Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет46/66
Дата28.01.2017
өлшемі8,33 Mb.
#2877
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66

Список литературы: 

1. Руководство для учителя. 1 уровень. // АОО НИШ, Астана, 2012. - 194 с. 

2. Руководство для тренера. 1 уровень. // АОО НИШ, Астана, 2012. - 108 с. 



314 

 

3. Руководство для учителя. 3 уровень // АОО НИШ, Астана, 2012. - 194 с. 



4. Педагогический Энциклопедический Словарь / Гл. Ред. Б.М. Бим-Бад– М.: Большая 

Российская энциклопедия, 2002. – 528с. 

5. Леонтьев А. А. Психология общения. – Москва: Генезис, 1997. – 370 с. 

 

 



Оразымбетова Баян Баймагамбетовна,  

доцент КГПИ, аға оқытушы, 



Ахметчина Толқын Ақангалиевна, 

биология магистрі, аға оқытушы 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт 

 

БИОЛОГИЯ ПƏНІНДЕ ЖОБАЛАП ОҚЫТУ  

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  

 

АННОТАЦИЯ 



Қазіргі  кезде  білім  беру  саласындағы  көптеген  педагогикалық  технологиялардың  ішінен 

жобалау  əдісі  жиі  қолданылатын  болып  жүр.  Жобалау  əдісін  биология  пəнінде  қолдану  оқытудың 

жақсы  ойластырылған,  негізделген  əдіс-  тəсілдері  мен  құралдарын  қамтиды.  Бұл  əдіс  тұлғаға 

бағытталған, яғни əр оқушыны оқыту барысында оның тұлғалық ерекшеліктері ескеріледі, сонымен 

қатар  сынып  ұжымын  ынтымақтастықта  оқыту  қатар  жүреді.  Жобалық  жұмыс  орындаушы 

оқушылардың  бойында  жобалық  білік  қалыптасады,  алдына  проблема  қою,  сол  проблемаға 

қатысты мақсат қою, жоспарлау, зерттеушілік, коммуникативтік біліктері қалыптасыды. 

 Кілт сөздер: жоба, фукциональдық, технология, дамыту. 

АННОТАЦИЯ 

Современное общество предъявляет высокие требования не только к уровню знаний учеников, 

но  и  к  умению  работать  самостоятельно,  к  способности  рассматривать  проблему.  Один  из 

возможных  способов  достижения  этих  целей — проектная  деятельность  учащихся.  Проектный 

метод обучения пробуждает учащегося проявить интеллектуальные способности, нравственные и 

коммуникативные  качества,  продемонстрировать  уровень  владения  знаниями  и  общеучебными 

умениями, целеполагание, способность к самообразованию и самоорганизации.  

Ключевые слова: проект, функциональность, технология, развитие. 

 

 

АBSTRACT 

Modern society makes high demands not only to the level of knowledge of pupils, but also to the ability 

to work independently, the ability to address the problem. One of the possible ways to achieve these goals, 

students ' project activity. The project method of education awakens the student to demonstrate intellectual 

abilities, moral and communicative qualities, to demonstrate proficiency in the knowledge and study skills

goal setting, the ability to self-education and self-organization.  

Keywords:

 project, functionality, technologydevelopment.

 

 

Елбасымыз  Н.Назарбаев  жолдауында: «Ұлттың  бəсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте 



білім  деңгейімен  айқындалады» - деген  байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны 

дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нəтиже деген ұғыммен 

егіз.  Бүгінгі  қоғамның  ұстаздар  алдына  қойып  отырған  басты  міндеті,  артар  жүгі  сапалы 

білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге 

асыра алатын тұлға қалыптастыру. 

 

 



 

 

 



 

 

  Білім  беру  саласында  жас  ұрпақты  пəндік  біліммен  қаруландыру  ғана  емес,  олардың 



бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет 

көрсете  алатын,  қоғам  талабына  сай  еңбекқор,  мəдениетті,  ұлттық  рухани-адамгершілікті 

жəне шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін танытуды мақсат етеміз. 

Оқушының  жан-жақты  дамуындағы  проблемалық  жағдайларды  туғызатын  теориялық 

маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мəселе болып есептеледі [1].  

  Сондықтан,  жаңаша  білім  беру  жүйесіндегі  «Биология»  пəні  оқушының  зерттеушілік, 



315 

 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту:  тоқтаусыз  өзгерістегі  қоғам  талабына  сай  рухани 



интеллекті,  жағымды  жəне  жағымсыз  іс-əрекеттерді  сын  көзбен  саралай  алуға,  өзін-өзі 

басқара  алуға,  жаңаша  жобалар  мен  идеяларға  шығармашыл  білім  беру  саласының  арнайы 

тарауларын  оқыту,  сабақта  жаңа  технологиялар  мен  шығармашылық  жобалау  əдістері 

арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту, 

өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған мəселені дайындау технологиясын 

үйрету,  оның  экономикалық  тиімділігі,  талаптарға  сəйкестігі  мен  жобалау  іс-əрекетінің 

іскерлік  қабілеттілігін  қалыптастыра  отырып,  оқушыларға  экологиялық  жəне  эстетикалық 

тəрбие  беру,  еңбексүйгіштікке  баулу,  шығармашылықпен  ойлау  қабілеттіліктерін  дамыту, 

тарихи  ұлттық  мұраларымызды  ұрпақтан - ұрпаққа  жалғастыруға  баулу,  болашақ 

мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз.    

 

 

 



 

   


Өзектілігі:  Жобалық  іс-  əрекет  оқытушы  мен  оқушының  бірлесіп  қызмет  етуіне 

бағытталған,  ол  үздіксіз  білім  беру  үрдісінде  бағалау  түрі  болып  саналады,  сонымен  қатар 

оқушылардың кəсіптік маңызды қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

   


Мақсаты:  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  биология  пəнін  оқыту  үрдісінде 

жобалау технологияларының оқу сапасын арттырудағы тиімділігін көрсету.  

   

Міндеттері:    



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

- сабақ беру үрдісінде жобалау технологиясы фрагменттерін пайдалану;  

- əртүрлі биология курстарына жоба тақырыптарын жасау; 

 

 



 

 

- осы əдісті биологияны оқыту үрдісіне енгізу.   



 

 

 



 

Қойылған  мақсат,  міндеттерге  жету  жолындағы  əдіс-тəсілдерге:  интернет  жүйесімен 

жұмыс, 

институт, 



университеттермен, 

кəсіптік 

мекемелермен, 

кітапхана 

орталықтарымен,ғылыми-зерттеу  мекемелерімен,  педагогикалық  бақылау  (əңгімелесу, 

сауалнама  алу,  эксперимент  жүргізу,  салыстыру),  мониторинг  шығару,  талдау,  жинақтау, 

бағалау жатады.  

 

 



 

 

 



Биология  сабағында  оқушылардың  ізденіс,  зерттеушілік  жəне  шығармашылық 

қабілеттерінің қалыптасу, даму жолдары зерттеу обьектісі болып саналады.  

 

 

Европада «жоба» сөзі латын тілінен алынып, projectus «жоба, нұсқау» деген мағынаны 



білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің түптұлғасы, түпбейнесі 

сияқты, ол іс- əрекет жоба жасауға əкеледі. Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол 

бір  нəрсені  алудың  жолын  көрсетеді.  Жоба  сөзінің  түсінігі  терминологияда  «мəселе» 

(мəселе)  сөзімен  тығыз  байланыста  болады.  Жоба  мəселе  ретінде  шығармашылықтың 

шынайы  жағдайын  жасауы  мүмкін,  онда  адам  идеялардың  жаршысы,  жүзеге  асырушысы. 

Жоба əдісі оқушылардың бір мəселені шешуін талап етеді.  

Ал  мəселені  шешу  үшін  олар  бір  жағынан  əр  түрлі  əдіс-тəсілдерді  қолданса,  екінші 

жағынан  əр  түрлі  пəндерден  алынған  білімнің  интеграциясын  пайдалануы  керек.  Демек, 

жоба  əдісі  оқушылардың  білімділік  кезеңіне  түсіп,  өз  мəселелерін  іздеп,  тауып,  шешуі, 

өзіндік  жұмыстарын,  іс-əрекетін  ұйымдастыруы.[2].  Оқыту  үрдісінде  қазіргі  уақытта  оқыту 

үрдісінде  жобалау  əдісі  кеңінен  қолданылуда.  Оны  мектептегі  кез  келген  пəндерге 

пайдалануға  болады,  əсіресе  осы  жоба  арқылы  биология  пəнінен 6-11 сыныптардың 

оқушылары  үшін  көлемі  жағынан  көптеген  міндеттерді  шешеді.  Оқушылардың  көмегімен 

бүгін  мектепте  ойлау  жоба  жұмыстарын  дамыту  үшін  көптеген  мүмкіндіктер  бар - ол 

жобалық іс-əрекеттер. Жобалау технологиясы оқушылардың жеке тұлғасын, олардың өзіндік 

жұмысы мен шығармашылығын дамытуға мақсатталған. Оқушылар жобалаумен жұмыс істеу 

нəтижесінде өз бетімен ізденеді, ақпаратты саралайды, пəннен алған білімін қорытындылап 

жəне оны қолданады, өзіндік жұмыс пен жауапкершілікке ие болады, жоспарлау икемділігі 

мен  шешімді  қабылдауды  дамытады  жəне  қалыптастырады.Балалар  өздерінің  еңбек 

нəтижілерінің  сынақтан  өткеніне  қанағаттанады  сонымен  қатар  оны  басқа  оқушылар 

үйренуге  пайдалана  алады.  Оқушылардың  еңбек  нəтижесі  неғұрлым  сұраныста  болса, 

солғұрлым  олардың  жауапкершілігі  мен  ынтасы  арта  түседі.  Оқушылардың  оқу- 

танымдылық  іс  əректінен  нəтиже  бағыты  туралы  идея  жобалау  əдісі  негізінде  жатыр, 

практикалық  немесе  теориялық  маңызды  мəселелерді  шешуге  болады.  Жобалау  əдісі 



316 

 

оқушылардың шығармашылық потенциялын жоғарлатады, шамадан тыс оқуды төмендетеді, 



білімді дəлелдейді əрі жоғары тиімділікті демонстрациялайды.  

Жалпы  дидактика  мен 

əр  пəннің  жеке  əдістемесі  жəне  биологиялық  мəселені  шешуге  жəне  оқушылардың 

қабілеттілігі  мен  икемділігін  дамытумен  байланысты  өзіндік  жұмысқа  жəне  өзіндік  дамуға 

шақырады. Өз бетімен ойлай, өз алдына əлеуметті маңызды міндеттерді қоя алатын, жобалау 

жолдарын  шеше  жəне  нəтижені  болжай  алатын  адам  біздің  қоғамға  өте  қажет.  Оқытушы 

берілген  міндетті  шығармашылық  жағынан  шешудің  орындалуын  жəне  жаңа  əдістер  мен 

технологияны  қолдануды  бақылайды.  Білім  алушының  осындай  жобалау  технологиясы 

маңызды  құзіреті  болап  саналады:  жалпы  ғылыми,  ақпараттық,  танымдылық, 

коммуникативтік,  бағалы-ойлы,  əлеуметті,  тұлғаның  білімін  арттыруға  талпындыру. 

  Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты 

міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 

коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым 

мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби 

шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” - деп атап көрсеткендей-ақ, 

қазіргі кезеңде əрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың 

əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [3]

   


Жобалық  тапсырмаларды  құрастыру  бойынша  əдістемелік  ұсыныстар.  Қазақстанның 

əлемдегі  бəсекеге  қабілетті 30 елдің  қатарына  кірігуүдерісіне  қажетті  тұлғаның  ең  басты 

функциялық  сапалары – белсенділік,  шығармашыл  тұрғыда  ойлау  жəне  шешім  қабылдай 

білу, кəсіби жолын таңдау, өмір бойы білім алуға дайын тұру жəне т.б., осы функционалдық 

дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.   

 

 



 

 

 



  Функционалдық  дағдылар  оқушылардың  танымдық  қабілеттері  мен  өнімдіжұмысының 

көрсеткішін  білім  деңгейі  ретінде  қарастырады.  Бұл  деңгейөмірдің  əртүрлі  саласындағы 

тапсырмаларды  шешуде  мектептік  біліммазмұнының  қолданбалық  сипатына  жəне 

оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан «Жаратылыстану» білім саласындағы 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  жобалық  тапсырмалар  арқылы  келесі 

жолдармен жүзеге асыруды ұсынамыз [4]: 

 

 

 



 

 

 



–  химия,  биология  жəне  физика  ғылымдарының,  инновациялық  технологиялардың 

жаңа жетістіктерін енгізу;   

 

 

 



 

 

 



– ұлттық компонентті кеңейту; 

 

 



 

 

 



 

 

 



–  Қазақстанның  индустриалдық-инновациялық  дамуын  негізге  ала  отырып,  оқытудың 

өндірістік,  технологиялық  үдеріспен  байланысын  ірілендіру  жəне  жаратылыстану  өндіріс 

саласындағы болашақ кəсіби кадрларды дайындау; 

 

 



 

 

–  оқушылардың  экологиялық  мəдениетін  дамыту,  олардың  табиғат  пен  минералды 



ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар əлеміне ұқыптылықпен қарау жəне өз 

елінің  табиғи  байлығын  қорғау  мен  көбейту  негізінде  жаратылыстану  саласында  білім 

берудің экологиялық құраушысын кеңейту; 

 

 



 

 

 



 

–  мектептегі  жаратылыстану-ғылыми  білімді  жетілдіру  оқушылардың  практикалық 

жəне зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын 

қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кəсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға 

бағытталу;   

 

 



 

– өздігінен орындайтын тəжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі əдістер мен 

технологияларды  қолдану  арқылы  функционалдық  сауаттылықтарға  жататын  бөлігіне 

ерекше мəн беріп, жүйелеп үйрету;    

–  жазбаша  жұмыстарды,  практикалық  тəжірибелерді,  құзыреттіліктерді  қажет  ететін 

өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.   Осы 

айтылғандарды 

қалыптастыру  үшін  жаратылыстану  пəндерінің  мазмұнына  əрекеттік  сипаттағы  келесі 

білімдерді кіріктіру қажет [4]: 

 –  күнделікті  өмірде  бізді  қоршаған  химиялық,  физикалық,  биологиялық 

құбылыстарды, əртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз жəне тиімді пайдалану;  


317 

 

 –  химиялық  технология  жəне  полимерлер  өндірісі,  жаңа  құрылыс  жəне  құрастыру 



материалдары,  тұрмыстық  химия,  фармакология,  ауыл  шаруашылығы  жəне  биотехнология 

жəне т.б. облыстарындағы алғашқыпрактикалық дағдыларының болуы;  

 

 – 


жаратылыстану  пəні  бойынша  практикалық  жұмыстарды  жобалау,  моделдеу  жəне 

орындау, диаграммаларды, реакция теңдеулерінің сұлбаларын оқи білу;  

 

 

 – 



байқау немесе өлшеу нəтижелерін кестелер, графиктер көмегімен көрсету;  

 – моделдердің  көмегімен  қоршаған  əлемдегі  табиғи  құбылыстарды  түсіндіру, 

мəліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;    

 – жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну;  

   – 

алған  білімдері  негізінде  жаратылыстану-ғылыми  құбылыстарды  түсіндіру  немесе 



суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау;   

 

 



 

 –  қорытынды  шығару,  оларды  талдау  жəне  негіздемесін  бағалау  үшін  ғылыми 

дəлелдеулерді жəне мəліметтерді пайдалану. 

 

 



 

 

 



  Қазіргі  таңда  жобалық  тапсырмалармен  оқушылардың  жұмыс  істеуі  адамөмірінің 

түрлі салаларында кең таралған іс-əрекет түрлерінің бірі болып табылады. Жобалау – адам 

баласы қызмет ететін түрлі салалардағы іс-əрекеттің еңкөп тараған түрі. Мектеп жағдайында 

жобалық іс-əрекетке үйрену арқылы білімалушылар əлемнің жылдам өзгермелі жағдайында, 

яғни  қызмет  саласының  жаңа  түрлері  мен  беймəлім  жағдайлар  туындап  жататын  барлық 

нақты жағдаяттар барысында ұтымды шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді. Жобалық 

тапсырмалар  нақты  жағдайларда,  сондай-ақ  жаңа  қызметсалалары  мен  жаңа  оқиғалар 

туындайтын  қарқынды  өзгермелі  əлемнің  жағдайларында,  мəселелерді  тиімді  шешу 

дағдыларын  қалыптастырады.  Қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  ісінің  негізгі  нысаны – жас 

ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп 

табатын жəне талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан 

бүгінгі  дүниеге  лайықты  өмір  сүріп,  қызмет  жасауға  қабілетті  тұлғалық  қасиеттерді 

қалыптастыру болып отыр.  

 

 



 

 

 



 

Сондықтан  жобалық  тапсырмалар  оқу  процесінде  білім  алушылар  əлемнің  жылдам 

өзгермелі  жағдайында,  яғни  қызмет  саласының  жаңа  түрлері  мен  беймəлім  жағдайлар 

туындап  жататын  барлық  нақты  жағдаяттар  барысында  ұтымды  шешімдер  қабылдау 

дағдыларын  меңгертеді.  Оқушылардың  дарындылығын  дамытудағы  бұл  тапсырмалардың 

маңызы,  ең  алдымен,  зерттеушілік  ізденістің  жаратылыстан  бөлінбейтін  құбылыс 

екендігімен  түсіндіріледі.  Білуге  деген  құштарлық,  бақылауға  тырысушылық,  тəжірибеден 

өткізуге  дайын  тұру,  əлем  туралы  жаңа  мəлімет  жинауға  талпынушылық  қасиеттер  балаға 

тəн  дəстүрлі  мінез  болып  саналады.  Сондықтан,  жобалық  тапсырмалар  арқылы  оқушыны 

ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының 

маңызды міндеті болып саналады [5].  

 

 



 

 

 



 

 

 



Жобалық  тапсырмаларды  тиімді  пайдалану  оқушының  дүниетанымы  кеңейе  түседі, 

əдеби  тіл  мəнерімен  сөйлеуге  жəне  жазуға  дағдыланады.  Тапсырма  жұмыстарының 

мазмұнына  сəйкес  əдістемелік  негізділігі  тиянақты  зерттеулерді,  нақты  мəтіндерді 

дəйектемелік тұрғыдан пайдалануға үйрету арқылы шығармашыл тұлғаны қалыптастырады. 

Сондықтан  жобалық  тапсырмалар  көмегімен  қалыптасқан  білім,  білік  пендағдылар 

оқушылардың  жоғары  оқу  орындарында  ойдағыдай  оқуына  ықпалдасып,  қазіргі  заман 

талаптарына  сəйкес  маман  болуына  жол  ашады.  Бұл  қазіргі  əлем  өркениетіндегі  оқу  мен 

ғылыми  зерттеу  жұмыстартұтастығы  жүйесіндегі  көрсеткіштер  оқушының  барлық 

деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады. 

   


   

Меңгерілген  ұғымдардың  тереңдігінде,  яғни  жобалық  тапсырмаларды  пайдалану 

арқылы  олардың  көпқырлы  дəйектері  ескеріліп,  білім  деңгейі  артады.  Зерделенетін 

мəселелер  арасында  табиғи  өзара  байланыстыңорнауымен,  жетекші  идеялардың 

бағытындағы  оқу  материалын  қарауды  қамтамасыз  ететін,  зияткерлік  əрекет  деңгейі 

өзгереді. 

 

 


318 

 

  Əдебиеттер: 



1.  Блинов  В.И.,  Сергеев  И.С.  Четыре  года  открытий:  Проектная  неделя  глазами 

практика.//Лицейское и гимназическое образование.-2002. №9, 29 б. 

2.  Бычков А.В. Метод проектов в современной школе.-2000. 

3.  6–9-сыныптарға  арналған  «Жобалық  іс-əрекет»  пəні  бойынша  қысқа  мерзімді 

жоспарды  əзірлеу  жөніндегі  əдістемелік  құрал.  Əдістемелік  ұсынымдар. – Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 20 б.  

4.  PISA, TIMSS зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми 

жаратылыстану  сауаттылықтарын  дамыту.  Оқу-əдістемелік  құрал. – Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б.  

5.  Қазіргі  сабақты  жобалау  жəне  ұйымдастыру.  Оқу-əдістемелік  құрал. – Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.  

 

 



 

Оспан Əсел Оспанқызы 

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы 

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің  

қазақ тілі мен əдебиеті пəні ассистенті  



 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ 

КЕЙБІР ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ 

 

АННОТАЦИЯ 

Мақалада  ғылым  мен  білімнің  дамуында  инновациялық  технологияның  үлкен  рөл 

атқаратындығы,  соның  ішінде,  ақпараттық,  зияткерлік  жəне  инновациялық  білім  беру 

технологиялары  қарастырылған.  Атап  айтқанда  басты  мақсат  сапаны  көтеру  жəне  еуропалық 

стандартқа сай білім беру жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар ғаламторды пайдалана отырып, 

ата-ананың  баласының  оқу  барысына  ықпалын  көрсеткен  жəне  мұғаліммен  тығыз  байланыста 

болып,  оқушының  сабақ  үлгерімінің  жақсаруына  себеп  болатын  əдіс-тəсілдің  бірі  жəне  бірегейі 

екеніне тоқталады. 

Түйін сөздер: инновация, монолингвизм, мультимедия, аудиовизуалды, дебат, диспут тренинг. 

АННОТАЦИЯ 

Инновационная технология имеет особое место в развитии науки и знаний в информационной 

и интеллектуальной системе образования.  

В статье излагается о том, что использование ИКТ дает возможность работать в тесной 

связи  с  родителями  учащихся  и  является  способом  для  улучшения  качества  знаний,а  так  же 

соответствие образования к европейской стандартизации.  

Ключевые слова: инновация, монолингвизм, мультимедия, аудиовизуальный, дебат, диспут, тренинг.

 

АNNOTATION 



 Innovative technology has a special role in the development of science and knowledge,especially in 

thinformation and knowledge system. 

The main purpose of this article is improve the students' knowledge and enable to make an adjustment 

to European standards in education system. Using the Internet is the best way to maintain a close 

relationship with parents and encourage students to succeed in their learning. 

Keywords: innovation, monolingualism, multimedia, audiovisual, debate, debate, training. 

  

  Ғылым  мен  білімнің  дамуында  инновациялық  технологиялар  үлкен  рөл  атқарады. 



Соның ішінде, ақпараттық, зияткерлік жəне инновациялық білім беру технологияларын атап 

айтуға болады. Ақпараттық білім беру технологиялары – ғылыми зерттеулер мен басқарма, 

сондай-ақ  ақпараттық  жəне  əдістемелік  қамтамасыз  етудегі  арнайы  бағдарламалар  секілді 

білім  беру  технологиялары.  Ақпараттық  технологиялар  арнайы  техникалық  ақпараттық 

құрылғыға бағытталуы мүмкін, себебі қазіргі таңда білім беру жүйесінде əр түрлі ақпараттық 

құрылғылар  қолданылады.  Мысалы:  электронды  оқулықтар,  мультимедиялық  жүйе, 

эксперттік  жүйе,  автоматты  жүйе  жобасы,  банктер  жəне  мəліметтер  базасы,  электронды 


319 

 

кітапхана  каталогі  жəне  ғаламтор,  сонымен  қатар  халықаралық  байланыс  жəне  т.б. [1]. 



Компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етілудің жылдам дамуы оқу жүйесіне 

мультимедиялық-технологиялар,  ғаламторлық  технологиялар  секілді  технологиялардың 

енгізілуіне  алып  келді,  ал  оны  дұрыс  пайдалана  білу  тұлғаның  сауаттылығын  дамытуына 

одан  əрі  жағдай  жасайды.  Ал  инновациялық  білім  беру  технологиясы  бұл  процесс  ретінде 

белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған,  жүйелі  жəне  тəжірибелі  бірыңғай  новаторлық  тəсілді 

белгілі  бір  күтілетін  нəтижені  анықтаудан  туындайтын  толықтай  білім  беру  процесінен 

құралған педагогикалық қолданыстарды жəне құралдарды енгізу болып табылады [2]. 

 Білім  беру  инновациясында  алдымен  оқушыларға  білім  берудегі  жаңа  тəсілді 

түсінуіміз қажет. Атап айтқанда, мектептерде қолданылатын жаңа əдіс-тəсілдер қатарындағы 

негізгі  білім  беру  аясын  құрайтын  инновациялық  технологиялар:  заманауи  оқыту 

құрылғылары  (соның  ішінде  аудиовизуалды),  белсенді  оқыту  тəсілдері: «Миға  шабуыл», 

«Ыстық  орындық», «Сангвейн», «Венн  диаграммасы», «Автор  орындығы», «Семантикалық 

карта», «Не  білемін,не  білдім?», «Кубизм», «Фишбаум», «Кейстер  тəсілі», «Пиза  əдісі», «6 

қалпақ  тəсілі»  жəне  т.б.  заманауи  оқыту  технологиялары:  дебат,  диспут,  тренинг  ойындар, 

постер  қорғау  жəне  т.б.  Сонымен  қатар,  əр  түрлі  деңгейдегі  оқушылардың  ғылыми  зерттеу 

жұмыстары жатады.  

 Негізінен, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында еліміздің өркендей түсуі 

үшін  экономикалық  хал-ахуалымызды  арттыру  мақсатында  жоғарғы  мектептерде 

жаратылыстану бағытындағы пəндерді тереңдете оқыту қолға алынып отыр [3]. Осыған орай, 

білім  беру  технологиялары  оқушылардың  жеке  қабілет,  ерекшеліктеріне  қарай  ғана  емес, 

сондай-ақ  саралап  оқыту  тəсілі  жеке  дара  тіл  табысу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  тəсіл 

оқушының жеке таланты мен шығармашылығын, дарындылығын, сабақты меңгеру қабілетін 

тануға  көмектеседі.  Ал  сабақты  топтық  тəсіл  арқылы  жүргізу – оқушының  өз  ойын  топ 

алдында ашық жеткізе білуге, өз қатарластарымен тығыз байланыс жүргізуіне көмектеседі.  

 Инновациялық  технологияларды  оқытудағы  басты  мақсат  сапаны  көтеру  жəне 

еуропалық  стандартқа  сай  білім  беру  деңгейін  қолжетімді  ету.  Бұл  бағыттағы  өзекті 

міндеттер:  

 1) Талапқа сай білім беру  

 2) Бағалау жүйесін еркін түрде жүргізу  

 3) Сапа жəне оның дамуындағы ғылым жəне білім интеграциясы  

 Қазіргі  таңда  еуропалық  стандартта  оқытылатын  мектептер  қатарында  кейбір 

жекеменшік мектептерден өзге Назарбаев зияткерлік мектептерін атап өтсек болады. Мұндай 

мектептер  республикамыздың  өзге  мектептеріне  қарағанда 12 жылдық  білім  беруімен 

ерекшеленеді.  Сонымен  қатар,  жалпы  мектептерден  бөлек 11-12 сынып  оқушыларына 

экономика,  ГППР  секілді  пəндер  ағылшын  тілінде  жүргізіледі.  Мұндағы  нəтиже 

оқушылардың мектеп жасынан бастап үш тілді меңгеруі болып табылады. Бұл саясат елімізді 

монолингвизмділікке  əкеледі.  Сондай-ақ,  заманауи  талапқа  сай  білім  беру  жолындағы 

педагогтердің міндетті түрде ғаламтордағы «Twig bilim», «Bilimland» жəне т.с.с сапалы, əрі 

сенімді  сайттармен  жұмыс  жасап,  ондағы  керекті  мəліметтерді  өз  сабағында  қолдануы. 

Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқу  бағдарламасы  да  өзге  мектептерге  қарағанда 

өзгеше  түзілген.  Мысалы,  мұнда  үш  тіл  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  Кембридж  технологиясы 

бойынша  төрт  дағдыға  сүйеніп  оқытылады.  Яғни:  тыңдалым,  айтылым,  жазылым,  оқылым 

дағдысы.  Бұл  оқушының  ойлау  жүйесін  дамытуға  ықпал  етеді.  Сондай-ақ,  мектепте 

оқушылардың  ағылшын  тілінде  еркін  сөйлеуіне  ағылшын  тілі  пəн  мұғалімдерінен  бөлек, 

педагогика  саласында  арнайы  білім  меңгерген  шетел  мұғалімдері  де  қол  ұшын  беруі  өте 

тиімді.  Бағалау  жүйесін  жетті,  талпынды,  жетпеді  (достиг,  стремится,  не  достиг)  түріндегі 

бағалау  шкаласы  арқылы  қою  үлгісі  оқушылардың  білім  көрсеткішін  анықтаудағы  тиімді 

тəсілдердің  бірі.  Пəн  мұғалімінің  күн  сайынғы  бағалауын  оқушылар  жəне  ата-анасы 

ғаламтордағы күнделігі арқылы көре алады. Бұл əдіс жоғары оқу орындарында қолданылады. 

Демек,  ата-ананың  қадағалаудағы  рөлі  мен  ықпалы  өте  тиімді  жолмен  іске  асырылады  деп 

айтуға тұрарлық. Бұл дегеніміз ата-ана мен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым-қатынасты 


320 

 

қалыптастырады. 



 Заманауи оқыту  тəсілдері  көбінесе  компьютерлік  жүйелерді, web-сайтты,  электронды 

оқулықтарды,  видеобағдарламалар  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  (БАҚ)  қолдануға 

ықпал  жасайды.  Мұны  қолдану  тек  ғылыми  бағытқа  əкеліп  қана  қоймай,  сондай-ақ 

оқушылар  арасында  жəне  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  байланыстың  белсенділігін 

арттырады. Сонымен қатар интерактивті құрылғылар ақпарат алмасу мен білім жүйесіндегі 

барлық қатысушылардың бірігіп хабар алмасуына мүмкіндік береді.  

 Оқытудың  белсенді  əдіс-тəсілдерін  қолдану  оқушының  қызығушылығын  арттырып, 

ойлау  жүйесінің  дамуына  жағдай  жасайды.  Бұл  тəсіл  біріншіден,  оқушының  білімін 

жетілдіруге  ықпал  етсе,  екіншіден,  оқытудағы  пайда  болған  қиындықтарды  талқылауды 

қарастырады. Мектепте креативті оқу-тəрбиелеу аясын қалыптастыру – оқушыға білім беру 

уəждемесіне жəне оларды əр түрлі ғылыми жеке жұмыстарға баулиды. 

 Қорыта  келгенде,  болашақта  кəсіби  шеберлігі  шыңдалған,  білім  деңгейі  мен  талабы 

жоғары  тұлғаларды  қалыптастыруға  жоғарыда  қарастырылған  əдіс-тəсілдердің  ықпалы  өте 

зор.  Мұның  барлығы  білім  сапасы  деңгейінің  артуына  əкеледі.  Осылайша  барлық  дамыған 

мемлекеттердің экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени дамуында əлемдік өзгеріс енсе, бұл 

оқытуға  бұдан  да  жаңа  инновациялық  тəсілдерді  əкелуге  жетелейді.  Білім  берудегі  негізгі 

инновациялық  модельдер  оқушының  білім  деңгейін,  шығармашылығын  арттыруға 

бағытталған  жалпы  адами  құндылыққа  бай  кəсіби  тұлға  қалыптастырудағы  педагогикалық 

инновациялар болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет