Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – көшбасшылық қабілетті дамытудың негізі


ШЖМ – тің қызметін ұйымдастыруда ескерілетін қағидалар



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі84,54 Kb.
#52010
1   2   3   4

ШЖМ – тің қызметін ұйымдастыруда ескерілетін қағидалар:

  • - біріктірілген сыныптарда бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқытуды ұйымдастыру;
  • - біріктірілген сыныптардағы сабақтың дидактикалық кезеңдерін тиімді үйлестіретін икемді сабақ кестесін құру;
  • - бастауыш және жоғары сынып оқушыларымен өздігінен жұмыстарды өткізуге мүмкіндік беретіндей сабақ жоспарларын ұйымдастыру;
  • - оқу үдерісін әрбір оқушы тұлғасына психодиагностикалық сараптау, оның даму динамикасына байқау жасау, соның негізінде тиісті түзетулер енгізу арқылы ұйымдастыру;
  • - әрбір білім алушы үшін оқытудың өзіндік траекториясын белгілеп, даралап және саралап оқытуға жағдай жасау;
  • - білім беру процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін,
  • - вариативтілігін жүзеге асыру;
  • - әрбір оқушының өзін-өзі көрсете білу, өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
  • - білім берудің дамытушылық, шығармашылық және инновациялық сипаты;
  • - шағын жинақты мектептің мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескере отырып, мектептегі тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын басты назарға алу;
  • - шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және т.б
  • Мектептің бастауыш білім деңгейінде оқушыларды сыныптық құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: сыныптарды біріктірудің аралас түрі: 2+3, 3+4; әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіру: 2+4, 1+3.
  • Бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге сабақ оқығандықтан төменгі сынып оқушыларының жоғары сынып оқушыларының жақсы істеріне кіші сынып оқушыларын еліктетіп, жағымды ахуал қалыптастыра, үлгі өнеге алуларына ықпал етіп, жақсы оқитын жоғарғы сынып оқушысына үлгерімі төмен төменгі сынып оқушысын қамқорлығына алу мүмкіндігі де бар.
  • Әрбір баланың тәрбиелік деңгейлерін анықтап, олардың қабілет дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндігі мол. Біріктірілген сыныптарда сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы бірге өтеді және уақыт та үнемделеді.
  • 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
  • Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет