Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет138/175
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108755
түріСеминар
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

7. Дедукция таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым процесінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту. Ғылыми танымның бір тәсілі ретінде, индукциямен тығыз байланысты, олар диалектикалық өзара байланысты ой қозғалысының тәсілдері. Аналогия шынайы білім бермейді: егер аналогия бойынша ой қорытындылары шынайы болса, қорытынды да шынайы болады деген сөз емес. Аналогия бойынша тұжырымдардың мүмкін боларлығын арттыру үшін, төмендегілерге ұмтылу қажет:
А) салыстырылатын объектілердің сыртқы емес, ішкі қасиеттеріне;
Б) бұл объектілер маңызды және мәнді белгілері бойынша ұқсас болады;
В) сәйкес келетін белгілердің шеңберінің кең болуы;
Г) ұқсастық ғана емес, айырмашылықтар да ескеріледі.
8. Модельдеу. Аналогия бойынша ой қорытындылары кеңірек түсіндіріледі, бұл бір объекті туралы ақпаратты ауыстыру модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды – объектілерді модель бойынша зерттеу әдістері.
Модель (латын тілінен аударғанда – шама, үлгі, норма) – логикада және ғылым әдіснамасында – шынайылықтың белгілі фрагментінің аналогы, адамзат мәдениетінің ой пікірі, және т.б. – модельдің түпнұсқасы. Ол түпнұсқа туралы ақпаратты сақтау және кеңейту үшін қызмет етеді. Модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық болуы керек: дене сипаттамасы, функциялар; зерттелетін объектінің және оның математикалық сипаттамасының қалпы; құрылымы және т.б. Осы ұқсастық модельді түпнұсқаға ауыстыруды зерттеу нәтижесінде ақпаратты ауыстыруға мүмкндік береді.
Модельдеудің формалары әртүрлі және қолданылған модельдер мен модельдеу ауқымын қолдануға байланысты болады. Материалды модельдер жаратылыстану заңдарына бағынатын табиғи объектілер болып табылады. Нақты объектіні физикалық модельдеу кезінде, оны зерттеу бірқатар модельді зерттеумен ауыстырылады. Идеалды модельдеуде модельдер сызба, график, чертеж, формула, көбейту жүйесі, табиғи және жасанды тілдің ұсыныстары және т.б. ретінде болады. Қазіргі кезде математикалық (компьютерлік) модельдеу кең тараған.
Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесс саласындағы ғылыми зерттеудің мәні мынадай жалпы проблемелер болып табылады:
1.Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті ұйымдастырудың қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдарының талаптарына сәйкестік дәрежесі. Оқыту мен тәрбие мазмұнының, нысандары мен әдістерінің өндіргіш күштерді дамыту талаптарына, қоғамдық қатынастар практикасының сұраныстарына сәйкестігін дер кезінде белгілеудің айрықша маңызы бар.
2. Педагогикалық қызмет мен педагогикалық процесс дегеніміз- өте күрделі қоғамдық құбылыс, ол тек тәрбие заңдарына негізделіп қана қоймайды. Олар заңдылықтарға және физиология, психология, философия сияқты аралас ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Мұның өзі педагогикалық процестер мен ахуалға кешенді әдістемелерді арнайы оқып үйренуді талап ететін өзіндік сипат береді. Мысалы, педагогтың жеке тәсілді жүзеге асыруы, ұжымдық және топтық қатынастарды ұйымдастыру, балалар білімдерінің, олардың мүдделері мен ұмтылыстарының жан-күйін диагностикалау, педагогтың өзара іс-қимылдың нақты психологиялық-педагогикалық жағдайларын есепке алып отыруы- осының бәрі шектес ғылымдарға сүйенуді қажет етеді.
3. Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестің тиімділігі қашанда педагогтар мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру, оны қалыпты жағдайға келтіру жөнінде ұсынымдар беруге тиіс.
4. Педагогика тәрбие процесі мен ондағы педагогикалық ахуалдың тиімді өтуінің субъективтік-объективтік жағдайларын зерттейді. Ол бала өмірін ұйымдастырудың барлық нысандарын тиімді пайдаланудың, әр түрлі қызмет түрлерін ұйымдастырудың педагогикалық әдістерін белсенді қолданудың бастапқы ұсынымдарын береді.
5. Педагогикалық ғылым диагностикамен де айналысады. Ол педагогикалық тұрғыдан әсер етудің, барлық процестің нәтижелерін зерделейді. Оның міндеті мұғалімдердің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түзеу мақсатында оларға кері ақпаратты алу, өңдеу және беруге көмектесу болып табылады.
6. Тәрбиенің нақты қоғамдық жағдайлары мен міндеттерін ескере отырып, педагогика ғылыми балалар мен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жүйелерін жасайды, кең көлемді педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады.
7. Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні озат педагогикалық тәжірибені, оны тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады.
Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс практикасында педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз (21).
Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми проблемаларды табуға мүмкіндік береді, педагогикалық процестің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды..
Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:

  1. педагогтың ғылыми ұсынымдарды біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

2) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с. өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озат тәжірибенің өлшемдері:

  1. жаңашылдық;

  2. жоғары нәтижелік;

  3. ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;

  4. тұрақтылық;

  5. тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;

  6. тәжірибенің оңтайлығы.

Зерттеу әдістері эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді:
В.И. Загвязинский зерттеудің эмпирикалық әдістерін екі топқа бөледі:
а) жұмыс, жеке әдістер (әдебиетті, құжаттарды және іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; бақылау; сұрау салу (ауызша және жазбаша); сараптамалық бағалау әдісі; тестілеу);
б) кешенді, жалпы әдістер (зерттеу; мониторинг; педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту; эксперимент).
Е.М.Муравьев пен А.Е. Богоявленская педагогикалық зерттеу әдістерінің мынадай схемаларын ұсынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет