Педагогикалық сериясы 1997 жылдан бастап шығады вестник



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата30.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#35944
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Торайгыров университети (1)

Н. О. Мекебаев
1
, *А. Н. Рысдаулетова
2
1,2
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 
Қазақстан Республикасы, алматы қ.
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕ СLIL ӘДІСІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде тілдердің 
үштұғырлығы жобасы бойынша 2019 жылдан бастан жоғары 
сынып оқушыларын физика, химия, биология, информатика пәндерін 
ағылшын тілінде оқыту енгізілген еді. Жобаның мақсаты әлемдік 
еңбек нарығында болашақта оқушылар бәсекелестікке қабілетті, 
әлемдік біліммен алмаса алу мүмкіндігінің болуы, халықаралық ғылыми 
жобаларға қатыса алуы, заманауи технологиялар мен ақпараттардың 
көшіне ілесе алуы ағылшын тілін меңгере алуына байланысты болмақ
(ҚР БҒМ, 2015) [1].
 Бұл мақалада ағылшын тілінде математика пәнін жоғарыда 
аталған пәндердің қатарына қосып, 7 сынып оқушыларынан 
эксперименттік топ ашып, оның зерттеу нәтижелері көрсетілген. 
Зерттеу мақсаты сабақта оқушыларға пәндік мазмұнды 
игертіп қана қоймай, тілді үйретудегі әдістердің бірі – пәндік-тілдік 
интеграцияланған оқыту (CLIL) пайдалану. Бұл технологияның 
артықшылығы сыныптың оқу ортасын жақсартады,оқу уақытын 
азайтады және оқу тұжырымдамасын кеңейтіп, тереңдетеді. 
Алгебра пәнін CLIL әдісін пайдаланып, нәтижелі оқыту үшін 
қолданылған дидактикалық материалдарға нұсқаулықтар берілген. 
Көптілді білім берудегі өткізілген сабақтардың жүзеге асырылу 
жағдайы, кездескен қиындықтары мен артықшылықтары нақты 
мысалдармен талданады. 
Үш тілділікті дамыту мақсатында дүниежүзілік қарым-қатынас 
тілі ағылшын тілінде алгебра пәнін кіріктіріп оқытуда CLIL әдісін 
пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері зерттелді.
Кілтті сөздер: үштілділік, пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту 
(CLIL  Content and Language Integrated Learning),әдіс, алгебра пәні, 7 
сынып, эксперименттік топ.


195
Вестник Торайгыров университета, ISSN 2710-2661 
Серия Педагогическая № 4. 2021
кіріспе
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде тілдердің үштұғырлығы 
жобасы бойынша 2019 жылдан бастан жоғары сынып оқушыларын физика, 
химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту енгізілген 
еді. ал қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география қазақ тілінде, 
орыс тілі мен әдебиеті, дүние жүзі тарихы орыс тілігде оқытылады (ҚР бғМ, 
2015) [1]. елімізде осы жобаны жүзеге асыру мақсатында тілдерді үйренуді 
нәтижелі болуы үшін CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісін 
кеңінен қолдануда. пәнді және тілді кіріктіріп оқыту саласындағы ең 
маңызды жетістіктерінің бірі CLIL әдісі – оқытудың еуропалық стандарты. 
оны еуропалық комиссия 2004–2006 жылдары өз елінде көптілді білімді 
дамыту аясында ұсынған болатын. CLIL әдісі бойынша оқыту шеберлігі 
белгілі бір тілде сөйлеу немесе тыңдаудан басқа көп нәрсені қажет етеді 
(Mehisto, 2008:110) [2].
CLIL әдісінің артықшылығы сыныптың оқу ортасын жақсартады, 
оқу уақытын азайтады және оқу тұжырымдамасын кеңейтіп, тереңдетеді. 
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бұл әдісті орынды пайдалану жақсы 
нәтижелер беретінін көрсеткен. себебі, тілді оқыту және пәннің мазмұнын 
оқыту өзара терең байланыста болатыны анық. оқушының ойлау қабілетін 
және оқу қабілетін қатар жақсартады. демек, осы зерттеу жұмысымыздағы 
экспериметтік тобындағы әрбір оқушы біріншіден «алгебра» пәндік саласына 
тән академиялық тілді, оған тән грамматикалық және терминологиялық 
заңдылықтарды меңгереді, ал екіншіден ағылшын тілін тиісті мәнмәтінде 
күнделікті өмірде байланыс құралы ретінде пайдалана алады (Ұба, 2015:12) [3].
Үштілділікті дамыту мәселесі аясында дүниежүзілік қарым-қатынас тілі 
ретінде ағылшын тілін алгебра пәнімен кіріктіріп оқытуда әдісін қолданудың 
тиімді әдіс тәсілдерін зерттеу осы зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет