімдерін бекіту, 

яғни  кері  байланыс  орнату  мақсатында «- Мен  жаңаша  нені  білдім? - Менің  білімім  қалай 

өзгерді? - Мен  осы  біліммен  не  істей  аламын?»  деген  түрлі  сұрақтар  бойынша  рефлексия 

жүргізіліп, студенттердің өзіндік ой-пікірлері тыңдалып, талданады.  

Еліміздегі  ЖОО  профессор-оқытушылар  құрамының  аталмыш  жобаға  тартылуы, 

бүгінгі  күні  педагог  кадрларды  даярлау  жүйесін  жетілдіруді  қажет  ететін  кезде  уақытылы 

деп  есептеймін.  Жоғарғы  оқу  орнының  оқытушысы  ретінде,  аталмыш  курс  біздерге  алған 

білімдеріміз  бен  оқытудағы  əдіс-тəсілдерімізді  өз  тəжірибемізде  кеңінен  қолдануға 

мүмкіндік беріп, нəтижесінде қалай оқыту мен оқу керектігін білетін, тəуелсіз, дербес, өзін-

өзі ынталандыратын, бастамашыл, өзіне міндет ала білетін жəне жауапкершілікті түсінетін, 



266 

 

сын  тұрғысынан  ойлана  алатын  болашақ  педагог  мамандарды  даярларлап  шығатынымызға 



сенімдімін.  

Сонымен, болашақ мұғалімдерді білікті маман етіп даярлауда аянбай еңбек ету біздің 

еншімізде екенін естен шығармау қажет... 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1.  Бабаев  С.Б.  Бастауыш  мектеп  педагогикасы:  Оқу  құралы:  Алматы: «Заң  əдебиеті», 

2007. – 413 бет. 

2.Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы, 28 ақпан 2007ж. 

3.  Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы. 23.06.2009. 

4.  Бiлiм  туралы  Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы. 

«Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256. 

5.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 07 

желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. 

6.  Студентке  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  басылым. «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ, 2015. 

7. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ, 2015. 

 

 



Күмісбекова Жазира Науатбекқызы 

ТарМПИ., аға оқытушы. 

Тараз қ-сы. 

 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

АННОТАЦИЯ 

 Ақпараттық  коммуникативті  технологиялырды  сабақта  пайдаланудың  артықшылығы 

студенттердің  интелектуалды  ойын  дамытуға,  кез-келген  технологияларды  тиімді  пайдалана 

алуға,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  алынған  мəліметтер  бойынша  болжам  жасауға, 

жүйелеуге  мүмкіндігін  тигізеді.  Қазір  компьютерлендірілген  ғасыр  болғандықтан  дəріс  сабағында 

да,  семинар  сабақтарында  да  АКТ-ні  тиімді  пайдаланса  студенттердің  ізденімпаздығы,  сабаққа 

деген қызығушылықтары арта түседі. 

Түйінді сөздер: креативті, құзыретті, флипчарт, бейнесұрақ. 

АННОТАЦИЯ 

Преимущества  использования  информационно-коммуникативных  технологий  на  уроках 

оказывают  эффективное  воздействие  на  развитие  интеллектуального  мышления  студентов, 

применяя  различные  технологии, также они  воздействуют  на  развитие  творческих  способностей, 

на  прогнозирование  полученных  сведений,на  систематизацию  знаний.  Поскольку  сейчас  век 

компьютеризации,  эффективное  использование  ИКТ  на  лекционных,  семинарских  занятиях 

возрастает интерес к уроку, повышается поиск у студентов. 

Ключевые слова: креативный, компетентный, флипчарт, видео вопрос 

ABSTRACT 

Тhe advantages of usage some information- communicative technologies in classes have got the 

effective influence on development of students intellectual thinking using different technologies, also they 

have got an influence on development of some art abilities, on seeing some received information, on 

systematization of knowledge. We have got a century of computerization, the effective usage some ICT on 

lectures, seminars rises the interest on a lesson, it is rised the searching at students.  

Keywords: creative, competent, flipchart,video-question  

 


267 

 

«ХХІ  ғасыр – ақпараттандыру  ғасыры»  болғандықтан  бүгінгі  таңда  ақпараттық-



коммуникативтік  технологияларды  кез-келген  сабақта  пайдаланудың  маңызы  өте  зор. 

Студенттердің өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мəн берілуі тиіс. Олардың мамандық 

бойынша білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары дамыған, өз ойын, пікірін 

ашық  білдіретін,  жаңашыл,  креативті,  заман  талабына  сай  мұғалім  етіп  тəрбиелеу  керек. 

Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды, болашақ мұғалімдерді 

жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру 

үшін кез-келген сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) құзыреттілігін 

арттырып, тиімді пайдалану маңызды болмақ. 

АКТ-ны  сабақта  пайдаланудың  артықшылығы  студенттердің  интелектуалды  ойын 

дамытуға, кез-келген технологияларды тиімді пайдалана алуға, шығармашылық қабілеттерін 

дамытуға,  алынған  мəліметтер  бойынша  болжам  жасауға,  жүйелеуге  мүмкіндігін  тигізеді. 

Қазір компьютерлендірілген ғасыр болғандықтан дəріс сабағында да, семинар сабақтарында 

да 

АКТ-ні 


тиімді 

пайдаланса 

студенттердің 

ізденімпаздығы, 

сабаққа 

деген 


қызығушылықтары арта түседі.[2.38б.] 

Педагогика  пəнінен  «Жеке  тұлға  дамуының  көпқырлылығы»  тақырыбында  семинар 

сабағын  өткіздім.  Сабақты  түсіндіру  мақсатында  тақырыпқа  байланысты  флипчарт 

дайындадым. Жоспарда берілген сұрақтарды ашу мақсатында тапсырмаларды орындау керек 

яғни  берілген  сөздердің  мəн-мағынасы  ашу,  түсіндіру.  Студенттер  берілген  сөздерге  жауап 

беруі  тиіс (1-сурет),  тексеру  үшін  Аctivpen  пайдаланып  берілген  сөздерді  ұяшыққа  апарып 

студенттердің жауабын тексеріледі.(2-сурет) 

 

 



 

 Сурет-1. Берілген ұғымдардың мəнін ашу Сурет-2. Тапсырманы тексеру мысалы 

 

Келесі  тапсырмада  М.Жұмабаев,  С.Рубинштейн,  В.Тугариновтың  суреттерін  жəне 



«Жеке  тұлға  дамуына»  қосқан  үлестері  мен  идеяларын  жəне  анықтамаларын  интернетті 

пайдалана отырып табу керек жəне топта талқылайды, қорғайды. Бұл тапсырманы орындау 

арқылы  қажетті  ақпаратты  іздеуді  үйренеді,  пəн  аралық  байланысты  тереңдетеді. 

Интернетпен  жұмыс – тақырыпқа  байланысты  материалдарды  тауып,  оларды  топпен 

талқылау  жүргізу  студенттердің  жан-жақты  өз  бетінше  сыни  тұрғыдан  ойлап,  білім  алуға, 

диалогтік қабілетін арттыруға дағдыландырады.  

«Ой  қозғау»  тапсырмасы,  яғни  жеке  тұлғаға  байланысты  «Менің  атым  Қожа» 

фильмінен қысқаша бейнежағдаят көрсетіліп, əр топ өз ойларымен бөлісті. Бір-бірінің пікірін 

тыңдап, түйінді ойлар, нақты шешімдерін ортаға салды.  

Келесі  тапсырма  сиқырлы  сандықшада  жасырылған  сөздерді  тиісті  ұяшықтарға 

орналастыру.  Əр  топ  тапсырманы  топпен  талқылап,  сандықшада  жасырылған  анықтаманы 

тиісті орнына қою керек (3,4-сурет) 

 


268 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет