Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері



бет27/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

2.2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері.

1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.


2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.
3. Тұтас педагогикалық процесс теориясы
Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық процесс теориялары.
Ғылыми теория - білімдердің жүйесі бола отырып, айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару, тұтас педагогикалық процесс, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тұлғалық-бағдарлық теория адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.
Тұлғалық-бағдарлы теория педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субьект, оның нәтижесі мен негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала жайында терең білімді, оның өз басына тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайтыны жайлы көзқарастар жүйесі. Сондықтан да ұстаз осы бағыттағы қандай да болмасын өзінің әрекетінде тұлғаның дара екрешелігін тануды мақсат етеді.
Іс-әрекеттік теория - тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді.
Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады.
Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарға негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қамтиды. Сондықтан да тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып-білуі, одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Түйіндей келе, құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайын, екіншіден, шығармашылыққа қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады.
Мектепті басқару теориясы. Мектепті басқару жұмыстары мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, оларды оқытып-тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспарланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; басқарылатын обьектілер мен процестерді моделдеу; құбылыстардың сандық өлшемдерін қолдану.
Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогикалық процесте ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару.
Басқару теориясының нәтижесі – мектепті тиімді басқарудың жаңа заңдарының пайда болуы, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдармен жетілдіру, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Педагогикалық процесті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйымдастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару обьектісінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді талап етеді.
Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты-құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық тұрғыдан жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Жеке тұлғаның қалыптасуы біртұтастықта іске асады. Сондықтан мұғалім дайындығына кешеді тәсіл қажет, мұғалімде педагогикалық процесс туралы біртұтастық туралы түсінік болуы керек. Біртұтастықты түсіну үшін оның кішкентай құрамды бөлігін білу де маңызды. Жүйелі көзқарас тұрғысынан “қарапайым бірлік” моделін жасауға болады. Қарапайым бірлік арқылы қайшылыққа толы біртұтастықты елестете отырып, нақтылы обектіні зерттеуге қажетті белгілі бір жағдайды білуді талап етеді. Абстракциядан нақтылыққа көтерілу, яғни теориялық ойдың нәрсені бейнелеуде бірті-бірте толық, жан-жақтылыққа және біртұтастыққа қозғалысы, ғылыми әдістің бірқатар анықтамаларын логикаға келтіруге мүмкіншілік береді.
Абстрактылықтан нақтылыққа көтерілуді былай сипаттауға болады: таным барысында нақтылы нәрсеге тән әртұрлі заңдылықтар ашылады және ол, сол нақтылы нәрсенің белгілі бір даму сатыларынан табылып, бірізді қалыптасып, категория ретінде көрінеді, оның өзінде даму үстіндегі бірте –бірте жетілген және дамыған формалары мен қатынастары бейнеленеді.
Сондықтан талдаудың мақсаты - абстракцияны көрсету арқылы, оның маңызды қырларын анықтап, біртұтастықты қайтадан жасауға болады. Демек “негізгі абстракция” бірқатар талаптарға сай болуы тиіс: ол нәрсенің мәні мен себебін көрсетуі керек; ол шектеулі болуы тиіс, сондай абстракция ғана құбылыстың басқа қырлары мен қасиеттерін жанастырады.
Тұлға – қарым- қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні.
Тұлғаның дамуы – ішкі жєне сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үрдісі.
Тұлғаның қалыптасуы- тұқымқуалаушылықты әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үрдісі.
Тұлғаны социализациялау- тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар,қағидаларды білуі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжірибені білдіруі.
Тұлғаның даму факторлары- тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие.
Тұлғаның дамуының негізгі күштері: Ішкі қарама – қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасында)
Сыртқы қарама – қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғамныњ талаптары арасында)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет