200
Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661
Педагогикалық сериясы № 4.
2021
– Қолын көтерген оқушылардан кездейсоқ оқушыны таңдау практикасын
болдырмау;
– оқушыларға талқылауды қолдау мақсатында берілетін материалдың
көшірмесін беру;
– жаңа тақырыпты түсінгендігін «кім түсінбеді?» деп сұрағаннан гөрі
«сізге қосымша мысалдар керек пе?» деген сұрақ қою арқылы тексеру;
– жаңа тақырып бойынша ауызша сөйлеу қажетті лексиканы ұсынғанда
оқушыларды топта жұмыс жасату қажет;
– талқылау кезінде қиын сөздерді тақтаға жазу;
– «Қарым- қатынас бойынша серіктестер» жүйесін енгізу, яғни
топта әр күн сайын сұраққа жауапты талқылау үшін отыз 30 сек – 2 мин
аралығында жаңа серіктестер барлық сынып оқушыларының алдында
сөйлеуді ұйымдастыру;
– оқуышылар тапсырманы орындамас бұрын алдымен презентациядағы
бейнематериалдарды қарай отырып, тапсырманы орындаудың табысты
критерийлерін анықтау үшін бірлескен талдау жүргізу (ж. ш. Куралбаева,
2017:98) [7];
CLIL әдісінің сабақтарда төмендегі түрлерін қолдандық: презентациялар
арқылы бір оқушы мұғалім талқылаған тақырыпқа байланысты жанама
тақырыппен таныстыру үшін тақтаға шығады, графика, мультимедиялық
материалдарды қолдану арқылы жазбалар жасай алатындай кілттік сөздерді
жазады; «бәрінен де көп және жылдам» әдісін пайдаланып мұғалім уақыт
критерийіне сүйеніп, жұппен есептерді орындауға тапсырма береді; «диалог»
әдісі арқылы оқушы мәтін есептің шартын оқып, алгоритмін дайын сөз
тіркестері арқылы құрады; «Іnterview for 5 minutes» әдісі арқылы оқушылар
сабақтың қортындысын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: