Кредит(Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.
Кредиттікоқытутехнологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу
жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту.
Қорытынды бақылау– емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі.
Қашықтықтан білім беру технологиясы– білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама ӛзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Магистр– жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже.
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
Межелікбақылау– бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда
білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жӛнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жӛнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жӛнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет кӛрсетулер кӛлемі.
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау
тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде ӛзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында
психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т.б.) және олардың кӛмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік- жігерін дамытады.