Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-тарау. БПП өткізу тәртібі



бет3/46
Дата26.12.2023
өлшемі422,43 Kb.
#143936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Жалпы ережелер

3-тарау. БПП өткізу тәртібі

53. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізудің операторы болып табылады. ПББ электрондық форматта өткізіледі.


54.Педагог дипломда көрсетілген мамандыққа немесе негізгі лауазым бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға ПББ өтуге өтініш береді.
55. ПББ өту үшін өтініштерді қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады.
56. ПББ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мерзімдерге сәйкес жыл бойы өткізіледі:
педагогтер үшін:
күнтізбелікжыл ішінде 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет - ақылы негізде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер, күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде.
57. ПББ үшін тапсырмаларды әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады.
Білім берудің уәкілетті органы айқындаған ұйымның ақпараттық ресурсында ашық қолжетімділікте ПББ тестспецификациялары және ПББ-ға даярлау үшін ұсынылатын әдебиеттердің тізімі орналастырылады.
58. ПББ үшінтапсырмалардың мазмұны білім деңгейлеріне және педагогтердің лауазымдарына сәйкес айқындалған, ПББ өту балдарын бөлу – осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес.
59. ПББ нәтижесі шекті деңгейді алған кезде оң деп саналады:

  1. педагогтер үшін:

«педагог-модератор» – 60 %;
«педагог-сарапшы»–70 %;

  1. білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), бөлім басшылары (меңгерушілері), әдістемелік кабинеттер (орталықтар)әдіскерлері – 70 %.

60. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда ПББ орындау ұзақтығы:
«Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін - 250 (екі жүз елу) минут;
«Мектепке дейінгі білім беру» , «Қосымша білім беру» деңгейлері (бағыттары) үшін – 150 (жүз елу) минут;
басқа пәндер, деңгейлер (бағыттар) үшін –150 (жүз елу) минут.
61. ПББ рәсімі осы Қағидалардың 7-қосымшасындаұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
62.ПББ өткізу кезінде ереже бұзушылық анықталған жағдайда осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ережелерді бұзу актісі жасалады, педагог аудиториядан шығарылады.
Рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде ережелерді бұзу фактісі анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ережелерді бұзу актісі жасалады және нәтижелері жойылады.
63. ПББ жүргізу ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда педагог, білім беру ұйымының басшысы бір жыл мерзімге біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өтуге жіберілмейді. ПББ жүргізу ережелерін бұзу фактілері қайта анықталған жағдайда педагог біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өтуге – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері – үш жылғажіберілмейді.
Педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына, басшы – «білім беру ұйымының басшысы», бөлім басшысы (меңгерушісі), әдіскер –«әдіскер» санатына дейін төмендетіледі.
64. ПББ аяқталғаннан кейін оның нәтижесі компьютер экранында көрсетіледі.
65. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш береді. Педагог ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға өтініштер қабылданбайды.
Апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) болса, қайта қарауға жатпайды.
66. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.
67. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссияның шешімі соңғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
68. Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
69. Апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

  1. тапсырмалардың мазмұны бойынша:

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеушілік;
дұрыс жауап жоқ;
бірнеше дұрыс жауаптың болуы;
дұрыс емес тапсырма;

  1. техникалық себептер бойынша тапсырмаларда фрагмент немесе мәтін болмаған жағдайда.

70. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен ұйымда бір жыл сақталады.
71. Осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.
72. Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық деректер базасын 5 (бес) жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
73. Уәкілетті орган айқындаған ұйым білім беру органдарына, білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелеріменэлектрондық сертификаттарды тексеру үшін қолжетімділік береді.
74. ПББ нәтижесі бір жылға жарамды деп есептеледі.
75. Аттестаттау кезеңінде біліктілік санатын беруге (растауға) педагогті, білім беру ұйымы басшысының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының, бөлім басшысының (меңгерушісінің), әдіскердің кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санатқа балл саны жеткіліксіз болған жағдайда, Комиссия ПББ нәтижелерінен жоғары емес біліктілік санатын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет