Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі



бет2/46
Дата26.12.2023
өлшемі422,43 Kb.
#143936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
2-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі

  1. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіби стандартқа сай біліктілік санатынан өту мерзімдері мен реттілік қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Біліктілік санатына сәйкес келетін педагог тиімділігінің жыл сайынғы көрсеткіштері Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) тіркеледі.

  1. ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді (қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдамалық орындау)

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен Арнайы пәндер бойынша оқытушылары;

2) педагогтер:
бұрын берілген біліктілік санатын растау;
«педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын беру;
педагогикалық өтілі 30 (отыз) және одан да көп жыл.
3) білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері:
бұрын берілген біліктілік санатын растау;
«жетекші-көшбасшы», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санатын беру.

  1. Педагог аттестаттау кезеңінде біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттауға өтінішті уақтылы бермесе, бұрын берілген біліктілік санаты жарамсыз деп танылады. Білім беру ұйымының комиссиясы педагогке «педагог» біліктілік санатын береді.

Келесі аттестаттау кезеңінде педагог кезекті аттестаттауға дейін қолданылатын біліктілік санатын алуға өтініш беруге құқылы.

  1. Білім беру ұйымы жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде алдағы аттестаттау кезеңіне біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.

  2. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды.

Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).

  1. «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде педагогкеПББнәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес біліктілік санаты беріледі.

  2. Комиссияның шешімі осы Қағидалардың1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өткен педагогтердің тізімі мемлекеттік органның немесе аттестаттауды өткізетін білім беру ұйымының ақпараттық ресурсында жарияланады, платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) орналастырылады.

Комиссия шешімі үш жұмыс күні ішінде аттестатталушы педагогтің электрондық поштасына жіберіледі немесе осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзіндіні Платформада(ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жеке кабинетінде орналастырады.

  1. Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірақ 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала күтімі бойынша демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды)асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан адамдарға беріледі.
Егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, педагог Қазақстан Республикасының шегінде басқа білім беру ұйымына ауысса, педагогтің өтініші негізінде аттестаттаушы органның комиссиясы санаттың қолданылу мерзімін 1 (бір) жылға ұзартады.

  1. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін аттестаттаушы органның Комиссияларына келесі құжаттарды ұсынады, Платформаға жүктейді:

  1. біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);

2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.

  1. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

  2. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

  3. Жасы бойынша зейнетақыға дейін 5 (бес) жастан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.

Біліктілік санаты педагогтің өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлік жасы «Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші педагогтің зейнеткерлік жасына жеткенге дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын педагогтер осы Қағидаларға сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.

  1. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

«Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін педагог осы Қағидаларға сай қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне сәйкес өтініш негізінде біліктілік санатын алу үшін аттестаттау рәсімінен өтуге құқылы:
«екінші санат» біліктілік санаты бар педагог «педагог-модератор» біліктілік санатына;
«бірінші санат» біліктілік санаты бар педагог – «педагог-сарапшы» біліктілік санатына;
«жоғары санат» біліктілік санаты бар педагог – «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатына.
«Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» әдіскер лауазымында біліктілік санаты бар бөлімдердің басшыларына (меңгерушілеріне) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлеріне «үшінші біліктілік санатының әдіскері»; «педагог-зерттеуші» - «екінші біліктілік санатының әдіскері»; «педагог-шебер» - «бірінші біліктілік санатындағы әдіскері»біліктілік санаты беріледі.

  1. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша басқа ұйымға ауысқан кезде педагогтің (басшының, басшы орынбасарының, әдіскердің) қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін біліктілік санаты сақталады.

  2. Педагогке біліктілік санатын беру - білімі туралы дипломда немесе қайта даярлау туралы құжатында көрсетілген мамандығына (біліктілігіне) сәйкес атқаратын лауазымы бойынша сәйкес біліктілік беріліп жүзеге асырылады.

  3. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту жағдайында біліктілік санатын беру негізгі лауазымы бойынша жүргізіледі.

Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білім туралы дипломда бір мамандық (пән) ретінде көрсетілген барлық оқытылатын пәндерге қолданылады.

  1. Дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту кезінде шағын жинақталған мектеп педагогтері үшін кезекті біліктілік санатын беру пәндер бойынша тиісті біліктілік беріле отырып, қайта даярлау туралы құжат болған кезде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

  2. Негізгі жұмыс орны бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі лауазымы бойынша қосымша білім беру педагогтері және педагог-ұйымдастырушылар ретінде берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық үйірмелерге (секцияларға, студияларға) қолданылады.

  3. Арнайы білім беру ұйымында сабақ беретін педагог кезекті біліктілік санатынан бейіні бойынша дипломға сәйкес өтеді.

  4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогі кезекті біліктілік санатынан оқытылатын бейінге сәйкес өтеді.

Арнайы пәндер бойынша оқытушыға берілген біліктілік санаты «өндірістік оқыту шебері» лауазымына қолданылады. Өндірістік оқыту шеберіне берілген біліктілік санаты «арнайы пәндер оқытушысы» лауазымына қолданылады.

  1. Әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бөлім басшысына (меңгерушісіне), әдіскеріне және білім беру ұйымдары кабинетінің меңгерушісіне және әдіскеріне атқаратын лауазымы бойынша біліктілік санаттары беріледі.

  2. Білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысу кезінде немесе педагог білім беру ұйымында басқа лауазымға тағайындалған кезде педагогтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады (егер оның біліктілік санаты атқаратын лауазымының біліктілік санатына сәйкес келсе).

Бөлім басшысы (меңгерушісі) немесе әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері лауазымына ауысқан кезде «педагог-модератор» немесе «педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар педагогке «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-зерттеуші» - «екінші біліктілік санатының әдіскері», «педагог-шебер» - «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты беріледі. Бөлімнің басшысы (меңгерушісі) немесе әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері лауазымына ауысқан кезде педагогке берілген біліктілік санаты 3 жылға жарамды.
Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын басқа ұйымға,басқа лауазымға ауысқан кезде, әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымында басқа лауазымға тағайындалған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының, басшы орынбасарының) әдіскердің қолда бар біліктілік санаты сақталады.
Педагог лауазымына ауысқан кезде бөлім басшысына (меңгерушісіне), «үшінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты бар әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскеріне «педагог-модератор», «екінші біліктілік санатының әдіскеріне» - «педагог-сарапшы», «бірінші біліктілік санатының әдіскеріне» - «педагог-зерттеуші»біліктілік санаты аттестаттау рәсімінен өтпей беріледі.
Берілген «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бұрын берілген «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «екінші біліктілік санатының әдіскері», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
«Бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты бар әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері өтініш негізінде осы Қағидаларға сай қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне сәйкес «педагог-шебер» біліктілік санатын алу үшін аттестаттау рәсімінен өтуге құқылы.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Педагог (оқытушы) лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты әдіскер лауазымына қолданылады. Әдіскер лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты педагог (оқытушы) лауазымына қолданылады.
Әдіскер (бөлім басшысы (меңгерушісі) лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты бөлім басшысы (меңгерушісі) (әдіскері) лауазымына ауысқан кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

  1. Педагогтерге педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында жүзеге асыру кезінде қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.

Әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бөлім басшысы, басшы орынбасары, әдіскері, басшысы (меңгерушісі) білім беру ұйымына ауысқанда немесе педагогикалық (оқытушылық) қызметті қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында жүзеге асырған кезде қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогі мектепке дейінгі ұйымдағы басқа педагогикалық немесе әдістемелік лауазымға ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін педагог қолданыстағы біліктілік санатты беруге (растауға) аттестаттау рәсімінен өтеді.

  2. «Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ беретін педагог «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.

  3. Педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты оқу жоспарының вариативтік компоненті курстарын оқытуға қолданылады.

  4. Арнаулы білім беру ұйымдарында немесе арнаулы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс істемеген кезде біліктілік санатын беру тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

  5. Инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымында сабақ беретін педагог дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес біліктілік санатын беру рәсімінен өтеді, Платформада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жөніндегі материалдарын көрсетеді.

2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі(Платформа жұмыс істей бастағанға дейін)



  1. Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң жол беріледі. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен кемінде соңғы екі жыл ішінде тиісті қызмет нәтижелері болған кезде береді.

  2. Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру үшін:

  1. «педагог-модератор» - педагог кемінде екі талапқа сәйкес болуы тиіс:

пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, С1 деңгейінен (CEFR) төмен емес ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;

  1. «педагог-сарапшы» - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін)педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.

  1. «педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті органбекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңестеоблыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.

  1. «педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:

білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейдетәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағына ие болған адамдар.
44. Платформа жұмыс істей бастаған сәттен бастап тиісті деңгейдегі Комиссия,егер педагог қолданыстағы біліктілік санатынан жоғары қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жыл сайын (2 жыл бойы үздіксіз) орындаған жағдайда, біліктілік санатын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаты берілген жағдайда, педагог тиісінше «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін шекті деңгейдегі ПББ өткендігі туралы сертификатұсынады.
Педагог қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін (екі жыл бойы үздіксіз) орындамаған жағдайда Платформада жеке кабинетте қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес тиімділік көрсеткіштерін келесі бір жыл ішінде орындау қажеттігі туралы хабарлама орналастырылады. Бір жыл өткеннен кейін Комиссия қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санатын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
45. ПББ нәтижесі мәлімделген біліктілік санатынан төмен болған педагог ПББ нәтижелері сәйкес келетін санатқа қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
«Педагог-модератор» тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған педагог қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
46. Комиссия «өтініш білдірген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі



  1. Президенттік кадр резервіне кірген тұлғаларға жұмысқа орналасу кезінде Комиссия шешімімен аттестаттау рәсімінсіз «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.

  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және бейіні бойынша кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен педагогтергеПББ өтпей-ақ «педагог» біліктілік санаты беріледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа қабылданған педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімін өткізбей біліктілік санаты беріледі:
тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болған кезде – «педагог-модератор»;
тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болған кезде – «педагог-сарапшы».
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

  1. Аттестаттаушы органның комиссиясы өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат (CEFR) негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді: ағылшын тілі (С1), француз және неміс тілі (В2):

«педагог-модератор» - кемінде 1 (бір) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтеріне;
«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтері.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

  1. Аттестаттаушы органның комиссиясы тілді меңгеру деңгейінің халықаралық сертификаты және педагогикалық қайта даярлау туралы құжат болған кезде педагогикалық білімі жоқ тұлғаларға өтініш негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді:

«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл оқытушылық өтілі бар;
«педагог-зерттеуші» - кемінде 3 (үш) жыл оқытушылық өтілі бар.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)»қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған педагогтерге өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі:

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгей жоғары.
Басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде педагог арнаулы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

  1. Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және кадр резервіне кірген педагогтерге лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ«жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.

Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет