Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет9/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Тест (сынау) әдісі – адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың құрылымдарын ашып көрсетуді мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмыс үшін ғана емес, сонымен қатар сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, педагог-психолог немесе психолог сынау әдісі арқылы оқушының бойындағы ерекше қасиеттерді анықтап, оның не косманавт немесе инженер, құрылысшы не дәрігер болуға икемділіктерін анықтайды. Жете тексерілмеген сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер кетуі мүмкін. Мұндай қателер көбіне кейбір балалардың бойындағы психологиялық үдерістер мен ерекшеліктердің кешігіп барып, оянатынына мән бермей, асығыс қорытынды жасауға байланысты.
Адамның жеке басына тән психологиялық қасиеттердің барлығы – оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отырады. Адамның жан-дүниесінің қыр-сырын білу, оның қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру,мұғалімдер мен тәрбиешілердің таным үдерістері мен психологиялық заңдылықтарды жете білуі шәкірттерге тәлім-тәрбие беру жұмысын жеңілдетеді.
Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру – психология ғылымының басты міндеті. Оқушының жан дүниесі басқа да адамдардың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты. Бұл ғылымның түрлі салаларын оқып білуге мақсаттарға жол ашады. Педагогикалық психология оқушының өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерді дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Педагогикалық психология пәні зерттейтін мәселелер.
2.Оқыту үрдісін зерттеудің маңызы қандай?
3.Педагогикалық психологияның құрылымы қандай?
4.Педагогикалық психологияның зерттеу әдістерін жіктеңіз.
5.Әдістердің тиімділігі қандай, мақсаты нені көздейді?


Практикалық сабақта тақырыпты өз бетінше ұғыну және талқылау үшін ситуациялық тапсырмалар:

1.Сіздің назарыңызға төмендегідей жағдай баяндалып отыр.


Ұлы мектептен өте қуанышты келді:

  • Неге сонша қуаныштысың? Бес алдың ба, әлде жолдасыңды бір апаттан құтқардың ба? – деп сұрады әкесі.

  • Жоқ. Аян ақымақ сорғыш кәмпитке маған мынаны берді! – деп, бала қалтасынан үлкен лупаны алып көрсетеді әкесіне.

  • Иә, солай ма! Досыңды алдағаның үшін қуанып тұр екенсің ғой. Ұлымның осындай қу екеніне және ұятының шамалылығына, мүмкін, маған да қуану керек шығар? Ұлы қысылады.

  • Иә мен оған айырбаста деп айтқаным жоқ, ол өзі айырбастағысы келді.

  • Сенің әзір қаскүнем емес екеніңді көріп тұрмын, - әкесі енді басқаша үнмен айтты, - дегенмен бәрібір жақсы болмаған екен.

Бірнеше күннен кейін әкесі тағы да лупа туралы есіне түсірді.

  • Мен Аянға маған лупа керек емес, кәмпитті мен саған тарту еттім, - дедім.

Бұл ұлы мен әкесінің арасында болған жағдай. Ата-ананың бұл бақылауы баланың мінез-құлқындағы жаңадан пайда болып келе жатқан жағымсыз қылыққа деркезінде тойтарыс беруге жәрдем етуді көрсететін сияқты. Сіз не ойлайсыз?



  1. Осы жағдайға байланысты педагогикалық психологияда белгілі психолог ғалымдардың ойларын, немесе даналық сөздер,мақал-мәтелдерден мысал айтыңыз.

  2. Мынадай түсініктерге анықтама беріңіз: тәрбие, тәрбиелеу, мінез-құлық, өзін-өзі анықтау, психолог қызметі.

  3. Мектепте педагог-психологтың жұмысының мәнін схема түрінде құрастырыңыз.



Әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет