Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Жақсылық тілеуші, оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы;  



Pdf көрінісі
бет111/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

 
Жақсылық тілеуші,
оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы; 

 
Рефлексия
– педагогтың өз іс-әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне 
неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу. 
Қарым-қатынас: 

 
Педагогикалық қарым-қатынас оқудағы өзара әрекет формасы, педагог пен оқушының
ынтымақтастығы; 

 
Педагогикалық қарым-қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік, 
интерактивтік және перцептивтік болуы; 

 
Педагогикалық қарым-қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің, яғни көркемдік, 
кинетикалық, символикалық тәсілдер-дің кең түрде көрінуі. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. А., 2005, 360-385 б. 
 
16 - СҰРАҚ. САБАҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ПЕДАГОГТЫҢ 
ПРОЕКТИВТІ – РЕФЛЕКСИВТІ ІСКЕРЛІКТЕРІНІҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ 
 
1. Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі
2. Сабақты талдау түрлері 
1. 
Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше 
орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың 
біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.


95 
Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі: дидактикалық, тәрбие-леуші, дамытушы, 
психологиялық, гигиеналық және сабақ техникасы. 
Жалпы талаптардың ішінен, бүгінгі сабаққа сәйкестендірілген, жоғары сапаға жауап беретін 
мына 
талаптарды
бөліп алуға болады: 

Ғылымның жаңа жетістіктерін, озық педагогикалық тәжірибені қолдану, оқу-тәрбие 
процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу. 

Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру. 

Бұрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеруде оқу-шылардың икем-
қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік 
ұғымдарға сілтеме жасау. 

Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту. 

Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру. 

Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану. 

Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру. 

Білімін, іскерлігін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау амалы мен іс-әрекетте 
тиімді қолдану. 

Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру. 

Әрбір сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алу. 

Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы. 
Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту, дамыту, тәрбиелеу функцияларын 
жүзеге асыруға бағытталған. Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар 
дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
сонымен қатар 
психологиялық, гигиеналық
және 
сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар
болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет