Сурет-3. Жасырылған сөзді орнына қою Сурет–4. Тапсырманы тексеру
Сабақты
қорытындылау
мақсатында
«Педагогика»
пəнінен
дайындалған
мультимедиялық электронды оқулықты пайдаландым. Онда тақырыпқа байланысты тест
сұрақтары берілген, барлық сұраққа жауап берген соң, соңында пайыздық көрсеткішпен
нəтижесі щығады. Ал сұрақтардың реті ауысып отырады. Əр топ 10 сұрақтан жауап берді.
Жоспардағы сұрақтар толығымен орындалған соң «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы əр топ
бірін-бірі бағалады. Сабақтан алған əсерлерін білу үшін студенттерден интервью алдым.
Студенттердің жауабына тоқталар болсам:
Бөлекбай Жанар: Бүгінгі сабақтан өте жақсы əсер алдым, өткендегі сабаққа қарағанда
студенттердің белсенділігі жоғары болды.
Пулатова Нұргүл: Бүгінгі сабақ жоғары деңгейде өтті, студенттер барлық берілген
сұрақтарды қызығушылықпен аша білді, жаңа технологияларды жақсы қолдана білдік деп
ойлаймын.
Абдушукурова Айдана: Бүгіні сабақтың жақсы өткенін тақтадағы жүректерден ақ
көруге болады, студенттердің барлығы қатысты, АКТ-ны тиімді пайдала білдік, сабақ жақсы
өтті.
АКТ-ды сабақта тиімді пайдалану – педагогикалық іс-əрекеттердің мазмұны мен
формасын толықтыру негізінде оқыту процесін жетілдірудің бірден бір жолы десек артық
айтпағанымыз.
Семинар сабақтарымда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
арқылы студенттердің білім деңгейлерінің көтерілуіне, сабаққа деген қызығушылықтарының
артуына жағдай жасадым. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстарын «əлеуметтік
желі» (ВК) арқылы қабылдаймын, яғни мен «əлеуметтік желі» арқылы пəнге байланысты
тапсырмалар беремін, студенттер берілген уақытта тапсырманы орындап жібереді. Мен
тапсырмаларының қалай орындалғанын тексеріп кері байланыс жазамын. Сонымен қатар
бейнежағдаят жіберіп студенттерден пікір қадыруын сұранамын. Əлеуметтік желі арқылы
орындалатын тапсырмалар өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағытталады,
ақпараттық мəдениетін қалыптастырады жəне де ақпаратты өңдей білуге үйретеді,
студенттер өз бетімен жұмыс жасайды.
«Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тəрбие процесіне енгізудің тиімділігі
неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
1. Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып кез-келген сабақты тартымды
түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
2. Уақытты тиімді пайдаланса, аз уақытта көп мəлімет алады;
3. Əлеуметтік желі арқылы тапсырма орындағанда қашықтықтан білім беру мүмкіндігі
туады;
4. Студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндігі туады;
5. Студенттердің таным түсінігі, сыни ойлау қабілеті дамиды;
6. Студенттерді шығармашылық жұмыс жасауға баулиды, оқулықтан тыс қосымша
мəліметтер алады;
269
7. Тақырыпқа байланысты слайдтарды, флипчарттарды, суреттерді, видеоларды,
кестелерді тиімді пайдалану;
8. Мультимедиялық электронды оқулықтарды пайдалану сабаққа жаңашылдық енгізеді.
АКТ-ны пайдалану барысында студенттердің ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады,
қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады жəне білім беру процесінде
студенттің шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді.
Білім беру саласында түрлі жаңаша технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен
қажеттісін таңдап, сабақтың əр кезеңінде пəнге байланысты тиімді қолдану басты мақсат
болып табылады. Мəселен технологияларды кеңінен пайдалану емес, мəселе – тұлғаны
нəтижеге бағыттай білім беруде. Ол мұғалімнің біліктілігінде, білімділігінде, шеберлігінде.
Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нəтиженің құндылығын көрсету емес,
білім беру процесін көтеруге де мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың төмендегідей
артықшылығы бар:
Білім мазмұнының заман талабына сай болуы;
Болашақта қажетті білімді толығымен алу;
Білімді өздігінен меңгеру;
Өзін-өзі бағалай алуы;
Өз күшіне сенімділіктің болуы;
Өз жетістігін көре алуы;
Студентті ізденіске, шығармашылыққа бағыттауы. [4. 112б]
ЖОО оқу-тəрбие процесінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану оқыту
мазмұны мен əдістерінің интенсивтілігін, оқытудың тиімділігін күшейтеді, мұғалімнің
инновациялық даярлығын арттырады.
Сонымен қатар ақпараттық технологияландыру адамның белсенділігіне, білімділігіне,
шеберлігіне, мəдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылым мен көзқарасқа түбегейлі əсер етеді.
Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталып, қоғамның материалдық жəне рухани
жағдайын өзгертеді. Кез-келген сабақта АҚТ-ны тиімді пайдаланса, студенттердің креативті
ойлауы артып, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
Пайдаланған əдебиеттер
1. Жанпейісова М.М. (2002). Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде. Алматы.
2. Ержанова А. (2005). Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану.
3. «Информатика негіздері» журналы №4. (2008). Ж. Садыбекова «Оқу – тəрбие үрдісінде
ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
4. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. (2010). Педагогтардың ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру
əдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа»,
5. «Білім технологиялары» журналы № 2. (2010).
6. Караев Ж.А.(1993). Дидактические основы компьютерной технологий обучения в школе
//Информатика. Физика. Математика.
Қонақбаева Тұрсынай Ергенбайқызы
ТарМПИ, аға оқытушы
Тараз қ-сы
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
АРНАЙЫ КУРСТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
АННОТАЦИЯ
270
Өзектілігі: Қоғам талабына сай əлеуметтік-экономикалық жағдайда бəсекеге қабілетті
тұлғаға жүйелі жəне нақты білім беруде инновациялық технологияларды ендіру.
Мақсаты: инновациялық технология ұғымының мазмұнын талдап, ЖОО арнайы курста ИТ
қолданудың тиімділігін көрсету.
Əдісі:
Интерактивті
тақта,
электрондық
кітапхана,
арнайы
компьютерлік
бағдарламалардың əдістемесі мен технологиясы.
Нəтиже: Инновациялық технологияларды қолдану оқу үдерісін сапалы түрлендіруге,
жаңашыл жобаларды енгізуге жəне əрбір білімгердің өзіндік іздену жолын табуға, əрбір
оқытушының өзінің əдістемелік жүйесін құруға негіз болды.
Қорытындылар: Бəсекеге қабілетті болашақ педагог мамандарды даярлауда ПОҚ өз
құзіреттіліктері мен біліктіліктерін жетілдіріп, педагогикалық тəжірибе нəтижесінде
əдістемелік құралдар мен амал-тəсілдерін терең игеру мен іске асырып отыруы керек.
Түйінді сөздер: Инновациялық технология, педагогикалық технология, инновация, болашақ
педагог, интерактивті əдістер
АННОТАЦИЯ
Актуальность: Внедрение инновационных технологий при систематическом и конкретном
обучении конкурентноспособной личности в социально-экономических условиях в соответствии с
требованием общества.
Цель: Анализируя содержание понятия инновационная технология, показать эффективность
использования ИТ на специальном курсе ВУЗа.
Метод: Интерактивная доска, электронная библиотека, методика и технология специальных
компьютерных программ, использование инновационных технологий.
Результат: Является основной при качественном различении учебного процесса, внедрении
новаторских проектов и при самостоятельном поиске каждого студента, при построении
методической системы каждого преподавателя.
Выводы: При подготовке конкурентно способности у будущих педагогов ППС
совершенствует свои компетенции и умения, необходимо глубже усваивать и реализовывать
методические средства и способы в результате педагогического опыта.
Ключевые слова: Педагогическая технология, инновация, будущий педагог, интерактивные
методы.
АBSTRACT
Relevance: Entering some innovative technologies in a process of systematic and concrete teaching of
personality in social-economical conditions in accordance with requirements of society.
Goal: Analysing the contact of notion innovative technoiogy its necessary to show the efficiency of the
usage IT on the special course in higher educational establishment.
Method: Smart-board, electronic library, methodic and technology of special computer programmes.
Result: The usage of innovative technologies is the base in gualitative differentiation of teaching
process, in entering new projects and in a process of self-research of every student in building the
methodical system by a teacher.
Conclusions: In preparation of future pedagogue teaching staff improves his competences and skills
its necesserary duply to master and realize methodical means and approaches as a result of the pedagogical
experience.
Keywords: Pedagogical technology, innovation, future teacher, interactive methods.
Бүгінгі таңда білім беру мен тəрбиелеу үдерісінде алдына қойып отырған мақсаттың
бірі - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тəрбие жұмысын жетілдіру, қоғам
талабына сай əлеуметтік-экономикалық жағдайда бəсекеге қабілетті тұлғаға жүйелі жəне
нақты білім беруді жақсарту болып отыр. Аталған мəселенің өзектілігі Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық
желілерге шығу, ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген [1].
Инновациялық технологияларды ЖОО арнайы курстарда жүзеге асырудың тиімділігін
айтуда алдымен оның мағынасын талдап алған дұрыс шығар. Зерттеулерге сүйенсек,
«Инновация» ұғымы ең алғаш рет ХIХ ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеулерінде
271
қолданылды. Инновация (латын тіл.-«жаңа, жаңалық, жаңарту») бұрын болған нəрсенің
ішінде жаңа нəрсенің пайда болуын, дамуын білдіреді. Қазақстанда ең алғаш «инновация»
ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол: «Инновация,
инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау,
меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деп көрсетеді. Ал,
К.Құдайбергенова «инновацияны» – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нəтиже деп
есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» – енген
жаңалық, «новое» – жаңа, «новшество» – жаңалық, «инновационный процесс» – жаңарту
үдерісі [2]. Н.М.Аблязимова өз зерттеуінде, инновация -бұл белгілі бір уақыт аралығында
жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп атаған. Осыны негізге ала отырып, инновацияны
- «жаңалық», «жаңа əдіс», «өзгеріс», ал инновациялық үдерісті - «жаңа əдістеме енгізу
құралы» деп анықтама берген. С.Ожеговтың сөздігінде инновация ұғымына мынадай
анықтама берілген: «Инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес, енгізілген жаңалық».
Э.Роджерстің пікірінше: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Майлс «Инновация –арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан міндеттеріміздің жүйелі түрде жүзеге
асырылуын күтеміз» деген анықтамалар берген [3]. Сонымен қатар, ғылыми əдебиеттерде
«технология» ұғымына мынадай анықтама кездеседі: «Технология – бұл қоғамдағы
практикалық прогрестердің техникамен реттеліп отыратын жəне материалдық дүниенің
заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара əрекеттесуінен
туындайтын үдеріс».
Бізге қатысты білім беру саласында кейінгі кездерде жаңа үдеріс – педагогикалық
инновация жəне педагогикалық технология ұғымдары орын алды. Ол жайында
Республикамыздың белгілі ғалымы К.Ж.Бұзаубақова: «Педагогикалық технология – жеке
тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің
барлық дара, инструменталдық жəне əдістемелік құралдарын қолдану реті мен
жиынтығының жүйесі, жобасы»-деген анықтама берсе [4], Н.Д.Хмель педагогикалық
технология бұл жеке адамның, сондай-ақ бүкіл ұжымның даму динамикасын көруге, оның
нəтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге болатын жəне педагог пен оқушының жеке тұлғасының
өздігінен дамуына толық мүмкіндік жасайтын теориялық білімнің тұтас, педагогикалық
процестің практикасында жүзеге асудағы реттелген іс əрекеттің жиынтығына жатқызды [5].
Н.Р.Юсуфбекова білім беру жүйесіндегі жаңартуды «инновациялық үдеріс» деп көрсетеді [6].
Ол инновациялық үдерісті жаңалықтарды жасау, оны педагог қауымның оқыту мен тəрбие
беру тəжірибесінде пайдалануы ретінде түсіндірсе, В.М.Монахов: «Педагогикалық
технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар
жасай отырып, оқыту үдерісін жобалаудың, ұйымдастырудың жəне өткізудің соңына дейін
ойластырылған, əрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» деп
атаған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен
оқытудың жаңа технологиясы мəселелерін теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт
тұрғысынан Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Бұзаубақова, Қ.А.Сарбасова, М.М.Жанпейісова жəне т.б.
педагог ғалымдардың еңбектерінде деңгейлеп оқыту, жүйелік негізде оқыту,
шоғырландырып-қарқынды оқыту, блоктық-модульдік оқыту сияқты инновациялық оқыту
технологияларын пайдалану мəселелері қаралған. Осыған дейін де жаңашыл педагогтардың
озық дидактикалық идеяларында оқу үдерісінің əдістері мен түрлерін жетілдіру көрініс
табады. Мысалы, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы,
С.Н.Лысенкованың оза оқыту идеясы, П.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың
дамыта оқыту идеясы, Л.С.Выготскийдің «жақын даму аймағы» жəне т.б.
Қоғам талабына сəйкес қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын
жоғары оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру жүзеге асырылып отыр.
Осыған сəйкес Тараз мемелекеттік педагогикалық институтының жанынан «ІТ жəне
оқытудың инновациялық технологиялары» орталығы (ІТжОИТО) құрылып, қызметін
272
атқаруда. Орталық «Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің біліктілігін
көтеру курстарынан өтуін қамтамасыз етуді» жүзеге асыру мақсаты көзделген. Институтта
ПОҚ IT-құзіреттілігін көтеру, институттың материалдық-техникалық ресурстарын
(компьютерлік сыныптар, Интернет, интерактивті тақта, электрондық кітапхана, арнайы
компьютерлік бағдарламалар) пайдалану тиімділігін арттыру міндетінде ІТжОИТО келесідей
семинар-тренингтер:
1. Интерактивті тақта – жаңа типті оқыту ортасы.
2. Бейнетехнология. Бейне сабақтар құрастыру əдістемесі мен технологиясы.
3. Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері
деген
тақырыптарда
ұйымдастырылып
жүргізілуде.
Нəтижесінде,
инновациялық
технологияларды қолдану оқу үдерісін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге,
оны тиімді басқаруға негіз болып, əрбір білімгердің өзіндік іздену жолын табуға, əрбір
оқытушының өзінің əдістемелік жүйесін құруға септігін тигіп отыр.
Мұнда айтқым келіп отырғаны, ІТжОИТО біліктілігімді көтеріп, оқу жүктемесіндегі
арнайы курстарымда инновациялық технологияларды пайдаланудің тиімділігі (Сурет 1).
Сурет 1. ЖОО инновациялық технологияларды пайдалану тиімділі
Болашақ педагог мамандарды даярлауда оқу жұмыс бағдарламасында көрсетілген
арнайы курстар бойынша лекциялық жəне семинарлық сабақтар мен аудиториядан тыс СӨЖ
ұйымдастыруда инновациялық технологияларды іске асыруда білімгерлердің курсқа
қызығушылықтары белсенді арттырып, ал өзімнің біліктілігімді педагогикалық жаңашыл
шығармашылықта жетілдіруге негіз болды.
Инновациялық технологияларды оқу құралдарына айналдыру оқылатын курстың
өзіндік мақсат-міндеттерінің орындалуы келесідей тиімділікпен жүзеге асатындығы болып
отыр:
-
оқытатын материалды терең жəне нақты ашылады;
-
тығыз академиялық сағатты тиімді əрі нəтижелі пайдаланылады;
-
оқу үрдісін жүзеге асыратын сыртқы жəне ішкі қайтымды байланыс орнайды;
-
мəліметті жоғарғы дəрежеде ақпараттандыру жəне белсенді қабылдау;
-
білімдік жəне танымдық белсенділікті арттыру;
-
өзін-өзі тануға тəрбиелену: нақтылық жəне ұқыптылық;
-
көріп қабылдауы арқылы кəсіби білімі шыңдалады;
-
интеллектуалды дамуы мен логикалық ойлау қабілеті жетіледі;
-
білімгер мен оқытушының бірлескен белсенділігі;
О у ж мыс ба дарламасында о ытылатын арнайы (міндетті, элективті п н) курс
Инновациялы технологиялар
Аудиториялы :
лекциялы ж не
Аудиториядан тыс:
С Ж ж не С ЖО
Интерактивті дістер белсенді
орындалады
Арнайы курс бойынша болаша педагог мамандарды білім, білік
ж не да дылары белсенді рі на ты алыптаса ан білімгер
273
-
аз уақыт ішінде қабылдау дəрежесінен жоғары мөлшерге бағыттылығы;
-
үздіксіз білім беру мен білім алудың тиімділігі жəне т.с.с.
Сайып келгенде, оқу мен тəрбиелеу үдерісінде инновациялық технологиялардың қай
түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігін шыңдай түсуімен ғана
жүзеге асады. Сондықтан, бəсекеге қабілетті болашақ педагог мамандарды даярлауда ПОҚ өз
құзіреттіліктері мен біліктіліктерін жетілдіріп, педагогикалық тəжірибе нəтижесінен
əдістемелік құралдары мен амал-тəсілдерін терең игеру мен іске асырын талап етеді.
Əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319
2. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі //Қазақстан мектебі. 2006. №6
3. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. -М., 2002.
4. Бұзаубақова К.Ж. Білім берудегі инновациялық. -Тараз, 2014.
5. Хмель Н.Д. Теория и технология реализаии целестного педагогического процесса. –М.
2002.
6.
Юсуфбекова Н.Р.
Педагогическая инноватика:возникноение и становление //Вестник
Московского городского педагогического университета. 2011. –№4(14) 2010. –с.8-17.
7. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. -Алматы, 2006.
8. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. -
Алматы, 2002.
9. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика
нововведений в системе образования. -Алматы, 2001.
Лебедева Ксения Сергеевна
магистр пед.наук,
ст. преподаватель кафедры психологии
ГУ имени Шакарима г. Семей
ТЕХНОЛОГИЯ КЕЙС-СТАДИ КАК ЭФФЕКТИВНОЕ СРЕДСТВО
ФОРМИРОВАНИЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ САМОСТОЯТЕЛЬНОСТИ
БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ
АННОТАЦИЯ
Мақалада өзекті мəселе технологиясын қолдану кейс-стади тиімді құрал ретінде
қалыптастыру білім беру дербестік болашақ педагогтар. Автор ұғымы "кейс-стади", сипаттамасы
келтіріледі компоненттерін технологиялар, сондай-ақ нəтижелерін сынақтан өткізу кейс ЖОО-да.
Негізінде теориялық материалды жəне деректер барысында алынған эксперименттік жұмыс
бөлінеді негізгі кезеңдері іске асыру технологиясы.
Түйінді сөздер: технология, кейс-стади, инновация, білім беру дербестік, педагог.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается актуальная проблема применения технологии кейс-стади в
качестве эффективного средства формирования образовательной самостоятельности будущих
педагогов. Автором раскрывается понятие «кейс-стади», приводится описание компонентов
технологии, а также результаты апробации кейса в ВУЗе. На основе теоретического материала и
данных, полученных в ходе экспериментальной работы, выделяются основные этапы реализации
технологии.
Ключевые слова: технология, кейс-стади, инновация, образовательная самостоятельность,
педагог.
Достарыңызбен бөлісу: |